Посткеңестік Қазақстандағы түркі тілдер
  • Жоба жайлы
    • Жобаға қатысушылар
    • Байланыс
  • Түркі халықтары туралы
  • Басылым
  • Сауалнама толтыру
  • Нәтижелері
  • Галерея
  • Бұл қызықты
  • Орысша
  • Ағылшын

Татарлар

«Пост-кеңестік Қазақстандағы түркі халықтарының тілі мен мәдениетінің өзара ықпалы» халықаралық жобасының аясында жүргізілген зерттеу  Қазақстанның орталық және солтүстік өңірлеріндегі Петропавл, Қостанай, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар облыстарында татар, башқұрт, чуваш, әзірбайжан, түрік, құмық, қырғыз және басқа ба түркі халықтарының өкілдері тұратынын анықтады.
Солтүстік өңірдің тарихи-мәдени және тілдік ахуалы оңтүстік өңірден айтарлықтай ерекшеленеді: оңтүстік Қазақстанда түркі халықтары басқалары сияқты ХХ ғасырдың басы мен ортасында  саяси құғын-сүргін, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы күшпен қоныс аудару нәтижелерінде  пайда болса, елдің солтүстік аймағында түркі халықтарының қоныс аударуы ерікті болып едәуір ерте басталған еді.   
Солтүстік аймақтағы түркі халықтарының ішіндегі ең ірі диспора татарлар болып  саналады, әрі олар қазақтардың байырғы тұрғындарының өмірінде ерекше орын алады.
           
Қысқаша тарихи анықтама
Тарихи мәліметтердің көрсетуінше, татарлардың Қазақстанға қоныс аударуы өзіндік тарихи, саяси, экономикалық себептерге ие. Алғашқы қоныс аударушылар сонау XVI ғасырда, Иван Грозныйдың Қазанды талқандағанынан қазан хандығы мен көптеген татар отбасылары жазадан қорғанып шығысқа, Сібірге, Қазақстан және басқа да оңтүстік аймақтарға  жөнелгенінен пайда болған. XVIII ғасырдың басында патша үкіметі қалаған нәтижелерді көрсетпеген татар халқын шоқындыру саясатын жүргізеді. Сол уақытта Екатерина II мемлекеттік саясатты күшейту мақсатында бұратана халықты күшпен шоқындыруды татар мен басқа түркі халықтарында исламның дамуы қалпына аударады.  Қазақстанның Ресейге қосылуы Ресейдің Шығыс елдерімен экономикалық қатынастарын жандандырады. XVIII ғасырдың екінші жартысында патша үкіметі қазақ жеріне татар шаруалары, қолөнершілері, саудагерлерінің қоныс аударуын қолдайды және ұйымдастырады, бұның көмегімен қазақ халқымен қарым-қатынас орнатуға үміттенді.
Бірінші ірі жинақы татар Мамлютка қонысы 1786 жылы А.Мамлютов атты шаруа-ауғынның тарапынан құрылды. Сол уақытта басқа да бірқатар татар қоныстары пайда болды, бұл қоныстарға XVIII ғасыр бойы Қазан, Сібір, Нижегород губерниялардан татар шаруалары келіп тұрған. Алғашқыда ауғындардың басты кәсібі мал шаруашылығы еді, кейін – диқаншылық [1, 26].
Қазақстан территориясы бойынан басты керуен жолдары өткен, Ертіс және Қазақстанның солтүстік-батысында экономикалық, саудагерлік, білім, мәдениет орталықтарына айналған жаңа Петропавл, Семей, Қостанай, Орал, Орынбор қала-бекіністері салынған. Мұраған мәліметтеріне сәйкес, «Петропавл Солтүстік Қазақстанның ірі қаласы ретінде XVIII ғасырдың соңынан сауда орталығына, Ресей мен азиялық даланың, кейін Еуропаның да арасындағы өзіндік көпірге айналады.  XVIII ғасырдың соңына қарай Петропавлда Абдрашитов, Ясупов, Шакулов сияқты және т.б. татар көпестері саудамен айналысқан. XIX ғасырдың соңында Петропавлда 100 жуық ата-бабадан келе жатқан татар дворяндары болған, ал  көпестік отбасылардан шыққан 450 кісінің 300 татар еді. 1897 жылғы санақ бойынша қалада 6 129 кісі татар тілін туған тіл санаған. Олар Петропавл тұрғындарының үштен бірін құраған [2].
