Посткеңестік Қазақстандағы түркі тілдер
  • Жоба жайлы
    • Жобаға қатысушылар
    • Байланыс
  • Түркі халықтары туралы
  • Басылым
  • Сауалнама толтыру
  • Нәтижелері
  • Галерея
  • Бұл қызықты
  • Орысша
  • Ағылшын

Ұйғырлар

Қазақстандағы ұйғырлар республиканың саны жағынан  бесінші халқы болып табылады. 2014 жылдың басына қарай қазақстандық ұйғырлардың саны 246 777 адамды (барлық халық санының 1,44 %) құрады.
Ұйғырлар — ежелгі түркі тілдес халықтардың бірі. Олар тек бидай және бақша өнімдерін өсіріп қойған жоқ, сонымен қатар ұстахана ісімен, зергерлікпен айналысты. Жерді жақсы өңдеу шеберлігіне қарай оларды "тараншы” (дихан) деп те атады.
Дүнгендермен бірге ұйғырлар Қазақстан жеріне ең алғаш 1860--1880-ші жылдары, Қытайдағы ұйғырлардың көтерілісі басып-жаншылғаннан кейін қоныстана бастады. Сонымен қатар 1916 жалға ұлт-азаттық көтерілісі жеңіліс тапқаннан кейін қазақстардың бір бөлігі Шығыс Түркістанға, ұйғырлардың жеріне көшті.   
 
Ұйғырлардың Жетісуға жаппай қоныс аударылуы
XVIII ғ. ортасында Қытай  әскерлері Жоңғарияны талқандап,  Шығыс Түркістанды басып алды және Құлжаға дейін жетті. Қытай әскерлері мұсылмандардың аз ғана бөлігі – дүргендерді ғана қалдырып, жоңғарларды түгелге жуық жойып жіберді. Қытайлықтар осы жерде олар өз әскерлеріне тамақ тауып бере алмайтындықтарын түсінді және Қашқар, Ақсу, Турфан, Жаркент қалаларынан ұйғырларды күштеп қуып шықты.
Ұйғырлар дүнгендермен бірлесіп 1864 ж. көтеріліске шықты және жеңіске жетті. Ұйғыр сұлтандығы Тараншы құрылды. Міне, тап осы сұлтандық өз күшін Жетісуға көрсете бастайды. Осы жағдайды басу үшін Жетісу облысының генерал-губернаторы Г.Колпаковский 1871 ж. Құлжаға жорық жасап, оны басып алады. Осылайша, Құлжа Жетісудің құрамына оның уезі ретінде енеді. 1881 жылы Санкт-Петербургте Қытай және Ресей басшылары кездескен кезде қабылданған шарт бойынша Құлжа қайтадан Қытайға берілуі керек болатын. Шартта мынандай бөлім болған: қай мемлекетке бағынатынын халық өзі шешуі керек.
Шартқа байланысты 1881 ж. ұйғырлар мен дүнгендер өз еркімен Жетісуға көшті. Олар Өсек және Шарын өзендерінің бойына Жаркентке,  Верный уезінің Шілік және Талғар поселкелеріне орналасты. Кейбіреулері  Верный қаласына көшті. Олардың ұрпақтары аты аталған аймақтарда әлі де тұрады. Қоныс аударылғандардан бес болыстық — Жаркент, Кетмен, Ақсу-Шарын (қазіргі Алматы облысы, Ұйғыр ауданы), Малыбай және Қарасу (қазіргі Еңбекшіқазақ ауданы) құрылды.
