Посткеңестік Қазақстандағы түркі тілдер
  • Жоба жайлы
    • Жобаға қатысушылар
    • Байланыс
  • Түркі халықтары туралы
  • Басылым
  • Сауалнама толтыру
  • Нәтижелері
  • Галерея
  • Бұл қызықты
  • Орысша
  • Ағылшын

Түріктер

Фотография
Фотография
Фотография
Фотография
Қазақстандағы түрік диаспорасы екі субэтникалық топ – ахыска түріктері және Қара теңіз жағалауының хемшил түріктері  ретінде ұсынылады.

ҚЫСҚАША ТАРИХИ АНЫҚТАМА  
Түрік этнонимі, анатолиялық түріктерден басқа, сондай-ақ месхетин және Қара теңіз жағалауы түріктерінің атауы ретінде бекітілген. Ресей империясының ХІХ ғасырдағы дереккөздері мен құжаттарында  «мұсылмандар», «грузин-сүнниттер» деген атау басым болса, 1893 жылдан бастап оларды түріктер деп атай бастады.  1923 жылдан бастап оларға байланысты  «әзірбайжандықтар» деген термин қолданылды, ал сәл кейіндеу  «әзірбайжандық» деген атаудың синоним» «түрік» деген атау бекіді [1]. Депортацияланғаннан кейін құжаттарда олар «түрік», «советтік түріктер», кейде   «әзірбайжандықтар» деп бекітілді [2].
1989 жылдан бастап олар «месхетиндік түріктер» деген этноним шындыққа сәйкес келмейтіндігін мойындайды. Қазіргі кездегі грузиндік ғылыми және көпшілік әдебиетте «месхетиндіктер», «месхи» этнонимі басым [1, 2, 3].
Қазіргі кезде олардың арасында өзіндік атау «ахалцихиялық түріктер» (ахыска тюрклери) деген атау кең тараған.
Ахыскалардың тарихи отаны бұрынғы КСРО шекараларында Грузия жерінде болды, әсіресе месхетин түріктерінің басым көпшілігі  қазіргі кездегі Грузияның Түркиямен шекарасында, Аджар автономды республикасының батысы мен  Армения республикасының шығысында орналасқан Ахалцихия аймағында болды. Олар Қазақстанға 1944 жылы стралиндік респрессия кезінде жер аударылды. Депортацияланғаннан кейін месхетин түріктері құжаттарында  «түріктер» немесе «әзірбайжандықтар» деп жазылды.
Хемшил түріктері немесе басқаша оларды амшендік армяндар деп атайды, зерттеушілер үшін үлкен қызығушылық тудырады, себебі олар әлі де жабық және аз зерттелген этникалық топ болып қалып отыр. Конфессиялық жақтан хемшил түріктері мұсылман-сүнниттер болып табылады. 1944 жылға дейін хемшилдер Аджарияда тұрған, осы жерден олар грек, күрд, түріктермен бірге КСРО МҚК шешімімен «сенімсіз тұрғындар» ретінде жер аударған.  Оларды күштеп «арнайы переселендер» жағдайы бойынша аз топпен Оңтүстік Қырғызстан мен Қазақстанға қоныстандырған. Дегенмен, месхетиндіктер секілді, хемшилдер де 1956 жылы «арнайы қоныстандыру» әкімшілік бақылауынан босатылса да, оларға өздері жер аударылған аймақтарына қайтуға рұқсат берілген жоқ [3].
Хемшилдардың этникалық танымына тән нәрсе, осы кезге дейін олардың көпшілігі тең дәрежеде өздерін түрік деп те хемшил деп те санайды. Хемшилдардың түріктік танымының бірнеше мотивациясы бар. Ең бастысы – ол екі топтың мәдени (әрине, ең бірінші діни) бірлестігі. Одан кейін осының барлығы ресми құжаттарда да бекітілген: хемшилдардың басым бөлігінің кеңестік ішкі төлқұжатындағы «ұлты» деген бөлігінде  «түрік» немесе «түрік-хемшил» деген жазу бар [3].
 

