Тывалықтар
Тывалықтар. Қазақстанда тұратын тува диаспорасының жалпы саны:
1970 – 85
1979 – 182
1989 – 129
1999 – 35
2009 – 37
Тыва тілі – Тыва Республикасының мемлекеттік тілі, Қазақстанда тұратын тыва диаспорасының көне заманда кең тараған экзогендік тілі. 2009ж. РФ бас Консулдығында (Алматы) консул-кеңесші болып этникалық тывалық Кара-Саал Е.В. жұмыс істеген (https://thenews.kz/themes/world/).
Тывалықтардың Қазақстанға қоныс аудару себебі анықталмаған. 2015 жылы жобаға қатысушылар Шығыс Қазақстан облысының Ұранқай селосында далалық зерттеу жүргізді. Неміс жағынан М.Ринд-Павловски Қытайдағы этникалық тывалық информанттардан Шығыс Қазақстан облысында тұратын өз туыстары туралы ақпарат алады. Олар туысқандарымен үзіліп қалған байланысты орнату туралы өтініш жасайды. Өкінішке орай, ШҚО тыва этносы өкілдері туралы мәлімет табылған жоқ.
Әлеуметтік-лингвистикалық талдау нәтижелері
Халықаралақ жоба аясында алынған сауалнамаға 7 этникалық тывалық қатысты. Қазіргі кезде олар Оңтүстік Қазақстан облысының (3 – 42,9%), 1-еуі (14,3) Ақмола облысының резиденттері болып табылады, ал қалған 3-еуі (42,9%) мәліметтерін бермеген.
Жеті респонденттің жауабынан сауалнаманың барлық сұрақтарына тұщымды жауап алу қиын, дегенмен күнделікті өмірде тілді қолдану және өз ана тілін (дәстүрлі) білу мәселесі бойынша жалпы мәлімет алуға болады.
Сауалнамаға қатысқан 7 респонденттің, 4-еуі –студент, 3-еуі – жеке кәсіпкер. 7 респонденттің барлығының әкесі тывалық. Әкелерінің туған жері: 2 (28,6,%) респонденттіңкі - Тыва Республикасы, 1 (14,3%) респонденттіңкі – Қазақстан, 4-нің (75,1%) – мәліметі жоқ. Аналарының туған жері: 2 респонденттіңкі (28,6%) – Тывада, 1 (14,3) – Қазақстанда, 4 (57,1%) – мәліметі жоқ.
Респонденттер тыва тілін меңгергендері туралы мәлімет берген. Жанұяда үлкендер мектепте оқитын балалармен орыс және тыва тілдерінде: – 2 (28,6%); 1-еуі (14,3%) орыс тілінде; 3-еуі (42,9%) – орыс және ұйғыр тілінде сөйлеседі. Еркін сөйлейтін тілдер туралы респонденттер мынандай мәліметтер берді: : 1 (14,3%) – қазақ, тыва, түрік тілдерінде; 1 (14,%) – орысша; 2 (28,6%) – орыс және тыва тілдерінде; 3 (42,9%) – орыс және ұйғыр тілінде. Жұмыстағы сөйлесу тілі – орысша. Басқа ұлт өкілдерімен: орыс тілінде - 5 (71,4%), 1-еуі (14,3) – орыс және тыва тілдерінде, 1 (14,3%) қазақ тілінде сөйлеседі. Соңғы екі респонденттің жауабын олардың Ахмет Яссауи атындағы Қазақ-Түрік университетінің (Түркістан қ., ОҚО) студенттері екендіктерімен түсіндіруге болады.
Жанұяда екі респондент балаларымен қазақ және орыс тілінде, бір респондент тек орыс тілінде сөйлеседі. Жанұядағы үлкендермен тыва және орыс тілінде екі респондент сөйлеседі, қазақ-орыс билингвизммін бір респондент пайдаланады. Жұмыстағы сөйлесу тілі екі респондент үшін қазақ, орыс тілдері, ал респондент тек қана орыс тілінде сөйлеседі. Қызмет көрсету саласында тек қана орыс тіліне басымдық беріледі. Ауыз әдебиеті үлгілерінен респонденттердің есінде Буян Бадыргы, Хайырын Бот, Макпаадыр, Херээжен, айдағы Магпыс сақталған. Діни салттардан: «Қаскөйлерден тазарту», «орман иесін асырау», сонымен қатар Тывада жаңадан пайда болған – Пасха, Масленица мейрамдарын атап көрсетті.
Тывалықтар: жалпы мәліметтер
Тывалықтар – Ресей Федерациясының құрамына кіретін Тыва Республикасының жергілікті халқы. Тывалықтар сонымен бірге Красноярск аймағының оңтүстігінде, Солтүстік-Батыс Моңғолия және Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында тұрады [История Тувы 2001: 3].
