Чуваштар
Қысқаша тарихи анықт анықтама
Чуваштардың арғы аталары Тянь-Шань мем Алтай аралығындағы жоғарғы Ертіс алабы аймағын мекендеген жартылай көшпелі огурлық (Болгария) және суварлық (сабирлық) тайпалар болған деген көзқарас қалыптасқан. Болгарлық халықтардың қалыптасуы XI-XIII басында басталып, XV - XVI ғасырларда аяқталғанға дейінгі ұзақ уақыт аралығында осы халыққа тән қасиеттер қалыптасты және дамыды. "Чуваш" этнонимі дереккөздерде ең алғаш рет XVI ғасырдың басында пайда болады, осы уақыттан бастап чуваштардың мекендеген, оларға тиесілі жер ретінде алғаш рет Ветлуга және Сура өзендерінен шығысқа таман орналасқан аймақтар атала бастайды ("Чувашия"). Чуваштар осы аймаққа XIVғасырдың аяғы мен – XV ғасырдың бас жағында толық қоныстанды [1].
Чуваштардың саны мен тұратын жерлері
2010 жылғы Бүкілресейлік халық санағының мәліметі бойынша РФ 1 435 872 чуваш өмір сүреді [2]. Чуваш этносының барлық өкілдерінің жартысына жуығы өздерінің тарихи отаны Чуваш Республикасында өмір сүреді. Сондай-ақ чуваш этносының өкілдері Татарстанда, Башқұртстанда, Қазақстан мен Украинада шағын жинақталған топпен өмір сүреді.
Қазақстанның халық санағының нәтижесі бойынша чуваш диаспорасы халқы санының динамикасы:Кесте 1 XX – XXI ғасырлардағы Қазақстанда тұратын чуваш халқының өсу динамикасы [3].
1970 ж. – 22871 адам
1979 ж. – 22310 адам
1989 ж. – 21730 адам
1999 ж. – 11851 адам
2009 ж. – 7301 адам
Чуваштардың ұлттық-мәдени бірлестіктері және олардың тілі мен мәдениетін қолдау
Қазақстанда чуваштардың екі ұлттық-мәдени бірлестігі жұмыс істейді. Ең алғашқысы 1995 жылы құрылған Павлодар облысының "Чуваш қоғамдық-мәдени орталығы" болып табылады. Қоғамдық бірлестік чуваш халқының дәстүрлерін, салтын, мәдениетін сақтау және дамыту, сондай-ақ ана тілі мен тарихын зерттеу мақсатында құрылған болатын. Орталықта "Сеспель" фольклорлық ансамблі мен жастардың би ұжымы жұмыс істейді.
Кейінірек, 2014 жылы Ақмола облысында "Чуваш этно-мәдени орталығы" қоғамдық бірлестігі құрылды. Этномәдени орталықтың қызметі чуваштардың этномәдени құндылықтарын: чуваштардың мәдениетін, тілін, ұлттық ерекшелігін, ұлттық дәстүрлерін сақтауға бағытталған. Сондай-ақ орталықта Қазақстандағы ұлтаралық қатынастар мен достықты нығайту, әлеуметтік, ұлтаралық және дінаралық қақтығыстардың алдын алу жөніндегі іс-шаралар өткізіледі.
Павлодар қаласында К.Б.Даржуман атындағы «Ұлттық Жаңғыру мектебінде» мектеп оқушыларына чуваш тілі оқытылады, мәдениеті мен салт-дәстүрлері таныстырылады. Ата-аналары балалырмен бірге сабаққа қатыса алады.

«Ұлттық Жаңғыру мектебінің» вывеска
Жобаға қатысушылар мектеп директор Е.Р. Айткулов және чуваш бөлімінің педагогы Е.И.Софроновамен бірге (май 2015 ж.).
Тілдік жағдай
Чуваш тілі түркі тілдерінің алтай тобындағы болгар бұтағына кіреді. Чуваштардың жазуы руникалық жазба ескерткіштері мен араб графикасынан бастап, орыс жазуымен аяқталғанға дейін бірнеше рет ауысты. Жаңа чуваш жазуын 1871 жылы чуваш ағартушысы И.Я.Яковлев жасады.
Чуваш тілінде көне моңғолдық, сонымен қатар фин-угор тіліне жақын элементер сақталған, сондай-ақ парсы және араб сөздері де кездеседі. Орыс мәдениетімен араласу нәтижесіндегі өзгерістер чуваш тіліне орыс және интернационалдық сөздердің енуі арқылы көрініс тапқан [4].
Сауалнама нәтижесі бойынша чуваштардың әлеуметтік-лингвистикалық жағдайын статистикалық талдау
«Пост-кеңестік Қазақстандағы түркі халықтарының тілі мен мәдениетінің ықпалдастығы» атты халықаралық жоба аясында түркі халықтарының арасындағы қарым-қатынас әңгімелесу (интервью алу), сауалнама толтыру және оны өңдеу тәсілі арқылы жүргізілді.
Этникаға жату: 51 сауалнама алынған чуваш-респондент.