Жетісу облыстық басқару 1882 жылы бекіткен жерге байланысты Ережеге сәйкес, еркек жынысты әрбір қоныс аударылған адамға 10 десятина жер тиесілі болды. Дегенмен, аудандағы барлық шұрайлы жерлер казактарға беріліп қойғандықтан, ұйғырлар мен дүнгендерге бар-жоғы 4-5 жерден ғана тиді.  Оның үстіне бұл жерлер егін егуге қолайсыз, жарамсыз болды. Ал налогты ұйғырлар 1892 ж. бастап төлеуге тиіс болатын. Қыстаулар мен қалаларда тұратын ұйғырлар мен дүнгендер өз әкімшілігі, мешіті бар қауымдастық құрды. Жер жеке шаруашылықтарға бөлінгенімен, формальды түрде ол көпшіліктің пайдалануында болды. Әрбір жанұядағы еркек кіндікті мүшесінің санына қарай жерді бөлу Ережесі кеңінен қолданылды. Дегенмен байлар мен ауқатты қожайындар әлі дүниеге келмеген еркек тұқымды өздерінің атына жазып алу оқиғасы кездесті. Оның үстіне өзендер мен каналдардың жағысындағы шұрайлы жерлерге де байлар иелік етті.  Кедейлерге сулы жерлерден шалғай, тұқым бермейтін тақыр жерлер тиді. Кедейлердің үкіметке байлардың зорлығы туралы айтқан шағымдарын ешкім де тыңдағын жоқ және көмектескісі де келмеді.
Кедейленген қоныс аударушылар өз бетінше осындай жерлерді игеруге шамасы келмеді. Сол кезде байлар олардың жерін жалға алды, ал өздерін жұмыс күші ретінде пайдаланды. Осылайша жер бірте-бірте байлардың қолына көшті. Жерсіз қалған ұйғырлар мен дүнгендер жұмыс іздеп қалаға кетті.  
 
Ұйғырлардың саны
Кеңестік кезеңде еліміздегі ұйғырлардың саны үнемі өсу үстінде болды. ҚСРО мен ҚХР арасындағы шекараның ашық кезінде, яғни 1960 және 1970 жылдары Қазақ КСРО-ға Алматы және талдықорған облыстарының аудан орталықтарына қоныстанған ұйғырлардың екі легі көшіп келді. Республикадағы ұйғырлардың саны тез өсті.  1989 жылғы халық санағының мәліметі бойынша республикада 180 мың ұйғыр (барлық халық санының 1,1 %) тұрды. Ұйғырлар Алматы облысы халқының 7,8 % және Алматы қаласы тұрғындарының 3,5% құрады. 1999 жылғы халық санығының мәліметі бойынша олардың саны 210 мыңға  (халық санының 1,4%) жетті, осы тұста Алматы облысының Ұйғыр ауданында олар халық санының басым көпшілігін (56%) құрайтынын айта кету керек. Облыс бойынша ұйғырлардың саны 9 % көтерілген, ал Алматыда 5,8% құрайды.
2009 жылғы Қазақстан халқының санағы 01.01.2010 жылғы елімізде 227 000 ұйғыр өмір сүріп жатқанын анықтады, ол халықтың барлық санының 1,39% құрады. Табиғи жолмен халық санының ұлғаюы сақталып отыр, ауылдағы халық саны басым, дегенмен ұйғырлардың қалаға көшуі жылдан-жылға еселеніп отыр.
Қазақстандағғы ұйғырлар, әдетте, үш тілді болып келеді, қазақ және орыс тілдерін жақсы меңгерген. Республикада кеңестік кезеңнен бері ұйғыр мектептері сақталып келеді. 2012 жылы республикадағы 14 мектеп таза ұйғыр тілінде болды. Одан басқа білім беру бағдарламасының аясында, сондай-ақ  басқа тілде оқитын 4076 ұйғыр тілді бала факультатив және/немесе жеке пән ретінде ұйғыр тілін меңгерген. «Уйғур авази» ұйғыр тіліндегі газет шығарылады.
 
Қазақстанның барлық аймақтары бойынша сауалнама қорытындысы
Халықаралық жоба аясында алынған сауалнама көрсеткендей, өз жанұяларының Қазақстанда көшіп келу себебін барлығы біле бермейді, яғни оладың ата-бабалары Қазақстанға қай кезде көшіп келгенін нақты айта алмайды. Сондықтан олардың көпшілігі өздерін Қазақстанның байырғы тұрғындарымыз деп есептейді, сауалнама алынған 187 ұйғыр этносының өкілі «Сіздің жанұяңыз Қазақстанға жер аударылған ба?» деген сұраққа былайша жауап берді:  100 (53,4%) - жоқ, 23 (12,5%)– ия, 64 (34,2%) – жауап берген жоқ.