Қазақстанда патша үкіметі саясатының күшею мұсылман дінінің қатыстыруымен мүмкін болды, сондықтан аталмыш қалаларда мешіттер салынды. Мешіттірде Бұхарада, Самарқандта, кейін Каир мен Константинопольде білім алған арнайы дайындалған татар молдалары тарапынан басқарылған медресе мұсылман мектептері ашылды. Медреседе оқу татар тілінде жүргізілген, жекеленген сабақтар ретінде араб, түрік, орыс тілдері оқытылған. Діни дисциплиналармен қатар медреседе математика, география, жаратылыстану, тарих, физика пәндері оқытылған. Қазақ халқы үшін тек діни білімнің ғана ошағы емес, жалпы мәдениеттің, білімнің, оқудың қайнар көзі болған медресе-мектептері пайда болған.  Қазақ рулық ақсүйектер балалар үшін не жеке молда-оқытушыларды жалдаған, не оларды медресе, мектептерге оқуға жіберген. Осыдан, қазақтың әйгілі ұлы ақыны Абай Құнанбаев бастауыш білімді үйде татар молдасынан алған, кейін Семейде медреседе оқыған.  
XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында медресе, мектептер Қазақстанның ірі қалалары мен қоныстарында белсенді қызмет ете бастайды, олардың көпшілігі көпестердің есебінен, бай саудагерлер мен кәсіпкерлердің қайырымдылыққа берген қаражатынан ашылған. 1872 жылы Петропавлда мұсылман балалар үшін жеті жеке оқу орындары қызмет еткен, Семейде бұл жылдары тоғыз жеке мектеп болған. Қазақтың зерттеушісі Шоқан Уәлиханов «бұл мұсылман білімінің басты қозғаушы күші біздің сауда татарлары екенін мойындауымыз керек» деп атап өткен, ал өзінің «Жызық даладағы мұсылмандық» мақаласында: әр ауылда мұғалімдерінің көпшілігі татар молдалары мен семинаристтері болған көшпелі мектептер бар, - деп жазған [3, 55].
Татар көпестері мен молдалары діни және дүнияуи мазмұнды кітаптарды, әдебиеттерді таратқан. 1908 жылы Петропавлда мұсылман-көпестердің қаражатына мұсылман кітапханасы мен оқу үйі ашылды. Өлеңдер мен тақпақтарды жазып оларды тарату дәстүрі пайда болды. Қазақ және татар тіліндегі кітаптар қазақ халқы арасында үлкен сұранысқа ие болды.
Оқыған татарлар қазақ зиялыларымен бірге газет, журналдар ұйымдастырды, театр өнерінің дамуына үлес қосты. Солай, әйгілі татар ақыны Ғабдулла Тоқай Орал қаласындағы медреседе білім алып, халық арасында танымал болған "Фикер" газетінің  және "Уклар", "Аль - Гарсел джадит" журналдарының ұйымдастырушыларының және редакторларының бірі болған. Басқа Ақмола қаласында туып қазақ және татар тілдерін білген татар ақыны Ақрам Галимов қазақтың "Айкап" журналының жауапты хатшысы болған [www.tmk.kz].
1913 жылы Петропавлда екі тілде "Ишим даласы" атты қазақ-татар газеті, ал 1917 жылы Х.Мунасыпов редакциясы аясында "Юл" апталығы шыға бастады, сол жылдары "Маяк" газетінің 30 жуық нөмірлері шықты [1, 74].
ХХ ғасырдың басында Семей, Петропавл, Ақтөбе, Қостанай, Алма-Ата қалаларында түрлі қойыламдар қойып концерттер ұйымдастыратын көркемөнер театр труппалары қызмет ете бастағаны белгілі. З.Махмутов жазуы бойынша, 20 ғасырдың басында Қазақстанның солтүстігінді татар драма театры қызмет еткен, олардың сахнасында М.Файзидің "Галиябанусы", К.Тинчуриннің "Булат баба", "Хан кызы", Шиллердің  "Зұлымдық және махаббат", түрік ақыны және драматургі А.Тарханның "Хиндлы кызы" қойылған [1, 75].
Осылайша, татарлар қазақ халқы үшін тек сауда мен экономикалық дамудың қайнар көзі ғана емес, исламның күшею мен таралуының, діни және дүнияуи білімнің, театрлық өнер мен БАҚ дамуының қайнар көзі еді. Сондықтан ұзақ уақыт бойы қазақ халқында діншілдік, білімділік, оқымыстылық татар этносы өкілдерімен байланыстырылады. Қазақ жері татарларды байырғы тұрғылықты халықтың мейірімді қатынасымен, тілдің ұқсастығымен, ортақ дінмен, ұлттық және әлеуметтік-мәдени мәселелердің ұқсастығымен тартты. Татар молдалары қазақ әйелдерін және керісінше қазақ ақсүйектері мен зиялылары өкілдері әйелдікке білімді татар әйелдерін алғаны белгілі (Жахангір хан, жазушы М.Әуэзов және т.б.). Қазақтар мен татарлардың тарихи және әлеуметтік-мәдени қарым-қатынасы отбасылық-туыстық қатынаспен одан да күшейді, бұған дәлел жазық далада таралған мақалдар: "Татар бар жерде аудармашының қажеті жоқ", "Татар туған құдадан жақын", "Әр татар – молда", "Татарлар Аллаға бізден жақын" [4].
