Посткеңестік Қазақстандағы түркі тілдер
  • Жоба жайлы
    • Жобаға қатысушылар
    • Байланыс
  • Түркі халықтары туралы
  • Басылым
  • Сауалнама толтыру
  • Нәтижелері
  • Галерея
  • Бұл қызықты
  • Орысша
  • Ағылшын

Шорлар

Қазақстандық шорларҚазақстандағы шор диаспорасы санының динамикасы:
1970 - 215
1979 – 381
1989 – 382
1999 – 212
2009 – 96
Шор тілі.  Қазақстанда тұратын шор диаспорасының  көне заманда кең тараған экзогендік тілі. Қазақстанда шорлықтар Павлодар, Көкшетау, Ақмола облыстарында тұрады. Шор этникалық тобының өкілдері өз ана тілдері шор тілін білмейді. Олар өз ана тілдерін Қазақстанға келмей тұрып-ақ жоғалтқан.
Фотография
Мария Салахова – Қазақстанда тұратын шор диаспорасының өкілі
 (https://www.youtube.com/watch?v=4PTaJYbQYOo ).

Қазақстан аумағында қазақстандық шорлар шашыраңқы өмір сүреді, сондықтан халықаралық жобаның аясында алынған сауалнамаға алты  респондент қана қатысты. Алты респонденттің жауабы бойынша сауалнаманың барлық сұрақтарына тұщымды жауап алу қиын, дегенмен күнделікті өмірде тілді қолдану және өз ана тілін (дәстүрлі) білу мәселесі бойынша жалпы мәлімет алуға болады.
6 респонденттің төлқұжаты бойынша 4-нің ұлты – шор, 2-ніңкі – қазақ деп жазылған. 6 респонденттің барлығының аналары – шор. Өзіндік таным бойынша 5 респондент өзін шор деп таниды. Күйеуінің ұлты 4 этнос арқылы анықталған: шор (1), қазақ (1), әзірбайжан (1), орыс (1), екі респонденттің мәліметі жоқ, себебі Қазақстанның ЖОО оқитын Таулы Шордан келген және некеге тұрмаған студенттер сауалнамаға қатысты. Респонденттердің туған жерлері Ресей (Таулы Шор), Қазақстан. Қазақстанда тұратын жерлері Павлодар, Ақмола, Көкшетау және Оңтүстік Қазақстан облысы (Түркістан қ.). Респонденттердің барлығы христиан дінін ұстанады. Мектепте,  техникумда (колледжде), институтта оқу тілі орыс тілі болып табылады.
Қазақстандық шорлардың арасында орыс тілі басымдыққа ие. Сондықтан жанұяда, жұмыста, қоғамдық орындарда орыс тілін қолданады. Респонденттер ата-аналарының сөйлесу тілі шор, беларус тілі болғанын көрсетті.
 «Сіздің этносқа қандай дәстүрлер тән?» деген сұраққа респонденттер қонақжайлық, су, тау иелеріне сену дәстүрлері мен Чыл Пазы, Мылтык Пайрам, Шор Пайрам мейрамдарын атады. Мейрамдардан респонденттер христиандық діни мейрамдарды Пасханы, сондай-ақ  «крещение, Рождествоны» көрсетті.
 «Халық шығармашылығының қандай үлгілерін білесіз?» деген сауалға  респонденттер ертегілерді, әндерді, сондай-ақ фольклор үлгілерінен: «Алыптыг Ныбак, Чоок, Каепчоок, Эрбек» білеміз деп жауап берді. Арбачакованың шығармашылығын біледі, бірақ шор тілінде оқи алмайды, тек орыс тілінде оқиды.
 