Қазақстанның тәуелсіздік алуы еліміздегі этнодемографиялық жағдайдың күрт өзгеруіне алып келді. Қазақстаннан Ресейге және Еуропа елдеріне көші-қон процесі ел халқының санын  9,1 % төмендетті. Тәуелсіздік жылдары Қазақстан халқының басым көпшілігінің саны күрт төмендеді. Тек қана өзбектер мен ұйғырлар ғана өз халқының санын сақтап қалды.
Оның үстіне өзбектер мен ұйғырлар өз санын табиғи өсім арқылы ұлғайтты, ал қалған халықтар мигирация есебінен өз халқының санын көбейтті. Қазақстанның кең-байтақ жерінде халықтардың тарала өмір сүруі өзара жеке қатынастардың дамуын ынталандырды, ал басқа мәдениет пен конфессия аралық қатынастар жаңа мәдениетаралық және этникааралық қатынастар механизмін қалыптастырды.
«Пост-кеңестік Қазақстандағы түркі халықтарының тілі мен мәдениетінің өзара ықпалы» халықаралық жобасының жүргізілу барысында ұйғыр этно-мәдени орталығының көмегімен ұйғыр халқы өкілдерімен кездесулер өткізіліп, сауалнама жүргізілді. Сауалнама алынған респонденттердің барлығы ұлттық танымның қажеттігін көрсетті, яғни халықтық салт-дәстүрлерді, дінді ұстану және ұлттық тағамдарды сақтауды. Барлығы этностың бір террриторияда тұруы міндетті емес деп көрсетті. Зерттеу сұхбат алу (интервью), сауалнама толтыру және сауалнаманы талдау әдісі бойынша жүргізілді.
Этникаға жату: 173 сауалнама алынған ұйғыр-респондент.
Этникалық таным: Ұйғыр этносының басым көпшілігі (187 адамнан)  төлқұжат бойынша өздерін ұйғыр деп көрсетті, олардың ішінде 178 адам  (94,7%) – ұйғыр; 3-еуі (1,6%) – өзбек деп жазылған;  6-уының (3,2%) – мәліметі жоқ.
Некеде ұйғырлар көбіне ұйғырларды алады және ұйғырларға тұрмысқа шығады, дегенмен басқа ұлт өкілдері де кездеседі, алынған сауалнама нәтижелері мынаны көрсетті: 
Әкесінің ұлты: 177 адам (94,7%) – ұйғыр; 3 (1,6%) – өзбек; 1 (0,5%) – басқа және  6-уының (3,2%) – мәліметі жоқ. Талдама көрсетіп отырғандай, әкесінің тарапынан ұйғырлардың басқа ұлттармен араласуы өте төмен, ұйғырлардан басқа тек қана 2 ұлт. 
Ал анасының ұлты тарапынан  сауалнама алынғандар 5 ұлтқа таратылды: 61 адам (32,6%) – ұйғыр; 34 (18,2%) – қазақ; 13 (7%) – өзбек; 6 (3,2%) – орыс; 1 (0,5%) – басқа; 53-нің (28,3%) – мәліметі жоқ.
Осылайша, ұйғыр халқындағы аралас некелі жанұяларда басты орынды әке алады, сондықтан барлық мәлімет әке тарапынан беріледі. Этникалық танымда ұлтына қарамастан әке жағынан (ұйғыр) басымдық беріліп, жанұядағы бала әкесінің ұлтымен жазылады. Осыдан қазіргі кезде ұйғырлардың санасының, мәдениетінің, тілінің қалыптасуында анасынан кқрі әкесінің ықпалы көп деген қорытынды жасауға болады.
Дегенмен, осыған қарамастан, аралас жанұяларда ұлты ұйғыр ер адамдар да, ұлты әйелдер де басқа ұлт өкілдеріне үйленіп, тұрмысқа шыға алады. Бірақ көп жағдайларда ұйғырлар ұйғыр қыздарға үйленуді, ал қыздары ұйғыр жігіттерге тұрмысқа шығуды қалайды, осы арқылы олар этникалық мәдениеттерін, салт-дәстүрлерін, менталитетін сақтайды.
Екінші ұрпақ, яғни ерлі-зайыпиылардың бірі ұйғыр емес жанұяларда мынандай жағдай байқалды:: 63 (37,7%) бала ұйғыр деп жазылған;
қазақ деп жазылған балалар саны - 7 -еу (3,7%),
өзбек – 6 бала (3,2%),
түрік 1бала (0,6%) және 62-нің (33,2%) – мәліметі жоқ.