 

Татарлардың саны және олардың тұратын мекенжайы 
Бүгін татар диаспорасы Қазақстандағы ең ірі диаспоралардың бірі, соңғы санаққа қарағанда Қазақстан Республикасында 204229 татар өмір сүреді.

Қазақстанның халық санағының нәтижесі бойынша татар диаспорасы халқы санының динамикасы:
1970 – 285689
1979 – 312626
1989 – 320747
1999 – 248954
2009 – 204229
Қазақстандағы татар диаспорасының өкілдері  өте ашық, зерттеушілермен ашық сұхбатқа шығуға дайын, оны алынған әлеуметтік-лингвистикалық саулнамаға татар этникалыұ тобының 621 өкілінің қатысуынан ба»йқауға болады. Татарлар Қазақстанның барлық аймақтарында өмір сүреді, сауалнамаға қатысқан респонденттерден алынған нәтиже мынаны көрсетті: 148-і (33.6%) Ақмола облысында, 111 адам (17,9%) –  Ақтөбе облысында, Шығыс Қазақстанда - 41 (6,6%), Павлодар – 41 (6,6%), Қарағанды 38 адам (6,1%), Солтүстік Қазақстан -  23 (3,7%), Оңтүстік Қазақстан обласында - 55 (8,9%), Алматы облысында -  9 (1,4%) тұрады; ал 101-нің (16,3%) - мәліметі жоқ.   
 

Татарлардың ұлттық-мәдени бірлестіктері және олардың тілі мен мәдениетін қолдау 
Татар тілі Татарстан Республикасының мемлекеттік тілі,  Қазақстандағы татар диаспорасының экзогендік тілі болып табылады.
Қазақстан Республикасында 20-дан астам татар және татар-башқұрт ұлттық, мәдени орындары бар, олардың ішіндегі ең ірісі «Идел» қауымдастығы Қазақстанның 15 облысындағы 18 ұлттық мәдени орталықты біріктіреді және төрағасы ҚР Президенті Н.Назарбаев болып саналатын Қазақстан халқы ассамблеясының құрылтайшыларының бірі [5, 6 ].
Этно-мәдени орталықтар негізінде жексенбілік мектептер, татар өнер мектебі жұмыс істейді, ол жерде сабақтар татар тілінде жүргізіледі. Әрбір этно-мәдени орталықтарда музыкалық және хореографиялық коллективтер жұмыс істейді.
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ  филология факультетінде татар тілі тегін оқытылады. Курстар аптасына екі рет  Каюм Насыри Институтының білім беру-мәдени орталығының базасында өткізіледі (http://www.idel.kz/).
 

Сауалнама нәтижесі бойынша башқұрттардың әлеуметтік-лингвистикалық жағдайын статистикалық талдау 
Қазақстандағы татар диаспорасының өмірі туралы мәліметтерді жоба аясында жүргізілген сұхбаттарды электронды өңдеу арқылы алдық. Нақты мәліметтерді айқындау үшін біз зерттеп отырған этностың этникалық бірізділігіне байланысты сауалнамадағы барынша маңызды мәселелеріне тоқталамыз. Мұндай маңызды түсініктерге мыналар жатады: жасы, жынысы, азаматтығы, төлқұжаты бойынша этникалық бірізділігі, жеке өзін-өзі анықтауы, неке, бірінші және екінші буынның аралас некесі, балалардың этникалық айқындалуы, діни немесе ғұрпы, тұрғылықты жері және Қазақстан Республикасының тұрғылықты тұрғыны, оқу тілі (білім алу), ана тілін және басқа да тілдерді білуі.
Сауалнама нәтижесі жоғарыда келтірілген татарлардың Қазақстанға қоныстануының тарихи аспектілерін растайды, 662 адамның 555-і өздерін Қазақстанның байырғы тұрғынымыз деп есептейді. Респонденттер Қазақстанға қоныстану 1816 жылдан басталды деп көрсетеді. Қазақстанға көшудің себептері деп мыналар көрсетіледі: «Верныйға көшірілген бірінші қоныстанушылармыз», «ашаршылық», Қазақстанды индустриализациялау кезінде, кулактарды тәркілеу, «Қорғасын зауытының құрылысы (Шымкент қ.)», «сталиндік репрессия» кезінде, «депортация», «ақша табу үшін», «бақыт іздеп», «Тыңды игеру», «өз еркіммен, «тұрмыс жағдайымда жақсартуға», «тұрмыс құру», «өмірге қолайлы жағдайлар», «Қазақстанға баяғыда ата-әжелеріміз көшіп келген» тіпті «үлкен аталарымыз бен әжелеріміз көшкен».
XX-XXI ғасырларда көшіп келудің себептері сан түрлі:  6 кісі аштықты атап өтті,  7 кісі – целинаны меңгеру, 10 - депортация және қуғын-сүргін, 3 кісі – материалдық жағдайын жақсарту, 20 кісі - жұмыс, 15 – отбасылық жағдайлар, 16 – көшіп келу себептерін білмейді. Мигранттардың басты бөлігі Ресейден, Татарстандан, сонымен қатар Башқұрстан, Қырғызтан, Грузия мен Өзбекістаннан көшіп келгендер де бар.
