Якуттар (сахалар)
Қазақстандағы якут диаспорасы
Қазақстанда тұратын якут диаспорасының жалпы саны:
1970 – 175 (якут)
1979 – 438
1989 – 303
1999 – 115
2009 - 119
Якут тілі Саха Республикасының (Якутия) мемлекеттік тілі, Қазақстанда тұратын якут диаспорасының көне заманда кең тараған экзогендік тілі.
Якут халқының танымал ұлы, көрнекті мемлекет қайраткері Максим Кирович Аммосов 30-шы жылдардың басында Қазақстанға жіберілген. 1934 жылдың наурыз айында М.К.Аммосов Қарағанды және Солтүстік Қазақ ВКП(б) облыстық Комитетінің хатшылығына сайланады.
1936 жылдың 29 шілдесінде Қарағанды облысы Қарағанды (Қарағанды) және Солтүстік Қазақстан (Петропавл) облыстарына бөлінеді. М.К.Аммосов Солтүстік Қазақстан облыстық Комитетінің ВКП(б) бірінші хатшысы болып тағайындалады. 1936 жылдан бастап елде жаппай тұтқындаулар арқылы партиядағы жаңа тазалау кезеңі басталады. 1937 М.К.Аммосов қуғындалады.1937 жылғы 16 қарашада жалған жала жабу бойынша Фрунзе қаласында тұтқынға алынды. 1938 жылғы 28 шілдеде Мәскеуде атылады. Қаза болғаннан кейін 1956 жылғы 28 сәуірде КСРО Жоғарғы сотының әскери алқасының ұйғарымымен ақталады.
(http://polis.mypiter.kz/istoria_goroda/2016/06/05/ammosov-mk-na-postu-pervogo-sekretarya-severo-kazahstanskogo-obkoma-vkpb.html).
Якут диаспорасының әлеуметтік-лингвистикалық жағдайының талдауы
Халықаралық жоба аясында алынған сауалнамаға 5 этникалық якут қатысты. Қазіргі кезде олар Оңтүстік Қазақстанда (2 – 40%), Ақмола облысынд - 1 (20%) Ақтөбе облысында - 2 (40 %) тұрып жатыр. Қазақстанға келуінің неізгі себептері ұлтаралық некелер болып табылады.
5 респонденттің жауабынан сауалнаманың барлық сұрақтарына тұщымды жауап алу қиын, дегенмен күнделікті өмірде тілді қолдану және өз ана тілін (дәстүрлі) білу мәселесі бойынша жалпы мәлімет алуға болады.
Сауалнамаға қатысқан 5 респонденттің 3-еуі – студент (60%), 1-еуі (20%) – жеке кәсіпкер, 1-еуі (20%.- мемлекеттік қызметкер.
5 респонденттің барлығының әкелері - якут. Әкелерінің туған жері: 3-ніңкі (60,%) Ресей, 2 респонденттіңкі (40%) – Қазақстан. Аналарының 1-еуі Ресейде (Вилюйск) туған, ал 4 респонденттің мәліметі жоқ.
Респонденттер якут тілін білетіндіктері туралы айтты. Жанұяда үлкендер мектеп жасындағы балалармен 2-еуі (40%) якут тілінде, 2-еуі (40%) – орыс тілінде сөйлеседі, ал 1 (20%) респондент мәлімет берген жоқ.
Өзге ұлт өкілдерімен сөйлесуде 2-еуі (40%) орыс тілін, 2-еуі қазақ және орыс тілін, 1-еуі (20%) қазақ, түрік, якут, орыс тілдерін қолданады. Осы жерде сауалнамаға Саха Республикасының (РФ) азаматтары болып табылатын А.Ясауи атындағы Қазақ-Түрік университетінің (Түркістан қ., ОҚО) студенттері қатысқанын айта кету керек..
Жұмыстағы сөйлесу тілі ретінде: орыс тілін (2 -40%), якут тілін 2 (40%) адам көрсетсе, 1-еуінің (20%) мәліметі жоқ.
Респонденттер қызмет көрсету салысында 2-еуі (40%) используют қазақ тілін, 1-еуі (20%) – орыс, 1-еуі (20%) – якут, 1-еуі (20%) – якут, орыс тілдерін қолданатындықтарын көрсетті.
Респонденттер сондай-ақ орыс тілінде – 2-еуі (40%); 1-еуі (20%) қазақ, ағылшын, түрік, якут тілдерінде, 1-еуі (20%) якут және орыс тілінде еркі сөйлейтінін көрсетті.