Тувалықтардың өзіндік атауы - тыва. Бұрындары тывалықтарға қарата сойоттар, сойондар, урянхайлықтар деген этнонимдер қолданылған. Қоныстану аумақтары: Тыва республикасы - 198,4 мың адам (1989 ж.). этникалық тывалақтар сонымен қатар Моңғолияда (25 мың адам), Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында (3 мың адам). Саны: 1931 ж. - 64,9 мың адам, Танну-Тыва республикасында;
Ресей Федерациясында: 1989 ж. - 206,2 мың адам. 1989 жылға тывалықтардың барлық саны - 235 мың адам.
Тывалықтар екі этнографиялық топқа бөлінеді: батыс тывалықтар (батыс, орталық және оңтүстік Тываның таулы-далалы жерлері) және шығыс немесе тоджиндық-тывалықтар (таулы-ну орманды Тываның солтүстік-шығыс және оңтүстік-шығыс бөлігі). Тоджиндық-тывалықтар тывалықтардың шамамен 5 % құрайды. Тывалықтарға ортаазиялық моңғолоидтық нәсіл типі тән.
Тыва тілі
Тыва тілі алтайлық тілдер бұтағының түркі тілдік тобына жатады. Тыва тілі Н.А.Баскакова кең тараған генеалогиялық жіктеуі бойынша көне түркі және қазіргі кездегі тофалар тілімен бірге, түркі тілдерінің шығыс-ғұн тармағының ұйғыр-оғыз тобына жатады [1969: 315-323]. “Сравнительно-исторической грамматики тюркских языков” авторами ұсынған жіктеуі бойынша, тыва тілі тофалар тілімен және тыавлвқтардың диалектілерімен, Солтүстік-Батыс Моңғолия тываларымен бірге жеке – тобасс немес ұраңқай тобына жатқызады. Бұл тілдер Сібір тілдерінің ішінде жеке тармақты құрайды [СИГТЯ 2002: 5, 727].
Зерттеушілердің пікірінше, тыва тілі (тофалар тілімен бірге) көне оғыз және көне ұйғыр тіліне анағұрлым жақын [Баскаков Н.А. 1969: 317; Кормушин 2002: 602]. Оның лексикасы мен грамматикалық құрылымында Орхон-енисей жазбалары мен көне ұйғыр жәдігерліктерімен ұқсастықтар аңғарылады [Баскаков 1969: 317; Наделяев 1989: 3-10; Рассадин 1971: 147; Убрятова 1985; Широбокова 2001].
Тыва тілі Тываны мекендеген аборигендердің тілін түркі тілімен будандастыру, түркілік бастау белең алу нәтижесінде пайда болған [Черемисина 2002: 234]. Сонымен қатар тыва тілі көне ұйғырлардың абориген тайпаларын түркілендіру нәтижесінде пайда болған, сондықтан онда ұйғыр-түрік негізі көп сақталған деген де пікір бар [Наделяев 1986: 59; СИГТЯ 2002: 602].
Тыва тілі пайда болған кезден бастап оған көптеген түркі тілдері мен диалектілерінің ықпалы болған. ХIII ғ.бастап XX ғ. басына дейін тыва тілі моңғол тілінің ықпалына көп ұшыраған. Ол тыва тілінің түрлі қабаттарына, әсіресе моңғол тілінен ауысқан лексикасына әсер еткен. XIX ғ. Аяғынан бастап орыс тілінің ықпалы көрініс табады, ол қазіргі кезге дейін жалғасып отыр.
Тыва тілінің диалектілері
Тыва тілінде мына диалектілер бар: орталық, батыс, оңтүстік-шығыс, солтүстік-шығыс (тоджиндық). Тыва жвзуы орыс тілінің графикасы негізінде қалыптасқан.
Діні
Діні: ламалық бұтақтағы буддалық дін, шамандық. Тақуа тывалықтар, негізінен, буддист-ламаистер, олар буддаға дейінгі табынуды, шаманизмді сақтаған. Тыва этникалық қауымдастығының қалыптастыруға лингвистикалық жақтан түрлі топтарға жататын қазіргі кездегі самодийлықтар, кеттер, моңғолдар және түркілерге жақын Сібірдің көне аборигендері қатысқан.
Тывалақтардың діни наным-сенімдерінде ең алдымен көне, от басы-ошақ қасын құрметтеуге негізделген отбасылық-рулық табынушылық сарқыншақтары сақталған. Тывалықтвр шамандықты сақтап қалған. Шамандықты ұстанатындарда әлемді үшке бөлу үрдісі сақталған. Кешегі күнге дейін кәсіпке табынушылықтың кейбір сипаттары, атап айтқанда, шығыс тывалықтарда "аю мейрамын" тойлау сақталып келген. Тывалықтврдың ресми діні - ламаизм – соңғы жылдары қайта жаңғыру үстінде. Буддистік орталықтарда діни білім алған ламаистік шіркеулер монахтарымен қайтадан ашылуда. Діни мейрамдар жиі өткізіліп тұратын болды.
Шаруашылықтың негізгі түрлері
Тывалықтардың шаруашылықтарының негізгі түрі көшпелі мал шаруашылығы болып табылады. Оның басты таралу аймақтары Тываның орталық және оңтүстік-батыс аудандарының құрғақ даласы болған. Сонымен бірге егіншілікпен де айналысқан. Далалық аудандардағы тывалықтар қой, ірі қара, жылқы, ешкі және түйе асыраған.