Сауалнама алынған барлық респонденттер ана тілін білудің қажеттігін айтады, бірақ аға ұрпақтың  кетуімен бірге ана тілінің әлсіреп бара жатқанын өкінішпен атап көрсетеді. Аға буын – ана тілін өте жақсы біледі, орта буын – ауызекі сөйлеу тілін жақсы біледі, ал өкінішке орай, жас буын өкілдері орыс және ұйғыр, қазақ, орыс, ұйғыр, орыс және қазақ тілдерін қолданады. Сауалнама талдауы төмендегі мәліметтерді көрсетті:
Жанұяда мектеп жасындағы балаларымен сөйлесу тілінің талдауы келесіні көрсетті:
27 (14,4%) – тек қана ұйғыр тілінде;
43 (23%) – тек қана орыс тілінде;
43 (23%) – орыс және ұйғыр тілдерінде;
2 (1,1%) – орыс және өзбек тілдерінде;
1 (0,5%) – орыс және түрік тілдерінде;
4 (2,1%) – қазақ және ұйғыр тілдерінде;
22 (11,8%) – қазақ, орыс және ұйғыр тілдерінде;
13 (7%) – қазақ және орыс тілдерінде;
14 (7,5%) – тек қана қазақ тілінде, 9-ның (4,8%) – мәліметі жоқ.
Жанұяда үлкендермен сөйлесу тілінің талдауы:
36 (19,3%) – тек қана ұйғыр тілінде;
38 (20,3%) – тек қана орыс тілінде;
46 (24,6%) – орыс және ұйғыр тілдерінде;
1 (0,5%) – орыс және түрік тілдерінде;
2 (1,1%) – орыс және өзбек тілдерінде;
12 (6,4%) – қазақ тілінде;
12 (6,4%) – қазақ және ұйғыр тілдерінде;
20 (10,7%) – қазақ, орыс және ұйғыр тілдерінде;
10 (5,3%) – қазақ және орыс тілдерінде;
1 (0,5%) – тек қана өзбек тілінде, у 3-еуінің (1,6%) – мәліметі жоқ.
Басқа ұлт өкілдерімен сөйлесу тілінің талдауы:
75 (40,1%) – тек қана орыс тілінде;
69 (36,9%)– қазақ және орыс тілдерінде;
3 (1,6%) – орыс және өзбек тілдерінде;
5 (2,7%) – қазақ, орыс және ұйғыр тілдерінде;
6 (3,2%) – тек қана қазақ тілінде, по 1-еуі (0,5%) – қазақ және ұйғыр тілдерінде және қазақ және өзбек тілдерінде; 20-ның (10,7%) – мәліметі жоқ.
Тілдік бөлімнің талдауы «тілдік факторда» ұйғырлар үшін өзге ұлт өкілдерімен сөйлесу тілі орыс тілі болып табылатындығы анықталды. Ұйғырлар мемлекеттік тілді өте жақсы меңгерген немесе жақсы біледі, болмаса қазақша сөйлей алады және жақсы түсінеді.
Сауалнама алынғандардың көпшілігі тілдік белгі бойынша құқық бұзушылық жоқ екенін көрсетті. Себебі кейде жаңаұйғырлық тіл деп аталып жүрген, ұйғырлар қолданатын тіл бағзы замандарда түркі тектес тілдер тобына жатқан. Ұйғыр диаспорасының бірқатар проблемалары ұйғыр тілінде білім беруді ұйымдастыру және олардың мәдени мұраларын сақтауға байланысты туындайды:
1) ұйғыр мектептерінің оқушыларына аудан орталықтарына барып, таңдау бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде ҰБТ тапсыруға ресми түрде рұқсат берілген;
2) ұйғыр мектептеріндегі кітап тапшылығы;
3) Абай атындағы ҚазҰПУ-дегі ұйғыр мектептеріне мұғалімдар дайындайтын бөлімнің жабылып қалуы, қазіргі кезде ұйғыр мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері Жаркент қаласындағы колледжде ғана дайындалады;
4) ұйғырлардың басқару органдары мен жергілікті дәрежеде басқару орындарындағы санының күрт төмендеуі.