Шорлар. Жалпы мәлімет
Шорлардың ата-бабаларының түрлі топтары өздерін тұратын жерлеріне қарай черневой татарлар (черневой қалың орманда өмір сүруіне қарай), мрастар (Мрас өзеніне байланысты), кондомдар (Кондом өзеніне байланысты), жоғары томдар (Том өзеніне байланысты), сонымен қатар руына қарай, мысалы, абиндар, шорлар, каларлар, каргиндар. Шорлардың барлық топтарының өкілдері өздерін «тадар-кижи» деп атады. «Шорлар» этнонимі Том өзенінің жоғарғы сағасында өмір сүретін барлық түркітілдес руларда тек 1920-жылдары ғана қабылданды. Осыған дейін бұл атау Кондом өзенінің жоғарғы жағында өмір сүретін шор руларының бірінің атауы ретінде қолданған. 1865 жылы В.В.Радлов алғаш рет мрас және кондом бирюстері мен и абиндарды таулы-тайгалы рулардың бірінің атауы шор деп атауды ұсынды. [Радлов В., 1994]. 1926 ж. ұлттық Таулы-Шор ауданы құрылды [Тюркские народы Сибири, 2006:236].
 

Шор тілі
Тілдік жіктеу бойынша  шорлар түркі  тілдерінің шығыс ғұн тармағының ұйғыр-оғыз тобының  хакас бөлігіне  жатады.
Шор тілінде лингвистер екі диалектіні бөліп көрсетеді: мрас және кондом; олардың әрқайсының таралған говорлар жүйесі бар: кондом диалектісінің негізгі говорлары – абаш говоры қосылған төменгі мрас, мундыбаш (калар), антропов жоғары кондом, пызас; мрас диалектісінің негізгі говорлары – төменгі мрас, том, орта мрас, кобырзин, ортон говоры араласқан жоғары мрас; қазіргі кезде шор халқының мобильділігінің нәтижесінде говорлардың аралсуы мен диалектілік айырмашылықтарды нивелирлеу процесі жүріп жатыр [Чиспияков, 1979:86-92].
 

Шор тілінің әлеуметтік-лингвистикалық сипаты
Қазіргі кездегі тілдің заңды мәртебесі: Солтүстіктің саны аз тұрғылықты халықтарының бірі.
Жазуы және орфографиясы: алтай миссионерлері 19 ғасырда қалыптастырған, мәдени революция жылдарында шор тілінің әдеби түрі мен оны мектептерде оқыту қарқынды дамыды, сауатсыздық кезеңі (1942-1988), 20-ғасырдың 80-жылдарынан бастап шор жазуының қайта жаңғыруы, қазіргі кездегі шор жазуының орфографиясын Э.Ф.Чиспияков жасады.
Тілдің қоғамдық қызметтері: жанұядағы тілдесу, бір ұлтты ұжымда сөйлесу тілі, дәстүрлі шаруашылықпен айналысу кезінде, шағын жинақталған жерлерде, шор тілі қазіргі кезде шағын жинақталған жерлердегі мектептерде оқытылатын пәндердің бірі,  КМПА-да шор тілі мен әдебиетінің мұғалімдері дайындалуда, шор тілінде бірегей туындылар жариялануда, Ресей жазушылар Одағының шор бөлімі бар, жергілікті БАҚ-да апта сайын шор тілінде бет жарияланады. 
Тілдің зерттелу дәрежесі: шор фольклоры бойынша айтарлықтай материал жинақталған (Н.П.Дыренкованың архиві), көптеген фонологиялық және грамматикалық жүйелерге сипаттама берілген, қазіргі кездегі академиялық грамматика, академиялық шор-орыс тіліндегі сөздік жоқ.
2002 жылғы Ресейдегі халық санағының деректері бойынша  шорлардың барлық саны 13 975 адам, оның ішінде 6210 адам шор тілін білетінін көрсеткен (www.perepis2002.ru).
 