Қазақстанда қалатын немесе кететіні жөніндегі сұраққа, 632 информанттың 322-сі қаламыз деп жауап берді; 39-ы кететіндерін атап өтті; 263 кісіде бұл сұрақ бойынша жауап жоқ.
Қазақстаннан кеткілері келудің себептері де сан түрлі: білім алу, жұмыс іздеу, өмір жағдайларын жақсарту, өз тарихи Отандарына қайту, не жеке және отбасылық жағдайлар (отбасы құру). Көптеген сұралған информанттардың Қазақстаннан Ресейге не Татарстанға, Түркияға, Германияға, Башқұрстанға, Францияға және Албанияға, Украинаға, Қырғызстанға, Чехия және АҚШ-қа көшіп кеткен отбасы мүшелері және тцстары бар. Сонымен қатар, сауалнама татарлардың ішкі миграциясын, яғни Қазақстан территориясы бойынша көшіп-қонуларын анықтады:  632 информанттың 95 Қазақстанның басқа өңірлеріне көшті. Ішкі көшіп  қонудың себептері көбінесе жұмыс, білім алу (жоғарғы оқу орнына түсу), отбасылық жағдайлар, сондай-ақ ауылдан қалаға көшу.
Жас. Жас параметрлері бойынша информанттар 4 топқа бөлінді, топ шекаралары, әрине, шартты түрде алынды.
I бала және жасөспірім шақтары: 11-ден 17-ге дейін - 51 адам анықталды.
II ересек, яғни есейген жас: 18-ден 37-ге дейін - 342 адам.
III егеменді Қазақстан дәуірінің информанттары: 38-ден 50 жасқа дейін - 118 адам.
IV қарттар: 51-ден 89-ға дейін - 121 адам. Осылардың ішіндегі ең көбі 38 жасқа дейінгі екінші топтағылар болды, (362 инфоманттан 342 адам).
Фотография
​Гендерлік аспектіде жыныстық тепе-теңдік шамамен бірдей: 632 адамның 306-сы әйел, ер адамдар - 321, 5 адамда мәлімет жоқ. Бірақ гендерлік аспект аралас некелерде және жастық категорияларда өзіндік ерекшеліктерге ие (бұл жайында төменде айтылады).
Фотография
Азаматтық: 632 информанттан 614 адам (97%) Қазақстан Республикасының азаматтары, 18 татар – Қазақстанның азамы емес, оның 9-ы Ресей азаматтары, 7 адам – Өзбекістан және 2 адамда мәлімет жоқ.
Этникалық таным, төлқұжатта заң бойынша келтірілген, өзіндік таным бойынша, әсіресе аралас некелердегі этникалық идентификация мәліметтерінен қызықты деректер анықталды. 632 информанттан төлқұжат бойынша 612 адам татар (96,8 %); 6 адам қазақ деп жазылған, оның бесеуінің аналары қазақ, біреуінің әкесі - қазақ; 2 адам төлқұжат бойынша орыс, алайда этникалық таным және ұлты бойынша татар; 12 адамда төлқұжаттарының мәліметтері бойынша мағлұмат жоқ.
Этникалық өзіндік таным бойынша информанттардың көпшілігі өздерін өз этностарына жатқызады. Бірақ, сол уақытта информанттардың өзіндік танымы бойынша сауалнама Қазақстанда қалыптасып келе жатқан өзіндік этномәдени жағдайды көрсетіп тұр. Сөйтіп, 632 информанттың 55   (9%) өзін татар этносына жатқызады, оның ішінде 12 адам өзін қазақ деп санайды, (22%), оның 7-уінің аналары қазақ (58,3 % құрайды), 23 адам өзін орыс деп таниды (42%), оның 12-сінің аналары орыс (бұл 52% құрайды), 2 адам өзін әзірбайжан ұлтына жатқызады (аналары әзірбайжан, бұл 100% құрайды), 8 адамнің аналары да, әкелері де – татар, бірақ олар өздерін орыстарға жатқызады, екі информанттың әкелері – башқұрт, аналары – татар, өздерін орыстарға қатыстырады, бірақ өздері құмықтарға үйленген, балаларын да құмық деп санайды  (14,5%);  9 адам жауап беруге қиналады.
Этникалық өзін-өзі тануда екі жағдай орын алып отыр. Біріншісі – отбасында бала өзін ана этносымен теңдестіреді, яғни этносқа қарамастан аналық ұрпақ доминантты, мұны 58% қазақ, 52% орыс, 100% әзірбайжан, 100% құмық көрсеткіштері дәлелдейді. Бұл сандар нені білдіреді? Бұл, қазіргі уақытта менталитеттің, сананың, мәдениеттің қалыптасуында Қазақстанда (мүмкін тек Қазақстанда емес), ананың ықпалы әкенің ықпалынан басым екенін көрсетеді.