Жоғарыда аталған мәселелерді атай отырып, сауалнама төмендегіні көрсетті:
53 адам (28,2%) – ұйғыр, қазақ және орыс тілдерінде еркін сөйлей алады;
Көпшілік транспортта, дәрігердің қабылдауында, нотариалдық конторадарда тілді қолдануы:
77 адам (41,2%) – орыс тілін;
74 адам (39,6%) – қазақ және орыс тілін;
20 адам (10,7%) – қазақ тілін.
45 адам (24,1%) – ұйғыр, қазақ және орыс тілдерінде еркін оқи алады;
32 адам (17,1%) – ұйғыр, қазақ және орыс тілдерінде еркін жаза алады;
36 адам (19,3%) – ұйғыр, қазақ және орыс тілдерінде еркін түсіне алады;
33 адам (17,6%) – ұйғыр, қазақ және орыс тілдерінде газет, журнал және хабарландыруларды еркін оқи алады; (дегенмен мыналарға басымдық береді: 82 (43,9%) – орыс тіліне, 27 (11,2%) – қазақ және орыс тілдеріне, 18 (9,6%) – орыс және ұйғыр тілдеріне);
27 адам (14,4%) – ұйғыр, қазақ және орыс тілдерінде лекция,  әңгіме, баяндама, телехабарлар мен радио тыңдайды, (дегенмен мыналарға басымдық береді: 81 (43,3%)– орыс тіліне, 21 (11,2%)– қазақ және орыс тілдеріне, 12,8%) – орыс және ұйғыр тілдеріне);
28 адам (15%) – өзбек, қазақ және орыс тілдерінде концерт тыңдау, спектакль көру ыңғайлы (дегенмен мыналарға басымдық береді: 73 (39%)– орыс тіліне, 21 (11,2%) – қазақ және орыс тілдеріне, 24 (12,8%)– орыс және ұйғыр тілдеріне
28 адам (15%) – қазақ және орыс тілдеріндегі фильмдерді ана тілінде түсіндірудің қажеті жоқ деп, ал 7 адам (3,7%) ия деп жауап берді.
Ана тілін жете меңгермесе де барлық респонденттер өздерін өз ұлтының толық мүшесі деп санайды.  Жеке таным бойынша ұйғыр этносының өкілдері өздерінің топтарын этникалық және діни топпен байланысты анықтайды (157 сауалнама алынған адам, ол 83,9% құрайды, ислам дінін ұстанады). Ұйғырлардың ата-бабалары шаманизмді, зороастризмді, манихейлікті және буддизмді ұстанған. Х ғасыр мен ХVІ ғасыр аралығында ислам осы танымдардың барлығын ығыстырып шыққан. Исламның таралуының ерте кезеңінде ұйғырлар сопылық бағытты ұстанған, қазіргі кезде олар суннизмді жақтаушылар.
Этникааралық саладағы негізгі проблемаларды ұйғыр этникалық тобы өкілдері (30 респонденттің ішінде) былайша көрсетті:
- Кейде қазақтармен. Шовинизмнің кесірінен болуы керек – 4 адам (13,3%); 
- Әзірбайжандармен – 1 адам  (3,3%);
- Жауап беруге қиналамын – 2 адам (6,6%).
- Жоқ – 23 адам (76,6%); 

Осылайша, қазақстандық ұйғырлардың басым көпшілігі қазақтар мен Қазақстанда тұрып жатқан басқа да этникалық топтар арасында жүйелілік қасиетке ие шиеленіс жоқ деп есептейді.
Ұйғырлар бағзы замандардан суармалы жерлерде егін егумен айналысқан. Одан басқа олар мал баққан және малдың терісін өңдеумен айналысқан. Бірақ олар малды өздерінің шаруашылық қызметтерінде қосымша тарту күші ретінде пайдаланған. Жылқы, сиыр, ішінара – қой мен ешкі ұстаған. Ұйғырлардың өмір сүруі үшін ең қажеттісі – дәнді дақылдар өсіру болған.