Шор фольклорының үлгілері
 «Кан Мерген» ертегісінің латын транскрипциясындағы түрі. Шор фольклоры / Құрастырған. Н.П.Дыренкова. М.-Л., 1940. 82 б.
(http://lingsib.iea.ras.ru/ru/languages/shor.shtml)

Фольклорлық текстің үлгісі
«Кара-Кан» шор эпикалық ертегісінің үзіндісі http://lingsib.iea.ras.ru/ru/languages/shor.shtml
Кемерово обласының Мыски қаласының тұрғыны ертегіші В.Е.Таннагашевтен Д.А.Функ 2002 ж. жазып алған. Қазіргі кездегі шор орфографиясы.
Амдыг(ы) тöлдиң алында полча. – Осы күнгі ұрпақ бұрын болған емес,
Пурун(гу) тöлдиң соонда полча. -  Бұрынғы ұрпақ кейіннен болды.
Чер пÿдерде. -  Жер пайда болған кезде,
Чер-суг кабыжарда полча. – Жер мен су арпалысқан кезде болды.
Калакпа чер пöлÿшкан темнер полтур - Жер араластырғышпен бөлінген кезде,
Камышпа суг пöлÿшчиткан темнер полтур.- Су қымыспен бөлінген кезде.
Кöгериш келип кöк öлең öс чаттыр, - Жасыл, жас жапырақтар шығып.
Алтын пÿрлÿ ак казынның паштарында – Ақ қайыңның басында алтын жапырақтармен,
Кырык кушка какыш чöрча - Қырық құс шықылықтап жатыр,
Кöк öлең паштарында. -  Жасыл шөптің үстінде
Кöк торчуктар кöглеп чиган полтур. – Жас бұлбұлдар сайрап.
Часкы тем полтур. – Көктем кезі болған екен.
 
Шорлардың материалдық мәдениеті
Дәстүрлі тұрғын үй  түрлері және  олардың атаулары
Шорлардың дәстүрлі үйлері каркасты «одах» болды, XIX ғ. ол кесілген бөренеден жасалған киіз  үйге айырбасталды. XX ғ. басына қарай шор ұлыстарында орыстардың  кесілген бөренеден жасалған төртбұрышты және бес қабырғалы үйлері басым болды, ал шор саудагерлері крестік  кесілген бөренеден жасалған үйлерде тұрды. Шаруашылық қосалқы құрылыстардан қамбалар, монша, шоландар пайда болды [Тюркские народы Сибири, 2006:273].
ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде шорлардың әр түрлі желілік топтарының үйлерінің бірнеше түрі белгілі болды: төбесі кесіліп тасталған пирамида сияқты жазғы каркас кепе үй одаг. Қысқы үйлердің төбесі қабықтармен жылыланды, оның үстіне сырғауылдар тасталды, беті топырақпен жыбылды. Одагтың үшінші түрі бөренеден жасалған жазық төбесімен ерекшеленді.  Оның төбесі қабықпен жабылды. Ондай кепе үйлер далалық жұмыстар кезінде тұрғызылды.  Одагтың төртінші түрі бөренелер тесіліп бір-біріне қиюластыру арқылы жасалды. Төбесі қабықпен жабылды.  Саз балшықтан жасалған ошақ тұратын шұңқыр барлық үйлердің ортасында түтіндіктің астында орналасты [Тюркские народы Сибири, 2006:273].
XIX ғ. аяғы мен XX ғ. басында кесілген бөренеден жасалған екі түрлі киіз  үй кең таралды, олар бір-бірінен төбесінің құрылысы және жоспарлануы бойынша ерекшеленді.  Кондомның жоғарғы жағы ол чайлыг  немесе яйлыг деп аталды. Оң жақ кіре берісте кебе саз балшықтан жасалған ошақ орналасты, оның негізгі тіреуіші ретінде қабырғаға қарама-қарсы қойылған биік емес кеспектер пайдаланылды. Кеспектердің арасында терең емес шұқырлар жасалды, ол жерде нан пісірілді және қазанды іліп қоюға ыңғайлы болды. Ошақтың үстінде кеспектерге сүйеніп шыбықтардан өрілген,  сырты саз балшықпен сыланған  суген құбыры орналасты.  Ошақтың саз балшықты табаны кулей оймазе — «күл шұңқыры» мұқият нығыздалды [Тюркские народы Сибири, 2006:275].
 