Екінші жағдай – татарларды өзін-өзі идентификациялауда орыстардың ықпалы үлкен (шамамен қазақ ретінде өздерін 22% таныса, орыс ретінде - 56,5%), бұны әкесі де, анасы да – татар (башқұрттар және т.б.) болғанымен, өзін орыс деп танытатын деректер дәлелдеп отыр. Соңғы жағдай бұл мәтінде тіптен бірегей. Біздің ойымызша,  информанттардың өзін-өзі орыс ретінде идентификациялаудың түрлі себептермен түсіндіруге болады – орыс мәдениетінің, ортасының тарихи ықпалы, орыс тілін қолданып өз тілін білмеуінен, тұлғааралық қатынастар (достар, серіктестер) және басқа да себептер.
Фотография
Отбасылық қатынастарда татарлар өзінің этносымен отбасын құруды қалайды, бұған дәлел дерекқор базасының басты корпусы. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында этностар және мәдениет әрекеттестігіне көзқарас жағынан отбасылық қатынастардың қызықты фактілерін көрсететін аралас некелер де байқалады.
Аралас некелер: ата-ананың біреуі не әкесі, не анасы татарларға жатқызылады. Аралас некелер жастық ерекшеліктерді ескере отырып сипатталады, олар бірінші ұрпақ – ата-аналар және екінші ұрпақ – балалары (немерелері).
Ата-аналар жататын бірінші ұрқпақта келесі көрініс байқалады.
Әкелері татар емес: 5 адамның әкелері – қазақтар, олардың үшеуінің аналары татар және екеуінде аналары туралы мәлімет жоқ, олардың біреуі төлқұжат бойынша қазақ деп жазылған, қалған төртеуі татар деп жазылған, бірақ бесеуі де өздерін татар деп таниды; екеуінің әкелері – башқұрт, аналары татарлар, төлқұжат бойынша екеуі де татар, екеуі де өзін-өзі орыс деп санайды, екеуі де құмықтармен тұрмыс құрған; 4 адамның әкелері – талыш, олардың ішінде екеуінің аналары татарлар, екеуінің аналары қазақтар, этникалық таным, төлқұжат, өзін-өзі анықтауда төртеуі де өзін татарлар деп санайды; 7 адамның әкелері – түріктер, 7 информанттың бәрінің де аналары татарлар, ұлт бойынша, төлқұжат және өзін-өзі анықтауда жетеуі де өзін-өзі татар деп санайды; 3 информантта әкелері жөнінде мағлұмат жоқ.
Аналары татар емес: 65 ана - орыстар, 64 ана - қазақтар, 5 ана - әзірбайжан (бесеуінің де әкелері татар, бірақ ішінде екеуі өзін-өзі анықтауда өздерін әзірбайжан деп санайды), 6 ана - башқұрт, 2 ана - өзбектер, 1 ана - балқар. 10 информантта аналары туралы мәлімет жоқ.
Аға ұрпақтың аралас отбасыларында әкелері – қазақ, башқұрт, түрік, талыш,ал аналары татар болған кезде балалары өздерін татар ретінде танитынын атап өтуіміз қажет, яғни тағы да "бас скрипканы" ана ұрпағы ойнайтыны айқындалды. Татарлармен аралас некелерде татарлық этникалық бастама доминантты. Жалпы, аға ұрпақтағы татар әйелдер тұрмысты көбінесе өз ұлт өкілдерімен және басқа ұлт өкілдерімен сирек құрады, бұның нәтижесінде этникалық мәдениетті, салт-дәстүрлерді, ой-сананы сақтап қалады. Егер татар әйелдері аралас некелерді құрса, әдетте, күйеулерінен басым тұрады.
Мәліметтердің көрсетуінше, татарлардың ер адамдары  татар қыздарына қарағанда аралас некелерді көбірек құрады. Бұл ретте некелер орыс әйелдерімен, қазақтармен және республиканың түркі/түркі емес этностардың өкілдерімен құрылады. Бұндай отбасылардағы балалар этникалық идентификация бойынша көбінесе ана ұрпағын таңдайды.
Балалар және немерелерден тұратын екінші ұрпақ. 
Екінші ұрпақта, ерлі-зайыптылардың біреуі татар ұлтынан болмағанында келесі көрсеткіштер орын алып отыр:
қазақтар - 84 адам (13,2%),
орыстар - 70 адам (11%),
өзбектер - 8 адам,
башқұрттар - 7 адам,
әзірбайжандар - 5 адам,
түріктер - 4 адам,
құмықтар - 2 адам,
бір балқар.
Екінші ұрпақтағы аралас некелердің басым тобы басқа этностарға қарағанда қазақтармен және орыстармен көбірек болып шықты. Егер бірінші ұрпақта аралас некелерде татар әкелер орыс әйелдеріне үйленуді көбірек қаласа, екінші ұрпақта қазақ қыздарымен (қазақтармен) некелер саны көбірек.