Дәнді дақылдардан бидай, арпа, тары, сұлы, күріш басым болған, ал сонымен қатар өсімдік майын алуға қажетті - қыша, көкнәр, зығыр өсірген.  Ұйғырлар  жеміс дақылдарын өсірумен айналысқан: көкөніс, картоп, бұршақ, пияз, сарымсақ, сәбіз, қияр, қызыл бұрыш  және әртүрлі жасылкөктер. Сонымен қатар олар жібек құрттарын өсірумен, мақта шаруашылығымен  айналысты, тұрғындарды өсімдік майымен қамтамасыз етті. Дүнгендер көкнәр өсірді, олардан апиын мен дәрілер дайындады. Олар сонымен бірге темекі де өсірді, одан алынған насыбайды сатумен айналысты. Қазіргі кезде ұйғырлардың кәсібі біршама өзгерді, сауалнама нәтижесі бойынша ұйғырлардың арасында мынандай кәсіп иелері кездеседі:
20 адам (10,8%) – оқытушы;
20 адам (10,7%) – жұмысшы;
18 адам (9,6%) – қызмет көрсету салысының қызметкері;
20 адам (10,7%) – мемлекеттік қызметкер;
10 адам (5,3%) – жұмыссыз;
2 адам (0,5%) – кәсіпкер;
30-ы (17,6%) – кәсіптің басқа да түрлерімен айналысады (ресторан ісі, сауда және т.б.).
Халық ауыз әдебиеті үлгілерінен респонденттердің 78,9% (олар 45 адам) мақалдар мен мәтелдерді біледі және кейде пайдаланады. Үлкендеу жастағылардың (50-ден асқандар) есінде өздеріне әжелері айтып берген ертегілер мен мифтер сақталған («Алпамыш», «Тахир ва Зухра», «Фархад ва Ширин», «Ахмаджан Касими», «Глупый падишах», «Ялмауз», «Малик и Ройхон», «Чура ботир», «Билал-Назым», «Назугум», «Перизат», «Рабия-Сайдан», «Лейли-Меджнун», «Садир палван», «Гани батур», «Юсуф ва Зулейхо», Қожа Насреддин туралы аңыздар, өлеңдер мен т.б.), ал жас ұрпақ  21,1% (олар 12 адам) мүлдем білмейміз деп жауап берді. Орта буын өкілдері, өздерінің жастық шақтары 70-90 жылдарға - Кеңес Одағына тұстас келгендер, қазақ әдебиетін жақсы білмейміз деп жауап берді, ал жас буын өкілдері қазақ әдебиетімен аздап болса да тыныс екендігін көрсетті. Қазіргі кезде жоғары білімі бар ұйғыр халқының респонденттері халық ауыз әдебиетін, сондай-ақ төл әдебиетті  жаңа технологияның (Интернеттің мүмкіндігі) көмегімен, сонымен қатар ұлттық этно-мәдени орталықтардың түрлі іс-шараларына қатысу арқылы жаңғыртуды қолға алып отыр.
Қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі оқулықтардың сапасын тек қана жоғары білімі бар респонденттер ғана бағалай алды. Негізінен, қазақ және орыс тілдеріндегі оқулықтарға «қанағаттанарлық», ал ағылшын тіліндегілер – «жақсы» деп бағаланды.   

Жамбыл облысы, Тараз қаласында жүргізілген сауалнаманың нәтижелері (ұйғырлардың шашыраңқы өмір сүретін жері)
Сондай-ақ 2015 жылдың тамыз айында Жамбыл облысының Тараз қаласында тұратын ұйғыр этносы өкілдерінен сұхбар алынды.
Махмұт Қашқари атындағы Жамбыл облыстық Ұйғыр этно-мәдени орталығының мәліметі бойынша, Жамбыл облысында 3000 этникалық ұйғыр тұрады, олардың басым көпшілігі 1500 адам, - Шу қаласында, Тараз қаласында 1000-ға жуығы тұрады, ал қалғандары  облыс аудандарында шашыраңқы өмір сүреді. Орталықтың төрағасы Турдыева Махабат Абдрахмановнаның пікірінше, осы қатарға аралас некедегі ұйғырлар (негізінен әйелдер), сондай-ақ қандай да бір себептермен ұлтын өзгерткендер енген жоқ. Жамбыл облысындағы ұйғыр этносының орта жасы 40-50 жас, 200-дей адам жасы келген, зейнеткерлер.