2 (40%) респондент лекцияларды орыс тілінде; 1-еуі (20%) – қазақ, орыс, якут тілінде; 1-еуі (20%) – орыс, якут, 1-еуі (20%) – түрік, якут, орыс тілінде тыңдағанды ұнатады.
Респонденттер концерттерді орыс тілінде – 2-еуі (40%); 1-еуі (20%) – қазақ, орыс, якут тілінде; 1-еуі (20%) – түрік, якут, орыс тілінде, 1-еуі (20%) якут тілінде тыңдайды.
Жиналыстарда сөйлеу тілі ретінде орыс тілін – 3-еуі (60%); 1 (20%) респондент – орыс, якут тілін; 1-еуі (20%) түрік, якут және орыс тілдерін пайдаланады.
Респонденттер якуттардың «оларды әңгімелеуден бір кітап шығатындай» көптеген салт-дәстүрлерді білетіндіктерін атап көрсетті. Олар, көбінесе, магиялық іс-әрекеттермен байланысты болып келеді. Мысалы, үйді және үйдегі мал-жанды жын-сайтандардан сақтау үшін бірқатар дуаларды пайдаланады. Ою-өрнек әшекейлер, түрлі жарақтар маңызды болып табылады» [www. tyurki.weebly.com)].
Діни мейрамдардан «Ысыах», аң немесе балық аулау кезінде «Байанай» - аңшылық пен сәттілік рухына тағзым етеді, атаулы мейрамдарда «Сэргэ» қояды, отқа табынады, киелі жерлерді аралайды, «алгыс»-ты құрметтейді, «Олонхо» мен «Хомус» үнін тыңдайды [www. tyurki.weebly.com)].
Ауыз әдебиетінен Ньургун Боотур, Майагатта Бэрт хараны білетіндіктерін атап көрсетті.
Жалпы мәліметтер
Якуттар (өзіндік атауы саха – көпше түрде сахалар) – түркі тілді халық, Саханың жегілікті тұрғындары. Якут тілі түркі тілдерінің шығыс-ғұн тобына кіреді. Якуттар Саханың ең көп халқы (тұрғындардың 49,9%) және Сібірдің жергілікті халықтарының ішіндегі саны ең көбі болып табылады
2010 жылғы РФ Бүкілресейлік халық санағының нәтижесі бойынша 478100 якут бар, оның ішінде Сахада – 466 500 адам тұрады.
Тарихы және шығуы:
Кең тараған болжамға сәйкес, қазіргі кездегі якуттардың ата-бабалары XIV ғасырға дейін Байқал бойында өмір сүрген көшпелі курыкан тайпалары болған. Зерттеушілердің көрсетуінше, курыкандар Байқал көлінің аймағына Енисей өзені арқылы келген [Линденау Я.,1993].
Ғалымдар б.э. XII-XIV ғасырларында якуттар бірнеше рет Байқал көлінің аймағынан Лена, Алдан және Вилюге көшкен, ол жерде олар ішінара кірігіп, кейбіреулері осы жерде бұрынырақ тұрған эвенкілер (тунгустар) және юкагир лерді (одулдар) ығыстырып шыққан. Якуттардың айналысқан негізгі кәсіптері: мал шаруашылығы: жылқы және ірі қара өсіру, сонымен қатар балық аулау, аңшылық, ұсташылық және әскери дайындық.
Археологиялық және этнографиялық мәліметтер бойынша, якуттар Ленаның орта ағысындағы жергілікті тайпаларды оңтүстік түркітілді переселендердің жойып жіберу нәтжесінде пайда болған. XIV-XV ғасырларда Орта Ленаға якуттардың оңтүстік ата-бабаларының соңғы көші енген деген божам бар. Нәсілдік қарым-қатынаста якуттар солтүстік-азиялық нәсілдің орталықазиялық антропологиялық типіне жатады. Сібірдің басқа да түркі тілді халықтарымен салыстырғанда, оларда моңғолдық сипат қатты көрінген, ол біздің эрамыздың екінші ғасырының ортасында Ленада қалыптасып біткен [Гоголев А.И., 1993].
Якуттар 1620-1630 жылдарда Орыс мемлекетінің құрамына кіргізілген. Негізгі тұрғын үйлері бөренеден жасалған балаған, ал жазда жинамалы урасада тұрды. Киімдерін аң терісінен тікті. XVIII ғасырдың екінші жартысында якуттардың басым бөлігі христиан дініне кірді, дәстүрлі дінді ұстағандар да болды.