Этникалық таным: 45 адам (91,8%) өздерін чуваш деп есептейді, 2 адам. (4,1%) орыс деп санайды және 2 (4,1%) респонденттің мәліметі жоқ.
Чувашского этносының басым көпшілігі төлқұжаты бойынша өздерін чуваш деп есептейлі, оның ішінде 45 адам (88,2%) – чуваш деп жазылған; 1 (2%) – орыс; 5-еуінің (9,8%) – мәліметі жоқ;
Әкесінің ұлты: 48 адам (94,1%) – чуваш; 3-еуінің (5,9%) – мәліметі жоқ.
Анасының ұлты бойынша олар екі көрсеткіш болды: 42 адам (82,4%) – чуваш; 7 (13,7%) – орыс және 2-еуінің. (3,9%) мәліметі жоқ.
Балаларының ұлты:
осындай некедегі 21 (41,2%) бала чуваш деп жазылған;
11 адам (21,6%) - орыс,
6 адам (11,8%) – қазақ деп жазылса,
1 адам (2%) – жауап беруге қиналды,
1 адам (2%) – басқа,
11 (21,6%) - мәліметі жоқ.
Сауалнама нәтижесі бойынша, 51 сауалнама алынған чуваштың 83% әйел және 95% ер адам этникаға жату бойынша өздерін чуваш деп анықтады, 1 ғана респондент (5,3%) өзін орыспын деп таныды. Сауалнама алынғандардың 94,1% әкесі – чуваш, аналарының да 82,4% - сондай-ақ чуваш этносына жатты, бұл деген Қазақстандық чуваштар өздерінің ұлттық танымын сақтап қалған деген сөз. Дегенмен, аралас некелерде туылған балалардың этникалық танымы біркелкі емес: бар-жоғы 41,2% бала (21 адам) әкелерінің ұлтын алса, ал 21,6% (11 адам) орыс деп, 11,8% (6 адам) – қазақ деп жазылған.
Жанұяда мектеп жасына дейінгі балаларымен сөйлесу тілінің талдауы:
22 (43,1%) – тек қана орыс тілінде;
10 (19,6%) – тек қана чуваш тілінде;
6 (11,8%) – орыс және чуваш тілінде;
1 (2%) – тек қана башқұрт тілінде;
12 (23,5%) – мәліметі жоқ.
Жанұяда мектеп жасындағы балаларымен сөйлесу тілінің талдауы:
24 (47,1%) – тек қана орыс тілінде;
10 (19,6%) – тек қана чуваш тілінде;
5 (9,8%) – орыс және чуваш тілінде;
1 (2%) – тек қана башқұрт тілінде;
11 (21,6%) – мәліметі жоқ.
Жанұяда үлкендермен сөйлесу тілінің талдауы:
26 (51%) – тек қана орыс тілінде;
13 (25,5%) – тек қана чуваш тілінде;
6 (11,8%) – орыс және чуваш тілінде;
1 (2%) – тек қана башқұрт тілінде;
5 (9,8%) – мәліметі жоқ.
Басқа ұлт өкілдерімен сөйлесу тілінің талдауы:
40 (78,4%) – тек қана орыс тілінде;
1 (2%) – қавзақ және орыс тілінде;
1 (2%) – тек қана башқұрт тілінде;
9 (17,6%) – мәліметі жоқ.
Тілдік бөліктің талдауы чуваштар үлкен адамдармен, сондай-ақ балаларымен сөйлескенде орыс тілін 40-50% пайдаланады, ал 20-25 % респондент өз ана тілі чуваш тілін пайдаланады. Өзге қлт өкілдерімен тілдескенде 80% жағдайда орыс тілі пайдаланылады. Мемлекеттік тілді меңгеру дәрежесі өте төмен, ол бар-жоғы 2 % құрайды.
Сонымен, сауалнама нәтижесі мынаны көрсетті:
31 адам (60,8%) – орыс және чуваш тілінде еркін сөйлейді;
17 адам (33,3%) – орыс және чуваш тілінде еркін оқиды;
17 адам (33,3%) – орыс және чуваш тілінде еркін жазады;
20 адам (39,2%) – орыс және чуваш тілінде еркін түсінеді;
22 адам (43,1%) – орыс және чуваш тілінде кітап, газет, журнал және хабарландыруларды еркін оқиды;
21 адам (41,2%) – орыс және чуваш тілінде лекция, әңгіме, баяндама, телехабарлар мен радио тыңдайды;
21 адам (41,2%) – орыс және чуваш тілінде концерт тыңдау, спектакль көру ыңғайлы;
23 адам (45,1%) – қазақ және орыс тілдеріндегі фильмдерді ана тілінде түсіндірудің қажеті жоқ деп жауап берді.