Қызықты факті татар-қазақ, татар-орыс некелердің саны болып табылады. Яғни, екінші жастық топта (18-37 жас) қазақтар көбірек – 47 қазақ әйелдері, олардың 22-сінің балалары қазақ деп көрсетілген, бұл 46% құрайды.  Дәл осы жастық топта орыстардың саны 33 (не әйел, не еркек) және 7 бала орыс деп белгіленген, бұл 21% құрайды. Үшінші жастық топта (38-50 жас) 18 қазақ және 17 орыс, олардың 6 баласы қазақ деп белгіленсе (33%), татар-орыс тобында тек 1 бала орыс деп белгіленген (5%). Төртінші жастық топта (51-89 жас) - 18 қазақ және 8 бала қазақ деп көрсетілген (44%), 20 орыс және 8 бала орыс деп белгіленген (40%).
Деректер талдамасының көрсетуінше, екінші ұрпақтың аралас некелерінде информанттардың этноанықталуында қызықты көрініс орын алып отыр: екінші жастық топта орыстар мен басқа түркі ұлттары өкілдеріне қарағанда қазақ қыздарымен некелер анағұрлым көбірек. Үшінші және төртінші жастық топтарда қазақтармен және орыстармен аралас некелер саны шамамен бірдей.  Татар-қазақ отбасыларындағы балалар көбінесе қазақ деп жазылады, бұның кіші-гірім көрсеткіші екінші ең ірі және біршама жас жастық топ, егемен Қазақстан дәуірі (46%- II топ, 33%-  III топ, 44% - IV топ). Татар-орыс отбасыларында балалар орыс ретінде біраз аздау жазылып келе жатыр (21% - II топ, 5% -  III топ, 40% - IV топ). 
Балалардың этникалық анықталуы: жоғарыда атап өткеніміздей татар отбасыларында аналық ұрпақ доминантты, бірақ аралас некелердегі балалар қандай ұлттқа жатқызылуы қажет деген сұрақ мүлдем басқа нәтиже көрсетті. Басым көпшілігі, атап айтқанда 358 адам баланың ұлты әкенің ұлтына қарап анықталуы қажет деп жауап берді; 36 адам бұл баланың жеке таңдауы, яғни бала өзі шешуі қажет деп жауап берді; 18 адам балалар қазақ ұлтына жатқызылуы қажет деп жауап берді; 18 адам қазақтарға және орыстарға деп жауап берді; 7 адам - татарларға; 3 адам орыстарға деп белгіледі.  Он алты информант балалар метис немесе аралас ұлтты деп танылуы қажет деп атап өтті; 7 адам балалардың ұлты ерлі-зайыптылардың екі жақты шешімімен және өзара келісімімен анықталуы қажет деп санайды;  4 адам бала ұлтының қандай ұлтқа жататынының ешқандай мәні жоқ деп ойлайды; 7 адам білмейді,  6 адам жауап беруге қиналады; 151 адамда бұл сұраққа жауап жоқ.
Біздің ойымызша, татар аралас отбасыларының түркіэтникалық көрінісі егемен Қазақстан дәуірімен, қазақ халқы мәдениетінің кеңеюімен  күшеюімен, өз түркі бастаулары, мәдениеті бағытымен тең келеді.
Діндік және культтік ұстанымдар: 632 татар информантының 487-сі мұсылман дінін ұстанамыз деп жауап берді; 40 адам христиан дініне кіреді; 11 адам өзін атеист және 1 адам өзін агностик деп атады; 4 адам өзінің культтық ұстанымын діни деп анықтады; 2 адам әлі ізденісте және 2 адам жауап беруге қиналады; 85 адам бұл сұраққа жауап бермеді.
Фотография
Фотография
Татарлардың білімі біршама жоғары: 94% орта және аяқталмаған орта, 69% жоғарғы және аяқталмаған жоғарғы білімге ие. Оқу тілі ретінде татарлар көбінесе орыс тілін таңдайды, бұның дәлелі орта (сондай-ақ бітірілмеген) және жоғарғы (сондай-ақ бітірілмеген) білімің салыстырылмасы: орыс тілі -  930 адам, қазақ тілі – 114,  басқа тілдер - 14 адам.
Ана тілі, басқа тілдерді меңгеру, коммуникативтік қызмет: 632 информанттың  ішінде 598 адам өз ана тілі деп татар тілін санайды; 32 адам – орыс тілін; 17 адам туған тілі деп қазақ тілін санайды; 15 адамда мәлімет жоқ. Сонымен қатар, 331 информант ана тілін білу өте маңызды екенін атап өтті; 209 адам жай маңызды деп жауап берді; 45 адам маңызды емес деді; 6 адам бұл мүлдем маңызды емес деп жауап берді;  18 адам жауап беруге қиналады және 23 адамда бұл сұрақ бойынша жауап жоқ.