Орыстардың әсерінен якуттардың арасынла орыс христиандық ономастикасы таралды, ол христиандыққа дейінгі якут есімдерін толық ығыстырып шықты [ Зыков М.Ф., 1986]. Қазіргі кезде якуттар өз балаларына грек және латыннан енген (христиандық), сонымен қатар якутша есімдерді де береді.
Якуттардың дәстүрлері
Якут халық дәстүріне қасиетті объектілерді құрметтеу тән болып келеді. Тікелей мақсаты бойынша да, дәстүрлі жораларға байланысты да атты ағашқа байлауға (сэргэ) үлкен мән беріледі. Сэргэ - ол жуандау болып келетін, науасы бар, ою-өрнекпен және суреттермен безендірілген ағаш. Сэргэні үйді салған кезде, той өткізгенде, бала дүниеге келгенде, Ысыах қымыз тойы өткізілгенде және бақсылық кезінде орналастырады. Якуттар әруақтар сэргэге өздерінің жылқыларын байлайды немесе көңіл көтереді деп сенеді [https://sites.google.com/site/sakharepublic2012/bogatyrskij-epos].
Сахада қасиетті ағаштарды пір тұтады. Саха халқының дәстүрлі сенімі бойынша, осындай ағаштарда Аан Дар-хан Хотун жер иесінің рухы өмір сүреді. Көктемде осындай ағаштардың өасында жер-ана рухына бағышталған салттар өткізіледі. Ағашты ленталармен безендіріп, қымыз шашады, жер-ана мен пұтқа табынушылық пантеонының басқа да тәңірлерінен байлық пен игілік жіберуді тілейді
https://sites.google.com/site/sakharepublic2012/bogatyrskij-epos].
Қазіргі уақытта Сахада халық дәстүрлерін және этникалық саха халқы мәдениетінің қайта өркендеуі белсенді жүріп жатыр.
Якут эпосы
Олонхо - якуттардың байырғы эпостық өнері. 2005 ж. ЮНЕСКО олонхоны «адамдардың ауызша және материалдық емес құндылықтарының бірі» деп таныды.
Олонхоны ғалымдар «солтүстік Илиадасы» немесе «якут Одиссеясы» деп атайды. Олар көп жағынан эллиндердің және басқа да көне халықтардың мифіне ұқсас. «Болған жағдай» деген мағынаны беретін «олонхо» деген сөзбен, бүкіл эпос, сонымен қатар оның 10-нан 40-қа дейінгі жолынан тұратын жекелеген үзінділері де атала береді. Ең ұзақ олонхоны олонхо-айтушы ертекшілер үзіліссіз жеті күн, жеті түн айтқан! Якуттар үшін олонхо барлық уақытта да тек көңіл көтеру ғана емес, сонымен қатар әлемді, адамзатты тану құралы болған.
Олонхо ең алғаш рет XIX ғасырдың 40-шы жылдары орыс ғалымдары жазып алған. Төңкерістен кейін өзі де жас кезінде ертекші болған, якут әдебиетін жасаушы Платон Ойунский олонхоның— «Нюргун Боотур Стремительный» ең ұзақ түрін жазып алып, бастырып шығарған. Бағзы замандарда әрбір якут ауылында бірнеше олонхо айтушылар тұрған, олар олонхоның мыңдаған жолдарын жатқа айа білген. Ертегіні білу, оларды айту мәнері ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырған. Ертекшінің кәсібі шамандыққа ұқсас болған, бірақ онда дабыл болмаған, ол өзінің дауыс мәнерін шеберлікпен пайдаланғаны соншалықты, оның тыңдаушысы болып жатқан оқиғаны, оның кейіпкерлерін көзбен көргендей әсер алатын болған. Ертекшілер өз шеберліктеріне үйрету және оның шыңдауға уақытының көбін жібергендіктен, олардың өз үйі мен шаруашылығы болмаған, оларға жататын жер мен тамақты кез келген ауыл берген.
Айту мәнері жағынан якут эпосы әңгімелеу және өлеңдеуге бөлінген. Ертекшінің атынан айтылатын бірінші бөлім, дауыс ырғағы кейде қатты, кейде жай болып, қара сөзге жақын айтылған. Кейіпкерлер атынан айтылатын екінші бөлім – әнмен келеді.