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТҮРІК ЭТНИКАЛЫҚ ТОБЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ
 
Қазақстанда тұратын түркі этностарының ішінде саны жағынан басымдыққа ие топтар ішінде түріктерді атауға болады  [ҚР статистика Агенттігі, 2010].
Қазіргі кезде Қазақстанда тұрып жатқан түрік этникалық тобы – 1944 жылы Грузиядан депортацияланғандар. Өз туған жерлері Грузияға қайту мүмкіндігі болмаған түріктер  көптеген елдерде шашыраңқы орналасқан.
Алдын ала болжам бойынша Қазақстанда 180-200 мың түрік тұрады. 2009 жылғы халық санағының ресми мәліметтері бойынша олардың саны 105 000 деп көрсетілген [ҚР статистика Агенттігі, 2010]. Оның басты себебі көптеген азаматтар Кеңес Одағы кезінде өзгертіліп жазылған өздерінің ұлтының атауын әлі күнге дейін қалпына келтіре алмай отыр .
Түрік этникалық тобының өкілдері қазіргі кезде Қазақстанның оңтүстік аймақтарында: Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында тұрады. Ал, сауалнамаға қатысқан респонденттердің басым бөлігі Жамбыл облысында тұрады.

ТІЛДІК ЖАҒДАЙ

Қазақстанда түрік тілінің: ахыска, хемшил және лаз түріктерінің тілі секілді бірнеше нұсқасы бар. Ахыска түріктері йерли (жергілікті) және терекеме деп бөлінеді. Қазақстандағы түріктер қолданатын түрік тілінің нұсқаларының барлығы жазбаша емес және жоғалу алдында тұр [5].
Осы жерде, өткен ғасырдың 20-жылдары шекара жабылғаннан кейін және 1944 жылғы жер аударудан кейін негізгі түрік этникалық тобынан ажырап, өз Отанынан алыстаған түріктердің тілі мен дәстүрлерлі түрік мәдениетінің жекелеген элементтерің оқшаулануы пайда болғанын ерекше атап кеткен жөн [6]. Қазақстандық түріктердің тілі Түрік Республикасында кемал реформасы жүргенге дейінгі қалпын сақтап қалған. Оның үстіне қазіргі кезде қазақстандақ түріктердің мәдени  ассимиляциялану процесі (қазақ және орыс тілді мәдениетке бірдей) жедел түрде жүріп отыр және тек қана аға буын өкілдері сақтап отырған түрік тілі мен мәдениеті зерттеушілер тарапынан жазып алуды қажет етіп отыр [7]. Қазақстандағы түрік диаспорасы тіліне арнайы әлеуметтік-лингвистикалық зерттеу бұрын жүргізілген емес. 2017-2017 жылдар аралығында ҚР БжҒМ қаржыландыруымен «Қазақстанның түркі әлемі: тілдік нұсқалар, мәдени архетиптер, түрік диаспорасын ұқсастандыру» атты ғылыми зерттеу жұмысы жүргізіліп жатыр [8].

ҰЛТТЫҚ-МӘДЕНИ БІРЛЕСТІКТЕР
 
Еуропалық аз халықтардың мәселелері жөніндегі орталықтың (2011) мәліметі бойынша  әлемдегі месхетиндік түріктердің  (ахыска және хемшил) 60-70% Қазақстанда тұрады, олардың жалпы саны 105000 мың адам, оның ішінде 20995 мың адам Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары болып табылады. Алматыда 5194 адам тұрады, онда КСРО-ның кезінде-ақ бірінші Республикалық қоғамдық ұйым – «Түркия» мәдени орталығы құрылған [4]. Орталықтың негізгі міндеті түрік жастарын Қазақстан мен Түркияның жоғары рқу орындарында оқыту арқылы екі бауырлас халық – қазақ пен түріктердің бір-бірімен тығыз байланыс жасауына, Қазақстан халықтарының өзара  жан-жақты баюына,  ұлттық қатынастардың жақсаруына, ұлттық кадрларды (педагогтар, әдебиетшілер, мәдени және рухани қызметкерлерді) дайындауға ықпал ету. Ұлтаралық қарым-қатынастарды жақсарту мақсатында 1995 жылдың наурыз айында «Қазақстан халқы Ассамблеясы» құрылды.
«Қазақстанның түрік-ахыска қоғамының» (ҚТАҚ) аймақтық филиалдары мен жастар ұйымдары бар. ҚТАҚ 1996 жылы қайта аталған Түрік мәдени орталығының тікелей мұрагері болып табылады. Қазіргі кезде ҚТАҚ ресми статусқа және сатылы құрылымға ие.  ҚТАҚ филиалдары месхетиндік түріктер  (ахыска) тұратын оңтүстіктің үш облысының барлық аудандарында бар. Формальды түрде ҚТАҚ өз еркімен қайырымдылық жасау қаржысымен жұмыс істейді, дегенмен сауалнама алынған информанттар  қоғамның 90% қаржысы оның төрағасы Зиятдин Хусамовтың өз қаржысы екенін жасырмайды [4].
1990 жылдардың басында ТМО Қазақстан мен Түркияның арасындағы іскерлік және мәдени байланыстардың орнауына белсенді түрде қатысуға тырысты. Ұйым екі үкіметтен да қаржылай көмек алып тұрды. Айтарлығы, ТМО көшбасшылары  1991 және 1993 жылдардағы түрік-қазақ саммитіне қатысты. Түрік ұйымдары сонымен қатар ТМО түрік тілін оқыту және мешіттер мен мәдени орталықтарды тұрғызуды қоса алғандағы  бірнеше жобаларға серіктес ретінде тартты [4].

ҚАЗАҚСТАНДА ТҰРЫП ЖАТҚАН ТҮРІКТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДАН АЛЫНҒАН ӘЛЕУМЕТТІК-ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ САУАЛНАМАНЫҢ ТАЛДАУЫ

Сауалнамаға түрік этникалық тобының 206 өкілі қатысты, олардың ішінде ер адамдары - 143 адам (69,4%) және 63-і (30,6%) – әйел. Респонденттердің жанұяларының ішінде 40-ы (19,4%) 1944 жылы Қазақстанға жер аударылған, ал сауалнамаға қатысқан 49 респондент (23,8%) Қазақстанда дүниеге келгендер (қараңыз: www.tyurki.weebly.com ).
Мәліметтерді талдау кезінде біз респонденттердің төлқұжаты мен өзіндік танымы бойынша ұлтын анықтау мәселесінде біраз қиыншылықтар мен алшақтықтармен бетпе-бет келдік. Осылайша, сауалнама алынғандардың 206 адамның ішінде 195 респондент (94,7%) төлқұжаты бойынша түрік деп жазылса, 2 адамнан (1,9%) ұлты деген жерде түрік-хемшил және түрік-месхетин деп көрсетілген, 1 адамнан (0,5%) өзбек, орыс және қарайым деп жазылса; 4-еуінің (1,9%) – мәліметі жоқ (www.tyurki.weebly.com.
Мәліметтер талдамасы түрік этносы өкілдерінің түрік, месхетин, хемшил, өзбек, әзірбайжан деп жазылғанын көрсетті. Ал өзіндік таным мәселесінде респонденттердің ара салмағында айтарлықтай алшақтық байқалды, сонымен, 251 респондент өздерін түрік деп таниды, ол жоғарыда көрсетілген мәліметтегіден 45 адамға артық. Бұл жағдай түрік этносы өкілдерінің әр түрлі жағдайларға байланысты басқа ұлт болып жазылып кетуімен анықталған факті болып табылады, дегенмен олар өздерін түрік деп таниды. Отбасын құру мәселесінде түріктердің ұлдары өз ұлтының өкілдерінің қызына үйленуді қалайтын болса, қыздары да түрік жігіттерге тұрмысқа шығуды қалайды, дегенмен ішінара басқа ұлттармен некелер де кездесіп қалады.
Осы бағыттағы сауалнама бөлігінің талдауы келесі жағдайды көрсетті: 
174 респонденттің (94,7%) әкесінің ұлты түрік;  23-ніңкі (11,2%) – түрік-месхетин; 2 (1%) – түрік-хемшил және 1 адамнан (0,5%) – қазақ және әзірбайжан, 4-еуінің (1,9%) – мәліметі жоқ. Аналарының ұлты 9 ұлт өкілдерімен анықталды: 159 респонденттің анасы (77,2%) түрік, 2-еуініңкі (1%) түрік-хемшил, түрік-лаз,  11-нің анасы (5,3%) – қазақ; 9-ныңкі (4,4%) – әзірбайжан; 6-уыныңкі (2,9%) орыс; 4-нің (0,5%) – ұйғыр; 3 адамнан (3,2%) өзбек және қырғыз аналар; 2 респонденттен аналары (1%) – шешен, күрд кездессе, 2-нің (1%) – мәліметі жоқ.
Осылайша, сауалнамаға қатысқан респонденттердің ұлты өз әкелерінің ұлтымен, яғни түрік деп анықталған, ал аналарының ұлты түрлі түрік этникалық топ өкілдері (әзірбайжан, қазақ, өзбек, қырғыз), сонымен қатар басқа да ұлт өкілдері (орыс, күрд, шешен) деп көрсетілген.
Түрік аралас некелі жанұяларында басты орынды әке алады. Ал ұлтты анықтауда ұлтына қарамастан әкелік таным басым болып табылады, сондықтан да жанұядағы балалар әкесінің ұлтымен жазылады.
Этникааралық некелерде түрік жігіттері де түрік қыздары да басқа ұлт өкілдеріне үйленіп, тұрмысқа шыға алады. Дегенмен, олар өз ұлтының өкілдерімен некелесуге, сол арқылы өз тілдері мен ұлттық мәдениетін, дәстүрін сақтап қалуға тырысады.
Екінші ұрпақ, яғни ерлі-зайыптылардың бірі түрік емес жанұяларда мынандай жағдай байқалды:
Балалардың 49%-ы (101) түрік;
3 бала (1,5%) - қазақ,
1 бала (1%) – хемшил деп жазылса,  100 респонденттің (48,5%) – мәліметі жоқ.
Зерттеу талдамасы месхетин түріктері (ахысқа) және хемшил түріктері Қазақстанда 70 жылдан астам уақыт тұрып жатса да өздерін түрік деп таниды. Біздіңше оған  бірнеше  фактор әсер еткен:
- бірігу нәтижесінде этностың іріленуі және осыған байланысты, басқа жерде олардың өмірге бейімделуінің жоғарылауы;
- түріктердің бағзы заманнан ахысқа түріктері және хемшил түріктері тұрып жатқан Түрік Республикасын Грузияның орнына өздеріне тарихи этникалық Отаны деп тануы;
- этникалық мәдениетін, тілдерін және т.б. сақталуына ыңғайлы жағдай тудыру;
- жас ұрпақтың Түркияға көшуіне жағдай жасалуы.
Сауалнамада тілдік бөлікке үлкен орын берілген. Тілдік байланыс және этникалық таным. Дегенмен, этникаға жатуды анықтайтын бірден-бір фактор өзінің эмоционалдық әлеуетін сақтайтын тіл болып қала береді.
Зерттеу нәтижесінде анықталған фактілер тілдің кез келген ұлттың сол ұлт өкілі ретіндегі басты белгісін көрсететін элемент болып табылатыны ақиқат шындық екенін тағы да дәлелдеп берді.
Сауалнаманың тілдік бөлігі (Е-3) келесі сұрақтардан тұрды:
  • Сіздің ана тіліңіз;
  • Тағы да қандай тілдерде сөйлейсіз, түсінесіз, оқи аласыз;
  • Тілді меңгеру дәрежеңіз;
  • Сіздің ана тіліңіз туған-туыстырыңызбен, қоғамда қаншалықты дәрежеде қолданылады;
  • Сіз өз ана тіліңізде оқыдыңыз ба;
  • Қай тілді (тілдерде) Сіз айтылған сөзді түсіне аласыз;
  • Ұлттық танымды анықтау және тілдің орны;
  • Мәдениет пен дәстүрді сақтауда тілдің орны;
  • Ана тілі және БАҚ, олардың байланысы;
  • Сіз ана тілінің мектептерде пән ретінде оқылғанын қалайсыз ба;
  • Сіздің өміріңіздегі қазақ тілінің орны.
  • үрік отбасылары өздерінің ішінде туған-туысқандарымен тек қана ана тілінде тілдеседі (ахысқа, хемшил, терекеме). Бірақ әрбір жаңа ұрпақтың дүниеге келуімен бірге ана тілін қолдану дәрежесі төмендеп келеді. Жанұядағы үш буын өкілдерінің болуы ана тілінің сақталуына жағдай жасайды. Дегенмен, қазіргі кездегі қазақстандық қоғамдағы өзгерістер басқа тілдерді де білуді: қазақ (мемлекеттік), орыс (этникааралық тілдесу), ағылшын (халықаралық) ұсынып отыр.
Сауалнамаға қатысқан түрік этносы өкілдерінің барлығы ана тілін білген маңызды дегенмен, аға буын өкілдерінің азаюына байданыстыана тілін меңгеру әлсіреп және отбасындағы орны төмендеп бара жатқанын мойындайды. Сондықтан ана тілін тек аға буын өкілдері ғана жақсы біледі, орта буын жақсы ауызекі тілін меңгерген.   Жас буын өкілдері көп тілді болып табылады, олар басқалармен тілдескенде түрік, орыс, қазақ, орыс-түрік, орыс-қазақ тілдерін бірдей қолданады. Зерттеу нәтижесі мыналарды көрсетті:
 
Жанұяда мектеп жасындағы балаларымен сөйлесу тілінің талдауы келесіні көрсетті:
95 (46,1%) – тек түрік тілінде;
19 (9,2%) – тек орыс тілінде;
20 (9,7%) –  орыс тілінде және түрік тілінде;
6 (2,9%) – қазақ және түрік тілінде;
30 (14,6%) – қазақ, орыс және түрік тілінде;
6 (2,9%) – қазақ және орыс тілдерінде;
5 (2,4%) – тек қазақ тілінде, 1 адамнан (0,5%) – башқұрт және қырғыз тілінде; 23 респонденттің (11,2%) – мәліметі жоқ.
 
Жанұяда үлкендермен сөйлесу тілінің талдауы:
128 (62,1%) – тек түрік тілінде;
13 (6,3%) – тек орыс тілінде;
17 (8,3%) –  орыс және түрік тілінде;
2 (1,1%) –  орыс және өзбек тілінде;
9 (4,4%) – қазақ және түрік тілінде;
11 (5,9%) – қазақ, орыс және түрік тілінде;
5 (2,4%) – қазақ және орыс тілінде;
1 адамнан (0,5%) – тек қазақ, башқұрт және қырғыз тілінде;
20-ның(1,6%) – мәліметі жоқ.
 