Фотография
 Басқа тілдерді білу жөнінде 440 адам қазақ тілін білеміз деп жауап берді (69 %); 427 адам орыс тілін біледі (67 %); сондай-ақ 15 адам – өзбек тілін; 8 адам – түрік тілін; 4 адам - ұйғыр; сонымен қатар 2-еуі – башқұрт және 2-еуі – әзірбайжан тілін білеміз деп жауап берді; 37 адамде жауап жоқ.
Фотография
Коммуникативтік құзырет және тілдердің қолданылуы: 632 информанттың 373-сі (59 %) орыс тілін қолданады; татар тілін - 59 адам (9,3%);  қазақ - 17 адам (2,6%); татар, орыс тілдерін - 44 адам (7 %); татар, қазақ тілін - 16 адам (2,5 %); қазақ, орыс тілдерін - 38 адам (6 %); татар, қазақ, орыс тілдерін - 21 адам (3,3 %); татар, орыс, түрік тілдерін - 2 адам (0,3 %); 62 адамда мәлімет жоқ (9,8%).
Бұл мәліметтер еліміздегі тілдік жағдаятты ашуға мүмкіндік береді, мұнда 69% татар Қазақстанның басқа этнос өкілдері сияқты мемлекеттік қазақ тілін біледі  (яғни, қазақ тілінің түрлі дәрежеде біледі), шамамен орыс тілін осынша адам біледі. Алайда коммуникативтік қызметті көбінесе орыс тілі атқарады (59 %), 2,6% - қазақ тілі, жалпы 9,3 % татар тілінде. Соңғы көрсеткіш этникалық татарлардың көбі өз ана тілінде сөйлеуі аздап барады. Сол уақытта татар халқы арасында билингвизм байқалады (татар-орыс, татар-қазақ, орыс-қазақ), бұл 15,5 % құрайды. 3 тілді білу де орын алып отыр (татар, қазақ, орыс және с.с.), 3,3 % құрайды.
​

Халық ауыз әдебиетін білу дәрежесі
Тілдік біліммен мәдениет, ана тілінде әдебиет, ауыз әдебиетін, оның ішінде ертегілерді, аңыздарды, мифтерді, тарихи поэмаларды білумен ілесіп жатыр. Тек шамамен 189 адам (30%) татар әдебиеті мен халық ауыз әдебиетінің кейбір шығармаларын атай алды. Көбі татар халық әйгілі ақыны Ғабдулла Тоқайдың шығармашылығымен таныс (10 адам Ғ.Тоқайдың «Шурале» поэмасын атап өтті).  20 адам «Едігей» эпосын біледі,  17 адам «Тұтқын Суюмбике» туралы тарихи өлеңдерді,  16  «Қазан қайғысы» өлеңін біледі;  13 адам Гуляш ханым туралы аңызды есіне түсірді; 7 адам «Чукмар мен Тукмар» ертегісін атап өтті; 6 адам ақылды есек туралы ертегіні және «Гурзуф жанындағы жартас» аңызын біледі; 5 адам Шора батыр туралы эпосты, 4 адам «Юсуф пен Зылиха» поэмасын, "Алпамыс" эпосын, «Гирей өлімі» аңызын және Бекире Мустафе туралы ертегіні атап өтті; 3 адам Аю-даге  туралы аңызды және «Зилян» ертегісін есіне түсірді.  Кейбірі «Равшан хон» тарихи поэмасын, «Кадыш Мерген», «Солом Торхан» және басқа да татар халық ауыз әдебиетінің әйгілі  шығармашылық үлгілерін есіне түсірді.  Алайда, жалпылама татар тілінде сөйлеушілер арасында татар әдебиетін және халық ауыз әдебиеті жайлы білімнің азайып келу тенденциясы байқалып келеді.  

Татар тіліндегі БАҚ
Қазақстанда өздерінің ана тілдерінде кітап, журнал, газеттер шығарыла ма деген сұрақтарға: 216 адам иә деп; 173 адам жоқ деп, 218 адам жауап беруге қиналамыз деп жауап берді. 25 адамда бұл жайында мәлімет жоқ.
Ана тілдерінде телехабарлардың бар болуы жайында: 356 адам - иә; 119  адам - жоқ,  135 адам – жауап беруге қиналамын деп жауап берді.  22 адамда бұл жайында мәлімет жоқ.
Ана тілдерінде радиохабарлардың бар болуы жайында: 183 адам - иә; 203 адам - жоқ,  224 адам – жауап беруге қиналамын деп жауап берді.  22 адамда бұл жайында мәлімет жоқ.
Ана тілінде интернеттің қолданылуы туралы: 136 адам иә; 420  адам жоқ,  52 адам – жауап беруге қиналамын деп жауап берді.  24 адамда бұл жайында мәлімет жоқ. Басым көпшілігінің жауабы теріс болғаны интернет ресурстарында ақпараттың басымы орыс тілінде болу салдарынан болар. Ана тілдерінде интернет форумдары, чат, блогтардың болуы жайлы 339 адам иә; 108 адам - жоқ,  160 адам жауап беруге қиналамын деп жауап берді. 25 адамда бұл туралы мәлімет жоқ.