Дәстүрлі ыдыс-аяқ түрлері, олардың атаулары
Шорлардың ыдыс-аяқтары металдан, ағаштан, қабықтан, өте сирек теріден жасалды: темірден жасалған казан, арпаны қуыру үшін  коргуш ыдысы және тағы басқа. Астықты, арпадан жсасалған  ірі тартылған «талқанды», дәстүрлі сусындар, балды сақтау,  су тасу үшін қабықтан жасалған шағын тозектен сыйымдылығы 320 кг дейінгі ірі күспектер пайдаланылды. Қабықтан қораптар эпчек, үш қырлы сельницалар  саараг, қасықтар, кеселер, астаушалар - кардак жасалды. Елеуіш - элек жан-жағынан терімен қапталып, астыңғы жағынан кішкентай тесіктер жасалу арқылы жасалды. Сонымен қатар сиырдың желінінен жасалған аяғы бар қорап, қабықтан өріліп жасалған тұз салғыш, сүйектен жасалған шырпы салатын қорап  секілді өте сирек бұйымдар В.Вербицкийдің жазбаларында [қараңыз: Записки миссионера Кузнецкого отделения Алтайской духовной Миссии священника Василия Вербицкого за 1861 г.] кездеседі.
 
Киім-кешек, аяқ киім және бас киімдер
Шорлардың дәстүрлі киімдері үйде қолдан кендірден тоқылған кенеп шапандар және шалбарлар,  жағасы түрлі-түсті  кестелі жіппен  немесе каури қабыршақтарымен әшекейленген сиса көйлектер болды.
Дәстүрлі киімдерді әйелдер сатып алынатын қара түсті сатиннен, ашық көк бөз табы немесе кендірден жасалған кенеп матадан тікті. Ер адамдар табыдан тігілген ұзынша келген тік немесе қисық жағалы, жағасы түрлі-түсті матамен көмкерілген, түймеленетін  кунек киді. Шалбарлары да чанбар штан осындай матадан тігілді. Бау аттың қылынан жасалды немесе оны кендір жіппен ауыстырды.
Іш киімнің үстінен алды ашылатын кенептен тігілген шапан шабыр пантек киілді. Шапанның жағасы мен етегі нака тесьмасымен көмкерілді. Шапан солдан оңға қарай жоғары жақтан бір түймемен түймеленді және міндетті түрде кур арқылы белі буылды [Тюркские народы Сибири, 2006:283].
Қысқы киімдер - низ шорларында қой терісінен жасалған тон және қой жүнінен тоқылған қолғап. Мрас ну орманының шорлары шапан мен кенеп қалпақ пурук, ішінара тері құлақшын киді [Тюркские народы Сибири, 2006:283].
Аяқ киімдері теріден жасалған өкшесіз етік удук, кедейлердің аяқ киімі, әдетте, кендір қонышты тері жіппен байланатын етік болды. Бұғы камусынан тігілген аяқ киімдер де кездесті [Тюркские народы Сибири, 2006:283].
Ер адамдардың костюмінің міндетті нышаны шыт қалта нанчик болды. Ал белдікте - ағаш трубка кацза, оттық отук, шақпақ тас оттык таш, ағаш қынапта калып пышақ пычах (Каталог, 1979. С. 115-117; Кимеев, 1989. С. 103).
Әйелдердің дәстүрлі киімі көк бөзден тігілген аяқтың басына дейін жететін ұзындықтағы көйлек кунек болды, ол кеудесінен бастап майда түймелермен түймеленді. Етегі қара матамен көмкерілді. Көк бөзден тігілген штан штан кенішсіз болды. Астары бар шапан пантек екі жолды каури қабыршықтары чыбанбашпен көмкерілді немесе түрлі-түсті жіппен геометриялық өрнекпен өрнектелді.  Бастарына қызыл немесе қара орамал салды, аяқтарына теріден жасалған кәлош чардык немесе етік удук киді.
Әйелдердің ең көп тараған әшекей бұйымы жарты ай формасында жезден жасалған сырғаға ызырга нәзіктер тізілген жіп немесе каури қабыршақтары ілінді. Оң қолының  саусақтарына  жіңішке сақина немесе мыс перстень чустук салынды. Әйелдер шаштарына шаш бау тақты, ал ауқатты әйелдер мойындарына үш қатар моншақтан тұратын алқа мончук тақты [Каталог,1979]
 