Ресейдің құрамына кіргеннен кейін чуваштар православиелік бағыттағы христиан дініне күштеп кіргізілді. Бұл жағдай сауалнама нәтижелері бойынша расталды, респонденттердің басым бөлігі христиан дінін ұстанатындықтарын (62,7%) көрсетсе, басқа діндердің үлес салмағы 11,8% көрсетті: атеизм (7,8%), агностицизм (2%), тек 1 респондент қана исламды (2%) қстанатын болса, 1 респондент (2%) жауап беруге қиналды, қалғандары (23,5%) – сұраққа жауап берген жоқ.
Сауалнама алу барысында Қазақстандақ чуваш диаспорасы өкілдерінің көпшілігі ауыз әдебиеті үлгілері мен ана тіліндегі әдебиетті жақсы білетіндіктерін көрсетті. «Нарспи» поэмасын бірталай адам атады, себебі ол чуваш халқының сүйікті туындысы болып табылады, сонымен қатар Ф.Уярдың «Близ Акрамова», С.Асланның «Тридцатые годы», К.Турханның «Деревня в ветлах», М.Ухсаяның «Буйные ветры» шығармаларын білетіндіктерін көрсетті. Аңыздар мен хикаялардан «Батыр и Чиге-хурсухал», «Легенды об Улыпе», «Легенда о Киремете», «Чура батыр» және басқаларды және «Перевал», «Шывармань», «Дед Кельбук» поэмаларды атауға болады.
Чуваштардың әдет-ғұрпы пен дәстүрі ішінара орыс мәдениетінің әсеріне ұшыраған, чуваштардың әдет-ғұрыптары мен жораларының ішінде діни, христиандық рәсімдер басым. Діни рәсімдермен қатар осы күнге дейін пұтқа табынушылық заманынан бастау алған этникалық әдет-ғұрып пен дәстүрлер де сақталған. Сонымен, респонденттер чуваш этносының әдет-ғұрпы пен дәстүрлерін жақсы білуімен ерекшеленді. Олардың ішіндегі кең тарағаны «Манкун» мейрамы – көктемгі жаңа жылды қарсы алу және көктеммен байланысты мейрамдар: «Калам», «Симек». «Акатуй». Жаңа жылдық циклдағы мерекелер: «Сурхури», «Натуркан», «Кашарни», «Саварни». Сондай-ақ әдет-ғұрыптар мен дәстүрлердің арасында аталатындары:: «Улах» - жастардың отырысы кезеңі, «Синсе» - адамдардың дем алу мейрамы, қарттар іргеліктерге жиналып әңгіме-дүкен құрады, «Хер йерри» - қалыңдықты айттыру, сыра мерекесі және т.б.
Жұмыс түрі бойынша, жүргізілген сауалнама көрсеткендей, чуваштардың басым бөлігі қызмет көрсету саласының қызметкерлері (17,6%), жұмысшылар (11,8%) және мұғалімдер (3,(%) болып табылады. Дегенмен зейнеткерлер (15,7%) мен жұмыссыздардың (7,8%) үлес салмағы өте жоғары, ол респонденттердің 23,5% құрады. Қалған 15,7% қоғамның басқа да салаларында қызмет атқарады:
9 адам (17,6%) – қызмет көрсету саласының қызметкері;
8 адам (15,7%) – зейнеткер;
6 адам (11,8%) – жұмысшы;
4 адама (7,8%) – жұмыссыз;
2 адама (3,9%) – мұғалім;
1адам (2%) – студент;
1 адам (2%) – оқушы;
1 адам (2%) – мемлекеттік қызметкер;
5 адам (9,8%) – басқа;
8 (15,7%) – мәліметі жоқ.
Халықаралық жоба аясында хүргізілген зерттеу нәтижесі чуваштардың Қазақстанға қоныстануы тыңды көтеру кезімен байланысты болғанын көрсетті. Респонденттердің басым бөлігі өздерін Қазақстанның байырғы тұрғындарымыз деп есептейді, сауалнама алынған чуваш этносының 51 өкілінен «Сіздің жанұяңыз Қазақстанға жер аударылған ба?» деген сұраққа: 34 (66,7%) - жоқ деп жауап берді, 17(33,3%) – жауап берген жоқ, яғни мәліметі жоқ.
Осылайша, Қазақстанда бар-жоғы шамамен 7 мың өкілді құрайтын чуваш диаспорасы өздерінің этникалық даралығын, тілі мен мәдениетін, әдет-ғұрпы пен салт-дәстүрін сақтап қалған. Олар чуваш этно-мәдени орталығы тарапынан өткізілетін түрлі қоғамдық-мәдени ic-шараларға белсенді түрде қатысады, сонымен қатар көпұлтты Қазақстанның дамуы мен қалыптасуына өз үлестерін қосып отырады.
Пайдаланылған әдебиеттер

- Иванов В.П. Чуваши: этническая история и традиционная культура / В.П.Иванов, В. В.Николаев, В.Д.Дмитриев. - Москва: Дик, 2000.
- Электронный ресур: http://www.gks.ru
- Электронный ресурс: http://stat.kz/
- Каховский В.Ф. Происхождение чувашского народа. Основные этапы энической истории. — Чебоксары: Чувашское книжное издательство, 1965. — 484 с.
Жазбекова Ж.А.
Бейне
|
|