Тываның солтүстік және солтүстік-шығыс орманды аудандарындағы тоджиндық-тывалықтар аң шаруашылығымен және онымен байланысты бұғы шаруашылығы болып табылады. Тываның солтүстік-шығыс аудандарындағы бұғы шаруашылығы жайылмалы сипатта болды. Егін шаруашылығының негізгі түрі ең соңғы қыстауға жақын егілетін тары дақылы болды.
Орманды аудандар, ең алдымен, балық шаруашылығы кәсібімен айналысты. Балықты ау, қармақпен және шанышқымен соғу арқылы аулады. Тывалвқтврдың шаруашылығы табиғи сипатта болды және нарықпен ешқандай байланысқан жоқ.
Далалық аудандарда тұратын тывалықтардың тұрғын үйлері буряттардыңкіне ұқсас торлы, киізден жасалды. Осындай киіз үйлер буряттар мен тывалықтардың оңтүстіктегі көршілері моңғолдарға да тән. Ну орманда тұратын тывалықтар эвенкілердің чумасына ұқсайтын конус секілді шалаш -"алачикте" өмір сүреді. Қыста ол бұғының терісімен, ал жазда - қабықтан тігілген жабындылармен немесе балқарағай қабығының бөліктерімен жабылды.
Тывалықтардың дәстүрлі киімі, тағамыі әлеуметтік жағдайы
Тывалықтардың дәстүрлі киім үлгісінің көршілес буряттармен көптеген ұқсастықтары бар. Оларға да ерлер және әйелдерге арналған киім кешендеріне оң жағына қарай қапсырылатын екі ілгегі бар (иығы мен қолтықтың астында) және мата белбеумен буылатын ұзын шапан тән болды. Ерлер мен әйелдер киімдері бас киімдер мен әшекейлерге байланысты өзгешеленді. Тоджиндық-тывалықтардың киімдері үшін, негізінен, тері мен жұмсақ тері пайдаланылды. Ішінара оларда эвенктердің киім үлгісі сақталды.
Тывалықтардың тағамдарынан негізгі орынды сүт-айран және ет тағамдары алды, мысалы, сиыр сүті ұйытылып – «хойглак», сонымен қатар ірімшіктенген сүттен (сиыр, бұғы, қой, ешкі) түрлі тағамдар жасалды. Ет көпшілік жағдайда пісірілген күйінде пайдаланылды, сондай-ақ еттен және қан қосылған еттен шұжықтар жасалды. Қыста тарыны бөктіріп, кептірілген саран түбірлері қосылып етті көжелер жасалды. Қуырылған тары шаймен ішілді, одан ботқалар жасалды. Шайды сүт, қаймақ, ірімшік және тұз қосып ішті.
Әлеуметтік өмірде үштен алтыға дейін жанұяны қамтыған отбасылық-туыстық топтар - аалдық қауымдастықтар (әкесінің жанұясы және оның үйленген ұлдары балаларымен) үлкен орын алды, олар бірлесіп көшіп-қонып, орныққан аалдар тобын құрды, осы ретте олар жазғы кезде анағұрлым ірі көршілік қауымдастықтарға бірікті. Кіші моногамды жанұялар басым болды, бірақ 1920 жылдарға дейін бай отбасыларында көп әйел алу сақталды. Қалың мал институты сақталған.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1 Баскаков Н.А. Введение в изучение тюркских языков. – М., 1969 – 383 с.
2 История Тывы. Т.1. 2- е изд. перераб. и доп. – под общей редакцией С.И.Вайнштейна, М.Х.Маннай-оола. – Новосибирск, 2001. – 367 с.

- Кондратьев В.Г. Об отношении языка памятников орхоно-енисейской письменности к языку древнеуйгурских памятников. – Сов. Тюркология. – 1973. - №3. – С.26.
- Наделяев В.М. У истоков тувинского языка – Исследования по тувинской филологии. – Кызыл, 1986. – С. 53-63.
- Рассадин В.И. Проблемы общности в тюркских языках саяно-алтая – Тюркологический сборник – 1977. – С. М.:Наука, 1981. – С. 219-231.
- Рассадин В.И. Фонетика и лексика тофоларского языка. – Улан-Удэ: Бурят кН. Изд-во, 1971. – 252 с.
- Сравнительно-историческая грамматика тюркских языков. Региональные реконструкции. – М.:Наука, 2002. – 767 с.
- Убрятова Е.И. Историческая грамматика якутского языка. – Якутск, 1985.
- Широбокова Н.Н. Отношение якутского языка к тюркским языкам Южной Сибири. – Новосибирск:Наука, 2005.
- Черемисина М. И. Языки коренных народов Сибири. Издание второе, переработанное и дополненное. Труды гуманитарного факультета. Серия V. Учебники и учебные пособия. Новосибирск: Редакционно-издательский центр НГУ, 2006. Соавтор: Тазранова А. Р.
Тажибаева С.Ж.