Ұйғыр этно-мәдени орталығының көмегімен сауалнама алында. 20 сұхбат ұйымдастырылды.  Респонденттер қатарында жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар (ғылым кандидаты) – 2 адам, жоғары білімі бар – 9 және орта және орта арнайы білімі бар – 9 адам. Респонденттердің жасы: аға буын (70 жас және жоғары) -1 адам (74 года), орта буын (40-60 жас, орта жас – 46 жас) – 13 адам, жас буын (20 - 40 жас, орта жас – 28,5) – 6 адам. Бір сұхбат алуға шамамен 40 минут – 1 сағат уақыт кетті. Барлық респонденттер – қала немесе қала шетінің (с. Дунгановка) тұрғындары. Алынған сұхбаттың талдауы олардың барлығы ана тілінде ауызекі сөйлеу тілін білетіндіктерін (18 адам - 90%), кейбіреулері қазақ тілін өте жақсы меңгергенін языком (15 адам – 75%) және барлығы  (100%) орыс тілін өте жақсы білетіндіктерін көрсетті.
Сауалнама алынған респонденттердің Қазақс танға ата-аналары көшірілген. Тек қана бір респонденттің (дәрігер, жоғары білімнен кейінгі білімі бар) ата-анасы емес, атасы 20 ғасырдың басында ұйғырлар мен қытайлардың арасындағы қақтығыстан кейін, жақсы өмірді іздеу салдырынан болған екен. Алынған мәліметтер бойынша олардың жанұялары Қазақстанға зорлап көшірілген емес. Қазсқтанға көшіп келу 20 ғасырдың 50-жылдарының аяғы мен 60-шы жылдарының басында Қытайдағы «қаралы жылдар» немесе аштықтың салдарынан болған. Ең көп көшіп келушілер саны Қашқардан, ал Сайдун мен Артуш қалаларынан көшіп келгендердің саны аз болған. Ең алған көшіп келушілер Талдықорған облысына (қазіргі Алматы облысы), Панфилов ауданына (Ават, Жаркент, Шонжа с.) қоныстанған.
Эно-мәдени орталықтың мүшесі болып табылатын ұйғырлар өз тілдеріндегі салт-дәстүрлерді сақтайды, ана тілін, өз тілдеріндегі ауыз әдебиеті үлгілерін құрметтейді, Одан басқа алынған сауалнама көрсеткендей, Қазақстанда тұрып жатқандықтарына дән ризашылығын білдіреді, өзге ұлт өкілдерімен тығыз, кейде туыстық қарым-қатынаста екендіктерін  атап көрсетеді. Барлық респонденттер басқа дінді ұстаушылармен некеге тұрудың мүмкін екенін атап көрсетеді. Тек қана бір респонденттің әйелі – украин.
Респонденттердің барлығы өздерін Қазақстанның байырғы тұрғындары деп есептейді, ана тілін білу маңызды деп есептей отырып, өкінішке орай, аға буынның кетуімен бірге ана тілі әлсіреп бара жатқанын мойындайды. Аға буын – ана тілін өте жақсы біледі, орта буын – ауызекі сөйлеу тілін жақсы біледі, ал өкінішке орай, жас буын өкілдері, өкінішке орай, ұйғыр тілін мүлдем қолданбайды. Ана тілін жете меңгермесе де барлық респонденттер өздерін өз ұлтының толық мүшесі деп санайды.  Сауалнама алынған респонденттердің барлығы ұлттық танымның қажеттігін көрсетті, яғни халықтық салт-дәстүрлерді, дінді ұстану және ұлттық тағамдарды сақтауды. Барлығы этностың бір террриторияда тұруы міндетті емес деп көрсетті.