Дәстүрлі тағам
XX ғ. басында шорлардың негізгі тағамы дөңгелек қара бидай наны калаш, шелпек тертпек, арпаны қуырып ірі тартылған талкан және арпаның  жармасы шарык, одан ботқа пісірілді және урге көжесіне қосылды.
Талкан арпаның дәнінен жасалды және ол жалпақ темір ыдыс  коргушта қуырылды агаш сак ағаш келіде түйілді, саргаш қол ұшырғышымен кебегінен ажыратылып, содан кейін тас диірменде тартылып жасалды.  
Әмбебап шор талқанын, шайға, сүтке, салқын суға, қаймаққа қосып жеді. Одан қою ботқа саламат жасалды. Жармасын ет сорпасы ургеге қосты. Кондом шорлары жармадан сүт көже жасап, оған балық, ет, жауқарын тамырларын қосты. Одан басқа дәстүрлі тағам  тутпаш жасалды,  ол сүтке немесе суға бидай қамырынан үзбе салып, оған ұнтақталған кептірілген балық қосылды [Тюркские народы Сибири, 2006:278].
Кептірілген жылқы еті сугум тәтті тағам болып табылды, ол мун ет сорпасымен қоса ішілді.
Қаймақты каймак ағаш ыдыстарға құйылған сүттің бетінен қасықпен жинап алды. Ірімшік дайындау үшін қайнап жатқан сүтке «простак» ұйытқысын қосып біраз уақыттан соң кенеп қаптарға құйып, бастырып, сарысуын сарыксу сырғытып, кадынсу ірімшігі дайындалды (қараңыз: Дыренкова: Архив МАЭ. Ф. 3. Оп. 2. Д. 2).
 
