Өзбектер
Қазіргі кезеңде бүкіл өркениетті адамзатпен бірге жаңа даму жолына бет түзеген тәуелсіз Еліміз бен оның мемлекеттік құрылысының алдында тұрған міндеттер күрделі, ауқымды әрі алуан түрлі болып отыр. Солардың ішіндегі ең бір өзектісі, рухани-тарихи маңызы мен ұрпақтар сабақтастығы, тәрбиесі мен болашағы үшін орны ерекше проблема – Қазақстанды мекен етіп отырған өзге ұлт өкілдерінің жағдайы. Қазіргі таңда Қазақстан ұлтаралық қатынас саясатында әлемдік кеңістік әрқашан өнеге тұтатын елге айналды. Ал, 1995 жылы құрылған Қазақстан Халқы Ассамблеясы (ҚХА) дүниежүзілік деңгейде, Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйым тарапынан өзінің жоғары бағасын алды. Шынында да, ҚХА ерен құбылыс ретінде Қазақстан Республикасының сыртқы саясатындағы проблемасын тиімді шешуге игі ықпал жасап, еліміздің халықаралық беделін көтеруге үлес қосуда. Осылайша, Қазақстанда орныққан этностар менталитетінің ерекшелігі ойластырылған мемлекеттік саясатпен біріккенде, гетерогендік қоғамда дау-дамайсыз өзіндік мәдениетті қалыптастыруға мүмкіндік берді. Оның нәтижесі тәуелсіз Қазақстандағы мәдени-тілдік әртүрлілік қоғамның ыдырауы мен қатпарлануына емес, керісінше, оның рухани баюына және ойдағыдай дамуына алып келді.
Өзбектердің Қазақстанға қоныстану тарихы мен «өзбек» этникалық атауының шығуы
Тарихи деректер көрсетіп отырғандай, өзбектердің Қазақстанға қоныстануының тарихи, саяси, экономикалық алғышарттары бар. Өзбектер (O’zbek, O’zbeklar) – Өзбекстан Республикасының негізгі халқын құрайтын ұлт. Жалпы саны 30 млн-дай, Тәжікстанда, Қазақстанда, Қырғызстанда, Түрікменстанда көп тұрады. Солтүстік Ауғанстанда, ҚХР-да, т.б. алыс шетелдерде де өмір сүреді. Антропологиялық жағынан өзбектер ферғана-памир нәсіліне жатады, моңғол өңдесі аралас. Өзбектер этногенезіне Орта Азияны мекендеген ежелгі соғдылық, хорезмдік, бактриялық, ферғаналық тайпалар мен сақ, массагет тайпалары аздап та болса өз үлесін қосты. Өзбектер ұлтының қалыптасуы ұзаққа созылды, оның құрамы үлкен үш топқа бөлінді: 1) өзбек халқының қалыптасуына, көшпелі өзбек пен өзге де көшпелі тайпаларының отырықшылануына ықпал жасаған, ру мен тайпаға бөлінбейтін, суармалы егіншілікпен, қолөнерімен, саудамен шұғылданып, қалалар мен ірі қыстақтарда тұратын өзбектер, олардың бұл тобы Ташкенттің көгалды алқабы мен Ферғана алқабын мекендеген; 2) Мауереннахрға моңғол дәуіріне дейін және Шыңғыс хан заманында ауып келген түрік-моңғол тайпаларының (қарлұқ, барлас, қалтатай, моғол т.б.) ұрпақтары, бұлар отырықшы халыққа сіңіспей, жартылай көшпелі өмір сүріп, ру-тайпалық дәстүрлерін сақтап қалды. Олардың көпшілігі өздерін «түрікпіз» деп атайды; 3) 15-ғасырдың аяғында Дешті Қыпшақтан ауған өзбек тайпаларының ұрпағы. «Өзбек» атауы осы тайпалармен бірге келді. Бұл тайпалар шежіре деректерінде «92 баулы өзбек» деп аталады. Бұлардың көпшілігі орта ғасырларда-ақ әбден белгілі болған қыпшақ, найман, жалайыр, қаңлы, қытай (хитай), қоңырат, маңғыт, дүрмен, қатаған, қырық, сарай, кенегес, қият, құтты, өзбек, т.б. тайпалар мен халықтар еді. Өзбектердің этнографиялық қалыптасуына (әсіресе Хорезмде) оғыздар да қатысты. 16-ғасырда Бұхар хандығы, Хиуа хандығы, 18-ғасырдың бас кезінде Қоқан хандығының құрылуы өзбектердің ұлт ретінде қалыптасуын ұзақ уақыт тежеді. Олар тек 20-ғасырда Кеңес өкіметі тұсында ғана ұлт ретінде қалыптасты. Кеңестік жүйе олардың әрбір аудандағы өзіндік мәдениетін бір арнаға күштеп түсірді.