Қазіргі кезде Тараз қаласында ұйғыр мектебі жоқ, жоо-да ұйғыр тілі жеке пән ретінде оқытылмайды. Бір кездерде Жамбыл облысының Ұйғыр этно-мәдени Орталығында ұйғыр тілі жеке факультатив ретінде оқытылған, бірақ оқытушыларды материалдық көтермелеу болмағандықтан, қазір ол жұмыс істемейді. Барлық респонденттер Яслилер мен балабақшаларда  ана тілін қолдану маңызды екенін түсінеді, бірақ Тараз қаласындағы этнос өкілдері санының аздығына байланысты, ондай мүмкіндіктер жоқ. Қазіргі кезде балаларын қазақ, орыс, реті келсе, ағылшын тілінде оқыту қажеттігін атап көрсетеді. Ана тіліндегі оқулықтардың жоқ болуы мен пайдаланылмауына байланысты, респонденттер олардың сапасы туралы сұраққа жауап бере алмады. Қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі оқулықтардың сапасын тек қана жоғары білімі бар респонденттер ғана бағалай алды. Негізінен, қазақ және орыс тілдеріндегі оқулықтарға «қанағаттанарлық», ал ағылшын тіліндегілер – «жақсы» деп бағаланды.   
Барлығы Алматы қаласында ұйғыр мектептерінің бар екенін, Алматы жергілікті телеканалында ұйғыр тіліндегі телехабар және радиохабар бар екенін біледі және сілтеме жасайды. Сауалнама алынғандардың ішінде бір адам (ғылым кандидаты, оқытушы) интернетті қолданады, ана тілінде смс жазады, ұйғыр ақындары мен жазушыларын, олардың шығармаларының атауын біледі. Сауалнама алыну барысында 10% респондент ұлттық мәдениетті көтеру мақсатында ұйғыр тіліндегі телехабарды қайта жаңғырту қажеттігін атап көрсетті.  Бұрын ол «Алатау» деп аталған.
Алынған сауалнаманың талдамасы ұйғыр халқы өкілдерінің басқа этностармен қақтығыстары жоқ екенін көрсетті. Барлық респонденттер Қазақстанды өз Отаны деп қабылдайды,  КСРО кезеңіне қарағанда тәуелсіз Қазақстандағы жағдайларының жақсарғанын атап көрсетті. Қазақстанда олардың құқының бұзылмайтынын және ұлттық дәстүрді сақтауға барлық жағдай жасалып отырғанын, мемлекеттік тілді білмей олардың лауазымдық өсуыіне кедергі келтірмейтінін атап көрсетті. Ұлттық танымды сақтауда ҚХА маңызды рөль атқарып отыр деді. 
Сауалнама соңындағы «Сіз өз жауаптарыңызға тағы нені қосқыңыз келеді? Сіздің мектепте оқыту, мәдени-ағарту жұмыстары, ана тілінде кітап пен үнқағаз шығару туралы қосып-алатын ұсыныстарыңыз бар шығар» деген сұраққа кейбір респонденттер (16 адам) былай деп жауап берді:
- Қазіргі уақытта үздік туындыларды орыс тіліне аударып, олардың авторларын жарнамалау керек Ресей каналдарының санын кеміту арқылы, қазақстандықтарды жарнамалайтын орыс тіліндегі ойын-сауық телехабарларының санын көтеру керек– 1 адам (6,2%);
- Кітаптар мен газеттер шығару бойынша – олар жеткілікті (Уйгур Авази, журнал Ирада, Ұйғыр Радиосы және т.б.), жергілікті каналдардан ұйғыр тіліндегі концерттер мен іс-шараларды жиірек көрсетсе – 1 адам (6,2%).
- Ана тілін оқытатын қосымша кружоктар – 1 адам (6,2%).
- Біздің халқымыздың мәдениеті мен тұрмысын көрсететін концерттер мен орталықтар болса – 1 адам (6,2%).
- Ана тілінде хабарларды көру мүмкіндігі болса – 1 адам (6,2%).
- Түріктер біртұтас елге айналса – 2 адама (12,5%).
- ТВ хабарларды қайтару – 1 адам (6,2%), ал қалған 12 адам (75%) өз тілектерін жазбаған.
Ұйғыр қауымдастығының біртекті болмауы (ауылдық және қалалық тұрғындар, байырғы тұрғындар мен мигранттар, топпен және шашыраңқы өмір сүру, этникалық негіз бойынша ұйымдасатындар және ұлттық идеядан алыстағандар, шекаралық аймақта өмір сүретіндер мен үлкен қаладағылар) Қазақстанның мемлекеті пен жергілікті тұрғындарымен әр түрлі қарым-қатынас моделін қалыптастырады. 

Бейне

Муртазаева Б.А
Powered by Create your own unique website with customizable templates.