Рухани мәдениет
Шамандық
Шорлардың дәстүрлі дүниетанымы бойынша әлем үш қабаттан тұрады: аспан көк Улъген-чер (Ульгеннің жері) - аспан; орта жер - орты чер немесе бистин чер – біздің жер; қаскөй рухтар жері - айна чер – жер асты әлемі.
Ең жоғарғы жаратушы Ульгеннің қожалығында 9 көк бар. Бірінші ең төменгісінде найзағай сарыджы орналасқан. Бірінші аспанның ортасында санчи оның қожайыны тұрады, оның өз үйі, әйелі, балалары бар. Екінші аспан кöк кур – көк белдеуде кемпірқосақтың көк бөлігі тенгри челизе орналасқан. Үшіншісі - кызыл кур – қызыл белдеу, төртіншісі - кыр кур- сұр белдеу, бесінші – кöк тамош кур – көкшіл белдеу, ал алтыншысы - кызыл тенгри – қызыл тәңірі, ол жерде қызыл әйелдер өмір сүреді. Жетінші аспанда ай мен күн, сегізіншіде – күн бар, тоғызыншыда – ең қайырлы жоғарғы құдай Ульгень өмір сүреді [Хлопина, 1978:71].
Ульгень өз інісі Эрликпен бірлесіп, шор мифологиясында жамандық бастауын көрсетеді, әлем мен адамды жаратқан. Аңызға сәйкес, Ульгень күнді, айды, жұлдыздарды, тегіс жерді, ондағы өзендерді жаратқан.  Эрлик, қастандық тәңірі, жердегі тауларды жаратқан. Одан кейін Ульгень құстар мен аңдарды, адамдарды жаратқан, бірақ оның рухын жарата алмаған. Ол Эрликті көмекке шақырады, ол келісімін береді, бірақ шарт қояды, адамның рухы оған бағыгышты болуы керек, бірақ оның денесін Улгень басқара берсін. Аңыз бойынша, Ульгеннің қалауымен Эрлик жер бетінен жер астына қуылады. Эрликтің қол астында оның көмекшісі айна бар. Бұл қаскөйлік рухтары адамның жанын алады және оған ауру мен өлім алып келеді. Төменгі әлемде ол дүние бар, онда өлген адамдардың жаны кöрмöс, айна секілді Эрликке қызмет етеді [қараңыз:. Вербицкий, 1893:118].
Адам орта әлемде ну орман, тау, өзендер мен көлдердің көптеген рухтарының жанында өмір сүреді. Шорлардың құрмет тұтатын екі тәңірі:  тау тәңірі - таг ээзи және су тәңірі - суг ээзи. Бұл тәңірлер аңшы-ер адам немесе шашын жайып алған жалаңаш әйел ретінде қабылданды. Ал су тәңірісі көбіне мүйізі бар қара адам ретінде көрінеді [Дыренкова, 1940:438].
Шорлар шамандардың көмегіне көп жүгінеді: ауырғанда, жердеу және еске алу рәсімдерін өткізуде, аңға шығу алдында, қатты толғақ кезінде, егін жинау алдында және т.б. Одан басқа Ульгенге арнайы сиыну рәсімі болды, оған шаман міндетті түрде қатысты.
Ульгеннің ерекше таңдаған адамы ғана шаман (кам) болды. Ондай адамда Ульгеннің ерекше таңбасы артык cööк – артық сүйек болды: қолының, аяғының саусақтарында дөңес сүйек,  құлақтың сырғалығында шұңқыр және басқалар. Егер ата-аналары осындай белгілерді байқаса шаманға жүгінді. Ол таг ээзи таудың бас көмекші рухы Мустагтан бала кам болады ма деп сұрады. Егер рух қолдаса, онда балаға жас кезінен бастап шаман болатындығы құлағына сіңірілді. Егер артық сүйек жас кезінде байқалмаса да Ульген белгілеген уақытта Эрлик таңдаулыға ол шаман болуға келісім бергенше шамандық қатты ауруды жібереді [Дыренкова, 1940: 438].
Шамандар өз күштері мен мүмкіндіктеріне қарай бірнеше категорияларға бөлінді. Күшті шаманның көмекші-рухтар бейнеленген дабылы мен тоқпағы болды. Әлсіз шаман шабынчи камлал сыпырғышпен,  қолғаппен, таяқпен немесе аңшының кішкентай садағымен  ғана науқастарды емдей алды [Потапов, 1947: 140; Алексеев, 1984:134-136].
С.Е.Малов шамандардың күнделікті киімі кенептен тігілген шапан мен   үкінің құйрық жүні тігілген бас киім болған деп жазды. Егер бас киім болмаса, онда олар үкінің жүнін ұстап тұру үшін бастарына әйелдердің орамалын байлап қойған [Малов, 1909: 39].
Зерттеушілер әлі күнге дейін шорларда біртұтас дәстүрлі діни-мифологиялық жүйенің қалыптаспағанын айтып отыр. Діни нанымдар синкретті кешенде болып отыр, онда шамандық культке дейінгі, православиклік христиандық және марксистік-лениндік идеологияның қалдықтары бар [Тюркские народы Сибири, 2006:304-306].
 