Осы жерде Қазақ хандығы мен Өзбек хандықтарының қарым-қатынасына қатысты тарихи деректерге сүйенетін болсақ, жалпы, екі мемлекет те Орта Азия қалаларын алма-кезек иемденіп отырған. Қазақ хандығы күшейген кездері Ташкент, Ферғана, Хорезм, Самарханды жаулап алса, Бұқар, Қоқан хандықтары күшейген кездері Әулие-ата, Сайрам, Түркістан, Ташкент қалаларын өзіне қаратты. 1582-1598 жылдары Тәуекел хан Ташкент, Ферғана, Самарқанды Қазақ хандығының құрамына енгізді. Есім хан билік құрған 1598-1628 жылдары Бұқар хандығы Ферғана мен Самарқанды өздеріне қайтарып ала алды. Бірақ, бұдан кейінгі жылдары екі ғасыр уақыт Ташкент уәлаяты Қазақ хандығының құрамында болды. 18-ғасырдың орта шенінде Хорезмде де Қайып хан мен Кіші жүздің ханы Әбілхайырдың ұлы Нұралы хан билік жүргізді. Алайда, Қазақ хандығы ыдырап, Хиуа мен Қоқан хандықтары күшейген кезеңде, керісінше, оңтүстіктегі қазақтар оларға алым-салық төлеуге мәжбүр болды. Бүгінгі күні Оңтүстік Қазақстанда тұрып жатқан өзбектер, негізінен, Қоқан хандығы тұсында көшіп келе бастады. Осы ретте айта кететін бір жайт, қоқандықтардан бұрын Қазақстанның оңтүстігін 1780 жылдары Ташкент билеушісі Жүніс қожа жаулап алған болатын. Ал, Жүніс қожаға дейін Ташкент пен Ходжент уәлаяты Қазақ хандығының құрамында болды. Бұл айтылған пікірге дерек болатын жайт, 1720-1739 Ұлы Жүздің орталығы Ташкентті Жолбарыс хан билеп тұрды. Ол жоңғар хандығына вассал ретінде мойынсұнып, салық төлеп тұрды. Жолбарыс ханға Ташкент уәлаятымен қатар, Сайрам, Шымкент, Түркістан, Ходжент атырабындағы көшпенділер мен диқандар бағынды [1, 53]. Жолбарыс хан 1739 жылы өлгеннен кейін Ташкент билігін Төле би (1663-1756) өз қолына алды. Төле биден кейін 1780 жылдары Ташкентті Жүніс қожа биледі. И.Н.Гродековтың айтуына қарағанда, Төле бидің көзі тірісінде Жүніс қожа оған қызмет етіп, ол өлгеннен кейін Ташкент билігін өз қолына алған [2, 298]. Орыс зерттеушісі Ивановтың [3, 92] келтірген мәліметіне қарағанда 1798 жылы Жүніс қожа Ұлы Жүз жерлерін өзіне бағындырған Ал, