Посткеңестік Қазақстандағы түркі тілдер
  • Жоба жайлы
    • Жобаға қатысушылар
    • Байланыс
  • Түркі халықтары туралы
  • Басылым
  • Сауалнама толтыру
  • Нәтижелері
  • Галерея
  • Бұл қызықты
  • Орысша
  • Ағылшын

Түрікмендер

Қазақстандағы көпұлттылық құрамның қалыптасуы XV ғасырдың ортасында, түркі және ішінара моңғол тайпаларының бірі болған қазақ ұлтының  этногенезі  аяқталған Қазақ хандығының тұсында басталды. Бұдан әрі қарай XX ғасырдың ең басынан дейін қазақтар Қазақстан халқы  санының басым бөлігін  құрады. Қазақстанда 130-дан аса ұлттық топ өмір сүреді. Түрікмен диаспорасы – Қазақстандағы көптеген түркі диаспораларының бірі
 
Қысқаша тарихи анықтама
Түрікмендер   - түркі тілдер тобының оғыз бұтағына  кіретін, Түрікменстанның негізгі халқын құрайтын түркі тілдес халық. Сондай-ақ Ауғанстанда, Иранның солтүстік-шығысында кездеседі. Түрікмен диаспорасы ТМД елдерінің барлығында, сонымен қатар Қазақстанда да өмір сүреді, 2009 жылғы халық санағының мәліметі бойынша елімізде 2234 түрікмен диаспорасы өкілі тұрады.
Қазақстанның түрікмен диаспорасы еліміздің аумағында ежелден бері тұрады және өз тұрмысы мен мәдениеті жағынан қазақ халқына өте ұқсас. Бұл екі халықты ортақ тарих та байланыстырады, себебі қазақ-түрікмен ара қатынастарының тамыры тереңде жатыр, олардың байланысы әсіресе  Кіші жүз тайпалармен тығыз байланысты болды. Қазақ және түрікмен руларында бірдей тектер мол кездеседі: таздар, шихтар, тана керей (ж.ерей), сары,  тоқтамыс (тоқтамыш). Сондай-ақ осы халықтардың қалыптасуына қарлұқ және қыпшақ тайпалары қатысқан. Түрікмен халқының қалыптасуына көж.алдағы отырықшы ирантілді  тұрғындар да айтарлықтай әсерін тигізді.
Каспий теңізінің жағасында түрікмендер ежелден қазақтармен көршілес өмір сүрді. Аңызға сәйкес: "Қазақтар мен түрікмендер өзара туыстас болған. Адайдың Қосай руының ұлы анасы  - түрікмен әйел Оғыл-Меңлі. Қарт Қосай Шу өзенінен өтер кезде бар отбасынан айрылып қалғанда, оған  бірінші болып қол ұшын берген түрікмен досы және оған жас қызын тұрмысқа берді. Осыдан да бұл ру тағы да түрікмен-адай деп аталып кеткен». Мұндай аумақтық жақындық салт-дәстүр, әдет-ғұрып, дін, тарихи тағдырдың жақындығын да тудыратыны белгілі. Өткен ғасырдың 20-шы жылдары шекараны межелеуден кейін түрікмендердің көпшілігі Маңғыстау облысы аумағында өмір сүруге қалып қояды. Қазіргі кездегі түрікмен тектес қазақстандықтардың бір бөлігі әскери қызметтерін бітіргеннен кейін және  тың игеруден кейін қалып қойғандар. Немесе - КАРЛАГ қабырғасынан босағаннан кейін қалғандар. Бүгінде елімізде көптеген қазақ-түрікмен аралас жанұялары өмір  сүреді.
 

Түрікмендердің саны мен тұратын жерлері 
Түрікмендердің басым көпшілігі Түрікменістанмен шекаралас оңтүстік және орталық облыстарында тұрады. Жүргізілген сауалнама нәтижелері бойынша түрікмендердің қоныстануы мынадай түрде беріледі:  46,9% (15 адам) Жамбыл облысында, 18,8% (6 адам), Ақмола облысында, 15,6% (5 адам), Оңтүстік Қазақстан облысында 12,5% (4 адам) Алматы облысында тұрақтанған. Осылайша, түрікмендердің басым көпшілігі Оңтүстік аймақтарда шоғырланған. Сауалнама алынғандардың 50% ол 16 адамды құрады, өздерінің тарихи отаны Түрікменстанда, 6,3% (2 адам) Қазақстанда және тек 3,1% (1адам) Өзбекстанда туылған, олардың ішінде аналарының туған жері 12,5% (4 адам) - Түрікменстанда және 3,1% (1 адамнан) Қазақстан мен Татарстанға тиесілі, қалған 81,3% (26 адам) сұраққа жауап бермеген, ал әкесінің туған жері 15,6% (5 адам) - Түрікменстан және 3,1% (1 адам) – Қазақстан, қалған 81,3% (26 адам) сұраққа жауап берген жоқ.
 

Қазақстанның халық санағының нәтижесі бойынша түрікмен диаспорасы халқы санының динамикасы:1970 ж. – 3265 адам
1979 ж. – 2241 адам
1989 ж. – 3718 адам
1999 ж. – 1729 адам

 
Түрікмендердің ұлттық-мәдени бірлестіктері және олардың тілі мен мәдениетін қолдау
Қазақстанда Түрікмен қоғамдық-мәдени орталығы (Алматы) жұмыс істейді, Маңғыстау, Қостанай және Қарағандыдағы  түрікмен ұлттық-мәдени орталықтары  Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметіне белсенді түрде  қатысады.
Этномәдени орталықтарда жексенбілік мектептер жұмыс істейді. Олардың мақсаттары мен міндеттері түрікмен ана тілін білуді кеңейту мен қазақ тілін меңгертуге бағытталған. Қазақстан Республикасының Түрікмен қоғамдық-мәдени орталықтары баспа қызметін белсенді түрде жүргізеді. 2000 жылы түрікмен поэзиясының классигі Мақтымқұлы Фрагидің шығармалар жинағы қазақ тіліне аударылып, жарық көрсе, 2004-2005 жылы -  Сапармурат Ниязовтың  "Рухнамасы" аударылды. 2002-2004 жылдары академик К.Н.Аманниязовтың   "Маңғыстау - атамекен" және "Маңғыстау түрікмендері" кітаптары жарық көрді.
 
Тілдік жағдай
Түрікмен тілі түркі тілдері тобындағы оғыз бұтағына жатады. Түрікмен тілі даму барысында қыпшақ тілдерінің әсеріне ұшыраған, сондықтан да кей тұстары қазақ тіліне ұқсас келеді. Түрікмен тілі оғыздардың батыс тайпа тілдері негізінде қалыптасқанымен, өзінің даму барысында қыпшақ тілдерінің кейбір белгілерін қабылдаған. Негізгі диалектілері теке, йомуд, гоклен, ерсары, салыр, сарық, чаудор, нохур, қарадашлы, алили, сурхы, хатап, мукры, эски, арабачи, чечес, баят, сакр, кырач, чандыр, хасар, емрели, дуечи, мурче, мехинли, т.б. этнос топтардың атымен аталады. Морфологиялық типі бойынша агглютинаті тілге жатады, грамматикалық құрылымы бойынша түрікмен тілі синтетикалық тілдің бірі. Қазақстан аумағында түрікмендер   көбіне орыс-түрікмен немесе қазақ-түрікмен билингвизмін пайдаланады.
 

Сауалнама нәтижесі бойынша түрікмендердің әлеуметтік-лингвистикалық жағдайын статистикалық талдау 
Жоба аясында Пост-кеңестік Қазақстандағы түркі халықтарының тілі мен мәдениетінің арасындағы қарым-қатынас әңгімелесу (интервью алу), сауалнама толтыру және оны өңдеу тәсілі арқылы анықталды.
Халықаралық жоба аясында жасалған зерттеу нәтижесі өз ата-бабаларының Қазақстанға қоныстануының тарихын дұрыс және қашан көшіп келіп, қоныстанғаны туралы нақты мәліметтерді білмейтіндіктерін көрсетті. Сондықтан респонденттердің басым көпшілігі өздерін Қазақстанның байырғы тұрғынымыз деп есептейді. Сауалнама алынған 32 түрікмен этносының өкілі «Сіздің жанұяңыз Қазақстанға жер аударылған ба?» деген сұраққа былайша жауап берді:  14 (43,8%) -жоқ, 18 (56,3%) – жауап берген жоқ, тек 4-еуі ғана (0,9%) – ия деп жауап берді.
Этникаға жату: 32 адам сауалнама алынған түрікмен-респондент.
Этникалық таным: 28 адам. (87,5%) сауалнама алынғандар өздерін түрікмендер, 2 адам. (6,3%) сөздерін өзбек деп таниды, ал 2-еуінің (6,3%) мәліметі жоқ.
Сауалнама алынған 32 адамнан, 28 респондент (93,3%) төлқұжаты бойынша түрікмен, ал қалған 4 адамның (6,7%) мәліметі жоқ;
Әкесінің ұлты: 30 адам (93,8%) – түрікмендер,  2 адам (6,3%) – өзбек.
Ал анасының ұлты тарапынан  сауалнама алынғандар 5 ұлтқа таратылды: 20 адам (62,5%) – түрікмен; 5 (15,6%) – өзбек; 5 (15,6%) – қазақ; 1 адамнан (3,1%) әзірбайджан мен татар.
Сауалнама нәтижесі бойынша, 32 сауалнама алынған түрікменнің 47% (15 адам) әйел және 41%  (13 адам) ер адам этникаға жату бойынша өздерін түрікмен деп анықтады, 6,3% өздерін өзбек (2 адам) деп таныды, 6,3% респонденттің (2 адам) – мәліметі жоқ. Сауалнама нәтижесі жанұя басшысы көбіне түрікмен диаспорасына жататыны анықталды, яғни сауалнама алынғандардың 93,8% әкесі – түрікмен және 6,3% респонденттің әкелері өзбек диаспорасына жататынан көрсетті. Сондай-ақ,  62,5% респонденттің аналары түрікмен этносына, қалған 15,6%  - қазақ, және 1 адамнан түрік және өзбек ұлтына жататынын көрсетті. Дегенмен, балалары әкелерінің ұлтын алады себебі  респонденттердің көпшілігі өздерін түрікмен деп есептейді.
Қазіргі кезде аралас некелерді көптеп кездестіруге болады, дегенмен, түрікмендер   көбіне өз ұлтының өкілігне үйленеді және қыздары да солай, алынған сауалнама нәтижесі көрсетіп отырғандай өзге ұлт өкілдерінің ара салмағы көп емес, 18,8% респондент – қазақтар және тек 9,4% түрікмендерге үйленген немесе тұрмыста, және аздаған бөлігі ғана түрік және өзбек ұлтына тиесі екенін көрсетті.

Балаларының ұлты:
7 (21,9%) осындай некедегі балалар түрікмен;
3 адам (9,4%) қазақ,
1 адам (3,1%) – өзбек деп жазылса,
21-нің (65,6%) – мәліметі жоқ.
 
Қазіргі уақытта Қазақстандағы тіл саясаты туралы мәселе өте өткір қойылып отыр. Мемлекеттк тілдің мәртебесін нығайту жөніндегі жасалып отырған шараларға қарамастан, қарым-қатынас тілі тілі ретінде ресми  орыс тілі барлық салаларда әлі күнге дейін белең алып отыр. Оған алынған сауалнаманың нәтижелері дәлел болып табылады, отбасында мектеп жасына дейінгі балалармен,  ересектермен және жұмыста сөйлесу тілі ретінде орыс тілін  пайдалану басым екенін көрсетті.
 
Жанұяда мектеп жасына дейінгі балаларымен сөйлесу тілінің талдауы келесіні көрсетті:
8 (25%) – түркімен тілі мен орыс тілін пайдаланады;
9 (28,1%) – тек орыс тілінде;
5 (15,6%) – қазақ және түркімен тілінде;
5 (15,6%) – орыс және түркімен тілінде;
2 (6,3%) – қазақ, орыс және түркімен тілінде;
және 1 адамнан (3,1%) – қазақ, түрікмен және орыс, тек өзбек тілінде; түрік және түрікмен тілінде;
1 адамның (3,1%) – мәліметі жоқ.
 
Жанұяда мектеп жасындағы балаларымен сөйлесу тілінің талдауы келесіні көрсетті:
12 (37,5%) – тек қана түркімен тілінде;
9 (28,1%) – тек қана орыс тілінде;
5 (15,6%) – орыс және түркімен тілінде;
2 (6,3%) – тек қана қазақ  тілінде;
1 адамнан (3,1%) – қазақ, түрікмен тілі мен орыс тілінде; тек қана өзбек тілінде;  әзірбайжан, орыс және түрік тілінде;
2 (6,3%) – мәліметі жоқ.
 
Жанұяда үлкендермен сөйлесу тілінің талдауы:
9 (28,1%) – тек қана түркімен тілінде;
9 (28,1%) – орыс және түркімен тілінде;
5 (15,6%) – тек қана орыс тілінде;
3 (9,4%) – қазақ  и түркімен тілінде;
3 (9,4%) – қазақ, орыс және түркімен тілінде;
1 адамнан (3,1%) - қазақ және орыс тілінде; тек қана өзбек тілінде; қазақ, орыс және өзбек тілінде.
 
Басқа ұлт өкілдерімен сөйлесу тілінің талдауы:
10 (31,3%) – тек қана орыс тілінде;
8 (25%) – қазақ және орыс тілінде;
4 (12,5%) – тек қана түрікмен тілінде;
3 (9,4%) – қазақ  тілінде;
2 (6,25%) –түрікмен және орыс тілінде;
1 адамнан (3,1%) – орыс және өзбек тілінде; қазақ, орыс және ағылшын тілінде; қазақ, түрік, түрікмен, орыс және ағылшын тілінде;
2 (6,25%) – мәліметі жоқ.
Сауалнама алынған респонденттердің түрлі жас категорияларына жататындығын, сонымен қатар аға буын өкілдерінің кеңестік дәуірде орыс тілінде білім алғандарын есепке алу қажет. Сондықтан сауалнама алынғандардың 50% мектепке дейінгі және бастауыш білімді орыс тілінде, ал қалғандары басқа тілдерде және соның ішінде 6,3% қазақ  тілінде білім алғаны анықталды.
Ата-аналарының ұлтына қарай, Қазақстанның түрікмен диаспорасы өкілдерінің арасында  көп жағдайларда орыс-түрікмен билингвизмін қолдану кездеседі, ал кейбір жағдайдарда көптілділік те (орыс, қазақ және ана тілі) кездеседі. Әлеуметтік лингвистикалық сауалнаманың нәтижесі бойынша түрікмендер   өз ана тілін жақсы меңгерген, оны ресми орыс тілімен және мемлекеттік қазақ тілімен қатар өмірдің түрлі саласында жиі қолданады деуге болады. Дегенмен, сөйлесу тілін таңдау кезінде бәрібір орыс тіліне басымдық береді.
Сонымен, сауалнама талдауы мынаны көрсетті:
6 адам (18,8%) – түрікмен, қазақ және орыс тілдерінде еркін сөйлейді;
3 адам (9,4%) – түрікмен, қазақ және орыс тілдерінде еркін жазады;
2 адам (6,3%) – түрікмен, қазақ және орыс тілдерінде еркін оқиды;
7 адам (21,8%) – түрікмен, қазақ және орыс тілдерінде еркін түсінеді;
8 адам (25%) – түрікмен, қазақ және орыс тілдерінде кітап, газет, журнал және хабарландыруларды еркін оқиды;  
4 адам (12,5%) – түрікмен, қазақ және орыс тілдерінде лекция,  әңгіме, баяндама, телехабарлар мен радио тыңдайды;
6 адамға (18,8%) – түрікмен, қазақ және орыс тілдерінде концерт тыңдау, спектакль көру ыңғайлы;
17 адам (53,1%) – қазақ және орыс тілдеріндегі фильмдерді ана тілінде түсіндірудің қажеті жоқ деп жауап берді.
Қазақстанда тұратын түрікмендер исламның суннит бағытын ұстанады, 90,6% (29 адам) респондент исламды ұстанатынын, тек 1 адам агностицизмді ұстанатынын көрсетті, ол респонденттердің 3,1% құрады және 2 адамның мәліметі жоқ.
Жұмыс түрі бойынша, жүргізілген сауалнама көрсеткендей түрікмендер ел экономикасының әртүрлі салаларының барлығына тартылған::
11 адам (34,4%) – студент;
7 адам (21,9%) – басқа;
6 адам (18,8%) – жұмыссыз;
3 адам (9,4%) – мемлекеттік қызметкер;
3 адам (9,4%) – мұғалім (оқытушы);
2 адам (6,3%) – қызмет көрсету саласының қызметкері;
Сауалнама нәтижесі Қазақстанның түрікмендер диаспорасының аға буын өкілдері зиялы қауымның айтарлықтай бөлігін құрайтынын көрсетті, респонденттердің аналарының 43,8% жоғары білім, 28,1% - арнайы орта, 21,9% -  бастауыш білім алған. Респонденттердің 56,3% әкесінің жоғары, 31,3% арнайы орта, 9,4% - бастауыш және 3,1% жоғары білімнен кейінгі білімі бар екені анықталды.
Түрікмендер поэзия мен ауызша халық  шығармашылығына үлкен мән береді. Түрікмен фольклоры бай және әр алуан. Халық шығармашылығы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады және қазақстандық түрікмендер  халық ауыз әдебиет үлгілерін, көрнекті әдебиет қайраткерлерін және т.б. жақсы біледі. Сауалнама алыну барысында респонденттер мына эпостарды:  «Короглы», «Хармандяли», ертегілер: «Яртыгулок», түркі халықтарының әдеби-эпикалық және фольклорлық туындыларын: «Горкут ата» және «Юсуп-Злейха», атақты түрікмен ақындарын: Махтымқұлы, Молланепестерді атап көрсетті.
Қазақстанның түрікмендері   халықтық-қолданбалы өнермен, зергерлік өнермен, кілем тоқумен, текемет басумен, металл өңдеумен, ағаш өңдеумен, аң терсін және жүнді өңдеу ісімен, керамика өндірумен, жібек тоқумен, көркем кестелумен айналысады. Түрікмендердегі ең көп таралып, сақталған салт-дәстүрлер:  баланы сүндетке отырғызуға байланысты ("суннет тойы"), баланың тууын салтына байланысты ("огул тойы"), баланың шашын бірінші рет алуға байланысты ("сач тойы"), пайғамбар жасына келуге байланысты ("пайғамбар тойы"), үйлену тойына байланысты ("ника тойы").
Сауалнама соңындағы «Сіз өз жауаптарыңызға тағы нені қосқыңыз келеді? Сіздің мектепте оқыту, мәдени-ағарту жұмыстары, ана тілінде кітап пен үнқағаз шығару туралы қосып-алатын ұсыныстарыңыз бар шығар» деген сұраққа кейбір респонденттер (10 адам) былай деп жауап берді:
- Ана тілінде газет-журналдар шығарылса – 1 адам (3,1%);
- Қазақ  тіліндегі әдебиеттер көп басылса – 1 адам (3,1%);
- Ана тілін білу өте маңызды – 1 (3,1%)
- Қазақстандықтар түрікмен әдебиетін біліп, таныса – 1 адам (3,1%);
- Түрікмен фильмдері қазақ  тіліндегі титрлармен көрсетілсе – 1 адам (3,1%);
- «Менің еліммен және әдебиетіммен Қазақстанның қызығушылығы мені қуантады» - 1 адам (3,1%).
- Ешнәрсе қоспаған – 4 (12,5 %).
Қазақстанның түрікмендері  ұзақ жылдар бойы қазақ жерінде өмір сүріп келеді және өздерін қазақ халқының бөлшегіиіз деп санайды, себебі бұл халықтар  ежелден тату көршілер және жалпы тарихымен, мәдениетімен біте қайнасқан. Қазақстанның түрікмен диаспорасы елдегі тұрақтылықты нығайту, ұлтаралық келісім мен демократияның дамуына, қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға үлес қосып келеді.   
 
Пайдаланылған әдебиет
1 Электрондық қор: http://stat.kz/
2 Электрондық қор: hhttp://www.inform.kz/ru/assambleya-naroda-kazahstana-vystupaet-kak-uspeshnyy-social-nyy-institut-gul-nara-annakulieva_a2768725ttp://gazetaingosh.ro
3 Этнографическая карта Казахстана (этнодемографический аспект).- Астана: РЖ.П «Дом Дружбы – Центр по исследованию проблем межэтнических отношений», 2007.- 86 с.
Жазбекова Ж.
Аудармашы: Муртазаева Б.

Powered by Create your own unique website with customizable templates.