Музыкалық фольклор
Музыкалық фольклор жанрлары эпикалық батырлар жырлары кай (ныбак, нартпах) арқылы көрінді. Олар қобыз (кай комус) және әнмен сарын сүйемелденді, олар той сарын – той әндері, ойын сарын – ойын әндері, узун сарын – лирикалық созылмалы әндер, такпак – тақпақтарға бөлінді.
Эпикалық жырлар köz (сарындар немесе лейтмотивтер) және шертыпче (шертпе) кезектесуі арқылы айтылды.
Олардың негізгі музыкалық аспабы самырсын немесе талдан жасалған екі шекті комус/комыс/қобыз  болды.
Шорлардың музыкасын А.В.Анохин, А.А.Кенель, С.К.Павлючик, Р.Б.Назарейко, И.К.Травина, Ю.И.Шейкиндер жазып алды және зерттеді.
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
 
  1. Алексеев Н.А. Шаманизм тюркоязычных народов Сибири. – Новосибирск, 1984. 208 с.
  2. Анохин А.В. Кузнецкие инородцы Томской губернии – Шорский сб.: Историко-культурное и природное наследие Горной Шории. – Кемерово, 1994. Вып.1. – С.49-64.
  3. Вербицкий В.И. 1862.Записки миссионера Кузнецкого отделения Алтайской духовной Миссии священника Василия Вербицкого за 1961 г. М., 1962.- 32 с.
  4. Вербицкий В.И. Алтайские инородцы: Сб. этнограф. Ст. и исслед. – М., 1893. – 221 с.
  5. Дыренкова Н.П. Грамматик шорского языка. – М.:Л., 1941. 307 с.
  6. Каталог этнографических коллекций Музея археологии и этнографии ТГУ. – Томск, 1979. – С. 16-122, 195-206.
  7. Косточков Г.В. К вопросу о происхождении шорского народа. – Деятельность А.И.Чудоякова и духовное возрождение шорского народа.- Новокузнецк, 1998. С. 34-38.
  8. Косточков Г.В. Культ гор и его влияние на словообразование тюркского языка (слово таг и его фонетико-смысловые модификации) – Чтения памяти Э.Ф.Чиспиякова (к 70-летию со дня рождения). – Новокузнецк, 2000. – Ч.1. – С.55-60.
  9. Малов С.Е. Отчет о командировке студента Восточного факультета С.Е.Малова – Изв. Русского комитета для изучения Средней и Восточной Азии в историческом, археологическом и антропологическом отношениях. – СПб, 1909. С. 53-40.
  10. Радлов В.В. Шорцы // Шорский сборник, 1994.
  11. Потапов Л.П. Обряд оживления шаманского бубна у тюркоязычных племен Алтая – ТИЭ. – 1947. – Т.1. – С. 139-183.
  12. Потапов Л.П. Шорцы – Народы Сибири. – М.; Л., 1956.- С.492- 538.
  13. Тюркские народы Сибири. – М.: Наука, 2006.
  14. Чиспияков Э.Ф. О диалектном членении шорского языка // История и диалектология языков Сибири. Новосибирск, 1979. С. 86-92.
  15. Чиспияков Э.Ф. Фольклорные, художественные и бытовые шорские тексты. – Шорская филология в сравнительно-сопоставительном исследовании. – Новосибирск, 1998. – Вып.1. – С. 173-196.
  16. Хлопина И.Д. Из мифологии и традиционных верований шорцев (по полевым материалам 1927 г.) – Этнография народов Алтая и Западной Сибири. - Новосибирск, 1978. С. 70-89.
  17. Хлопина И.Д. Горная Шория и шорцы. – ЭО, 1992. №2. – С. 134-147.
  18. Функ Д.А. Материалы по шорскому шаманству в архиве А.В.Анохина. – Шаманизм и ранние религиозные представления: К 90-летию д.и.н., профессора Л.П.Потапова. – М., 1995. - С.180-206.
  19. Функ Д.А. Мифы шаманов и сказителей (комплексное исследование телеутских и шорских материалов). – М., 2005. – 398 с.
Тажибаева С.Ж.
​Аудармашы: Муртазаева Б.

Бейне

Этноаул. Астана 2017 
Powered by Create your own unique website with customizable templates.