Басқа ұлт өкілдерімен сөйлесу тілінің талдауы:
41 (19,9%) – тек орыс тілінде;
79 (38,3%) – қазақ және орыс тілінде;
9 (4,4%) –  орыс және түрік тілінде;
20 (9,7%) – қазақ, орыс және түрік тілінде;
13 (6,3%) – тек қазақ тілінде,
5 (2,4%) – тек түрік тілінде; 39-ның (18,9%) – мәліметі жоқ.
Тілдік бөлімнің талдауы түріктер үшін басқа ұлт өкілдерімен сөйлесуде орыс тіліне басымдық берілетінін көрсетті www.tyurki.weebly.com.
Сонымен, талдау қорытындысы бойынша мынандай жағдай анықталды:
Қазақ, орыс және түрік тілдерінде барлығы 20 адам  (9,7%) еркін сөйлейді.
Көпшілік транспортта, дәрігердің қабылдауында, нотариалдық контораларда орыс және қазақ тілін қолданады:
92 адам (44,7%) – қазақ және орыс тілін;
71 адам (34,5%) – орыс тілін;
8 адам (3,9%) – қазақ тілін;
7 адам (3,4%) – түрік тілін;
3 адам (1,3%) – орыс және түрік тілін;
5 адам (2,4%) – қазақ, орыс және түрік тілін, ал 20 респонденттің (9,7%) – мәліметі жоқ.
Дегенмен, 57 адам (27,7%) – түрік, қазақ және орыс тілдерінде еркін оқи алады
18 адам (8,7%) – әзірбайжан, қазақ, орыс, түрік және өзбек тілдерінде еркін оқи алады;
36 адам (17,5%) – түрік тілінде еркін оқи алады;
23 адам (11,2%) – орыс және түрік тілінде еркін оқи алады;
9 адам (4,4%) – орыс тілінде еркін оқи алады;
2-е (1%) – қазақ, түрік және басқа тілдерде еркін оқи алады;
5 адам (2,4%) –қазақ және түрік тілінде еркін оқи алады;
4 адам (1,9%) – қазақ, орыс, түрік және өзбек тілдерінде еркін оқи алады;
2-е (1%) – қазақ, орыс және түрік тілінде еркін оқи алады;
5 (2,4%) – қазақ, орыс, түрік және басқа тілдерде еркін оқи алады;
11 адам (5,3%) – әзірбайжан, қазақ, орыс және өзбек тілдерінде еркін оқи алады;
3-е (2,4%) – ағылшын, қазақ, орыс және түрік тілінде еркін оқи алады;;
3-е (2,4%) – ағылшын және түрік тілінде еркін оқи алады;
1 (0,5%) – ағылшын, орыс және түрік тілінде еркін оқи алады;
1 (0,5%) ағылшын, қазақ, түрік және басқа тілдерде еркін оқи алады; 10-ның (4,9%) – мәліметі жоқ.
51 адам (24,8%) –түрік, қазақ және орыс тілінде еркін жазады;
67 адам (32,5%) –түрік, қазақ және орыс тілінде еркін түсінеді;
41 адам (19,4%) – түрік, қазақ және орыс тілінде газет, журнал және хабарландыруларды еркін оқи алады;
60 адам (29,1%) үшін түрік, қазақ және орыс тілінде лекция,  әңгіме, баяндама, телехабарлар мен радио тыңдау ыңғайлы;
65 (31,6%) респондентке  түрік, қазақ және орыс тілінде концерт тыңдау, спектакль көру ыңғайлы;
94 адам (45,6%) – қазақ және орыс тілдеріндегі фильмдерді ана тілінде түсіндірудің қажеті жоқ деп, ал 17 респондент (8,3%) түсіндіруді қажет ететіндіктерін көрсетті.
Жеке таным бойынша түрік этносының өкілдері өздерінің топтарын этникалық және діни топпен байланысты анықтайды. 169 респондент (82%) исламды ұстанса, 3-еуі (1,5%) – агностицизмді ұстанатынын көрсетті, ал 34-нің (16,5%) – мәліметі жоқ.
Этникааралық саладағы негізгі проблемаларды түрік этникалық тобы өкілдері (24 респонденттің ішінде) былайша көрсетті:
  • кейде қазақтармен – 1 адам (4,1%);
  • күрдтермен  – 2 адам  (8,3%);
  • армяндар, күрдтермен – 1 адам (4,1%).
  • орыстармен – 1 адам (4,1%).
  • жоқ, біздің село тату – 19 адам (79,1%);
Осылайша, қазақстандық түріктердің басым көпшілігі қазақтар мен Қазақстанда тұрып жатқан басқа да этникалық топтар арасында жүйелілік қасиетке ие шиеленіс жоқ деп есептейді. Қазақстанға  жер аударылғандарына 70 жылдан астам уақыт өтсе де түріктер Қазақстанға ойдағыдай кірігіп кеткен, өздерін осы жерде қауіпсіз және жайлы сезінеді, орта және жас буын өкілдері Қазақстанды өз Отаны ретінде таниды.
Қазіргі кезде түріктердің әлеуметтік жағдайы өзгерді. Сауалнама нәтижесі бойынша түріктердің арасында мынандай кәсіп иелері кездеседі::
мұғалімдер - 22 адам (16,5%);
жұмысшылар - 38 адам (18,4%);
қызмет көрсету саласындағылар - 22 адам (10,7%);
мемлекеттік қызметкерлер -  6 адам (2,9%);
сауалнамаға қатысқан 16 адам (7,8%) - жұмысссыз;
47 адам (22,8%) қызметтің басқа да түрлерімен айналысады,  8-нің (3,9%) – мәліметі жоқ.
Респондеттер арасында оқушылар да болды, олардың 34-і (16,5%) студент және 13-і (6,6%) – мектеп оқушылары.