Ана тілінде СМС жазасыз ба сұрағына: 118 адам - иә, 454 адам - жоқ,  35 адам жауап беруге қиналамын деп жауап берді. 25 адамде бұл туралы мәлімет жоқ. Бұл көрсеткіштер татарладың ана тілдерінде жазыспайтыны, яғни хат-хабарларда қолданылмайтынын дәлелі.

Қорытынды: әлеуметтік-мәдени талдама татарлар Қазақстан Республикасында ертеден бері тұрып келе жатқан көптеген түркі этностарының бірі екенін көрсеттті. Олардың Қазақстанға көшуіне өзіндік тарихи, экономикалық, мәдени себептер бар. XVIII-XIX ғасырларда ХХ ғасырдың басында татарлар қазақ даласында исламның күшеюіне, білім мен мәдениеттің дамуына өз ықпалын тигізді.
Белгілі әлеуметтік-мәдени тенденциялар Қазақстандағы қазіргі татарларда байқалып келеді. Сұралған татар информанттардың  97%  Қазақстан азаматтары, ресми этникалық идентификация бойынша (төлқұжат бойынша) 96% татар деп жазылған. Этникалық өзін-өзі анықтауда информанттардың басым көпшілігі өзін татар этносымен байланыстырады және информанттардың 9% өздерін басқа этностарға жатқызады. Этникалық өзін-өзі анықтауға екі фактор әсер етеді: аралас некелердегі ана ұрпағы (балалар өздерін ана ұрпағы бойынша таниды), орыс тілі мен мәдениетінің әсері (56,5%). Жастық категориялардағы аралас некелер қызықты нәтижелерді көрсетті: егер бірінші аға ұрпақта татарлар орыстарға көбірек үйленсе, екінші ұрпақта қазақтармен жасалған некелер саны ұлғайып келеді (қазақтармен 13,2%, орыстармен 11%).
Егемен Қазақстан дәуірінде татар-қазақ отбасыларындағы балаларды өздерін қазақ деп жазуы көбейе бастады (46%- II топ, 33% -  III топ, 44% - IV топ). Татар-орыс отбасыларында балаларын орыс деп жазу азайды (21% - II топ, 5% -  III топ, 40% - IV топ). Бұл көрсеткіштер де егемен Қазақстан дәуірінде Қазақстанның барлық тұрғындарына, соның ішінде татарлар үшін да қазақ этносы мен мәдениетінің әсері мен маңыздылығын көрсетті.
Тілдерге деген көзқарас та маңызды болып табылады. 90% информант (568 адам) татар тілін ана тілі деп таниды, 70% (440 адам) қазақ тілін біледі, 67,5% орыс тілін біледі, алайда тексерілген білім деректерінің көрсетуі бойынша күнделікті коммуникацияда көбінесе орыс тілінде жүзеге асады (373 адам – орыс тілін қолданады, 59 %; татар тілін - 59 адам, 9,3%;  қазақ тілін - 17 адам, 2,6%). Сондай-ақ, татар халқы арасында билингвизмнін түрлі дәрежелері (татар-орыс, татар-қазақ) және үштілділік байқалады.
Сонымен қатар, сауалнаманың нәтижелері татарлардың әдебиет және халық ауыз әдебиеті бойынша білімдерінің едәуір азаюын көрсетеді (бұл білім көрсеткіші тек 30%). Сол уақытта, ұлттық тағамдардың, салт-дәстүрлердің, наным-сенімдердің сақталған дәрежесі анағұрлым орнықты.

​Пайдаланған әдебиеттер

1 Махмутов З. Татары на Севере Казахстана (история и современность). - Петропавловск, 2004. - 214 с.
2 Северо-казахстанский государственный архив (СКГА), ф. 158, оп.1,д.2-5.
3 Валиханов Ч. Собрание сочинений в пяти томах. Т. 5 - Алматы: Главная редакция Казахской советской энциклопедии, 1985. - 528 с.
4 Сборник пословиц и поговорок казахского народа. - Алматы, Мектеп, 1963. - 198 с.
5 Мурзагужинов М. Татары в Казахстане// Наш мир. - № 02-06. - 2007.
6 Сайт: www.tmk.kz
7 www.tuyrki.weebly.com сайты
8 Шаймердинова Н.Г., Тажибаева С.Ж. Тюркские языки Казахстана: современное состояние //«Язык и глобализация»: Сборник статей XVI международной научно-теоретической конференция. - Алматы, КазНУ, 2013. -  С. 58 - 61.
9 Сыздыков Ж. Ғабдулла Тоқай. - Алма-Ата, 1975.
Шаймердинова Н.Г.

Бейне

Powered by Create your own unique website with customizable templates.