Әңгімелеу жағынан Олонхо мазмұны үш топқа бөлінеді. Біріншілері Жоғары әлемде тұратын қайырымды құдайлар- айыылардың жерді немесе орта әлемді жаратуы туралы айтады. Екіншілері - Эр-Соготох (Жалғыз) бастаған жоғары әлемнен қуылғандардың якут халқының бастауы болғаны туралы әңгімелейді. Үшіншілері – орта әлемнің батырлары және оның басшысы Нюргун Боотур, Төменгі әлемдегі қаскөй әзәзілдер-абаасылармен соғысқаны туралы әңгімелеп береді. Олар адамдарды жойып жіберуге, болмаса оларға қастандық жасауға әрекеттенеді. Ертегілерде өткен заман туралы, мысалы якуттардың Лена мен Витиманың жағалауына, ну орманға қоныстанғанға дейінгі тұрақтары – оңтүстік дала – якуттардың Отаны туралы да естеліктері кездеседі.
Дәстүрлі якут күнтізбесі
Якуттардың күнтізбесі мал шаруашылығымен тығыз байланысты болған. Әрбір ай үш онкүндікке бөлінген, олар айдың фазаларына сәйкес келген. Ай аттары бүгінгі күні де пайдаланылып отыр:
– ыам ыйа немесе бииринньи (мамыр) – якут шаруашылық жылының бірінші айы, сиыр мен биелерді жаппай сауатын ай;
– бэс ыйа немесе иккиньи (маусым) – қыста тамаққа пайдалану үшін қарағай шел қабығын дайындау айы;
– от ыйа немесе уhунньу (шілде) – шөп дайындайтын ай;
– атырдьах ыйа немесе тэрдунньу (тамыз) – шөпті үймелеу уақыты;
– балаган ыйа немесе бэсинньи (қыркүйек) – қысқы киіз үй ай;
– алтынньы (қазақ) – алтыншы ай;
– сэтинньи (қараша) – жетінші ай;
– ахсынньы (желтоқсан) – сегізінші ай;
– тохсунньу (қаңтар) – тоғызыншы ай;
– олунньу (ақпан) – оныншы ай;
– кулун тутар (наурыз) – жабағыларды ұстау айы;
– муус устар (сәуірь) – киіз үйдің терезесінен мұздарды алу, оларды өгіздің шелімен, әйнекпен немесе слюдамен ауыстыру айы [http://ysia.ru/spravka/?p=2135].
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Линденау Я.И. Описание народов Сибири (первая половина XVIII века). Историко-этнографические материалы о народах Сибири и Северо-Востока. — Магадан: Магаданское кн. изд-во, 1983. — 176 с.: ил. — Серия «Дальневосточная историческая библиотека».
Гоголев А.И. Якуты (Проблемы этногенеза и формирования якутов). Якутск, 1993.
Зыков М.Ф. Поселения, жилые и хозяйственные постройки якутов. Новосибирск, 1986.
Алексеев Э.Е., Николаве Н.Н. Образцы якутского песенного фольклора. – Якутск, 1981.
Емельянов Н.В. Сюжеты ранних типов якутских олонхо. – М., 1983.
Олонхо / Жулёва А. С.; Фраёнова Е. М. (исполнительская традиция) // Океанариум — Оясио. — М. : Большая Российская энциклопедия, 2014. — (Большая российская энциклопедия : [в 35 т.] / гл. ред. Ю. С. Осипов ; 2004—, т. 24). — ISBN 978-5-85270-361-3.
Илларионов В. В. Искусство якутских олонхосутов: монография / Ред.: С. Н. Азбелев, Н. В. Емельянов; Ин-т яз., лит. и истории Якут. фил. СО АН СССР. — Якутск: Якутское книжное издательство, 1982. — 128 с.
Якуты // Сибирь. Атлас Азиатской России. — М.: Топ-книга, Феория, Дизайн. Информация. Картография, 2007. — 664 с. — ISBN 5-287-00413-3.
Якуты // Народы России. Атлас культур и религий. — М.: Дизайн. Информация. Картография, 2010. — 320 с. — ISBN 978-5-287-00718-8.
Якуты // Этноатлас Красноярского края / Совет администрации Красноярского края. Управление общественных связей ; гл. ред. Р. Г. Рафиков ; редкол.: В. П. Кривоногов, Р. Д. Цокаев. — 2-е изд., перераб. и доп. — Красноярск: Платина (PLATINA), 2008. — 224 с. — ISBN 978-5-98624-092-3.

Тажибаева С.Ж.