Халық ауыз әдебиеті үлгілерінен респонденттердің 55-і (65,5%) оларға аталары мен әжелері айтып берген ертегі, мифтерді («Сказка о Сердаре», «Сказка о желтом тюльпане», «Дельфирил ханым», «Дочь падишаха», «Сказка про птицу ворону», «Туткун Суюм бикенин ани», «Чура ботир», «Алпомиш», «Пархад-Ширин», «Лейли-Мажнун», «Ленивый Ахмед», «Сказка о Тали баба», «Юсуф и Зелиха», «Султан кызы и махараджа улы», «Тысяча и одна ночь», легенды о Ходже Насреддине и т.д.),«Коркут», «Келоглан»  білетінін, ал 34,5% (19 адам) ауыз әдебиеті үлгілерін білмейтіндіктерін көрсетті.
Сауалнама соңындағы «Сіз өз жауаптарыңызға тағы нені қосқыңыз келеді? Сіздің мектепте оқыту, мәдени-ағарту жұмыстары, ана тілінде кітап пен үнқағаз шығару туралы қосып-алатын ұсыныстарыңыз бар шығар» деген сұраққа 25 респонденттің 12-сі былай деп жауап берді:  «Түрік тілінде балаларға арналған әдебиеттер шығарылса» – 2 адам (4%); «Балаларға ана тілін көп оқытса» – 4 адам (16%); «Қазақстанда тілдерді білу маңызды» – 1 адам (4%); «Тату-тәтті өмір сүру» – 1 адам (4%). Респонденттер зерттеушілерге түрік халқының тіліне, салт-дәстүріне, мәдениетіне қызығушылық білдіргені үшін ризашылықтарын білдіреді – 4 адам (16%). Қалған 13 адам (52%) –комментарий берген жоқ.
Сонымен, зерттеу нәтижесінің талдамасы көрсетіп отырғандай, Қазақстанда тұрып жатқан түрік этникалық тобының өмірінде барлық саланы қамтыған өзгерістер болды. Соның ең бастысы ана тілін қолдануда байқалды. Себебі ана тілін таза күйінде тек аға буын өкілдері ғана пайдаланады, ал орта және жас буын өкілдері орыс-түрік және қазақ-түрік тілдерін қатар пайдаланушы билингвист болып табылады.
Осы мәселеде тағы да бір қызықты факті ретінде қазіргі кездегі түрік жастарының арасындағы Түркия Республикасында қолданылатын заманауи түрік тіліне деген қызығушылық пен оның кең түрде қолданылып отырғанын атап көрсету қажет. Себебі түрік этникалық тобының жас буын өкілдері ана тілінің (ахысқа, терекеме, хемшил) орнына заманауи түрік тілінің лексикасы мен грамматикалық формаларын пайдалануды жөн санайды. Оның себептерінің бірі ретінде заманауи түрік тілінің ақпараттық технологияларда пайдалану мүмкіншіліктерінің кеңеюі мен Интернет қорларындағы қолжетімдігін атауға болады. Сонымен қатар қазақстандық түрік жастарының Түркия Республикасында қолданылатын заманауи түрік тілін меңгеруінің басқа жолдары ретінде спутниктік теледидарлар арқылы көпшілікке танымал түрік сериалдарының, телехабарларының көрсетілуін, сонымен қатар Түркия Репсубликасына барып жұмыс істеудің қолжетімдігін атап көрсетуге болады [9].
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Еремеев Д.Е. Этногенез турок: (Происхождение и основные этапы этн. истории).— М.: Наука, 1971.— 272с.
2. Гаджиев А. На чужбине. Этническая культура ахалцихских (месхетинских) турок. Б., 1992.
3. Торлакян Б. Г. Этнография амшенских армян // Амшенская библиотека. № 1. Историко-этнологический сборник. Краснодар, 2002
4. http://www.ahiska-gazeta.com/kz/centerhistories/95/
5. Невская И.А., Тажибаева С.Ж. Современная тюркология и международное сотрудничество на евразийском пространстве. – Global-Turk. International Journal for Information and Analytics. – Turkic Academy. - №1, 2014.
6. Nevskaya I., Tazhibayeva S. 2015 b. Sociolinguistic situation of Oguz Turks in post-Soviet Kazakhstan In: Oguzlar. Dilleri, Tarihleri ve Kulturleri – Ankara, 2015 – P. 321-334. – ISSN 978-975-491-405-4.
7. Nevskaya I., Tazhibayeva S. 2015b. Turkic Languages of Kazakhstan: Problems and research perspectives. In: Lars Johanson (ed.) Turkic Languages. Volume 16, 2014. Numbers 1/2. – P. 289-302. – Harrassowitz Verlag. Weisbaden, 2015. ISSN 1431-4983.
8. Тажибаева С.Ж., Невская И.А., Ринд-Павловски М. Документирование исчезающих языков: международный опыт, методы, технологии – Вестник ЕНУ, №5 (114) 2016б -I часть – С. 159-167.
9. Невская И.А., Тажибаева С.Ж. Документирование исчезающих вариантов турецкого языка и создание электронной базы социолингвистических исследований – Түрк әлемі және халықаралық байланыстар: Тарих, Тұлға, Келешек – Халықаралық ғылыми теоретикалық конференция материалдары – Астана, 2017. – С. 248-252
Тажибаева С.Ж.
​Аудармашы: Муртазаева Б.

Powered by Create your own unique website with customizable templates.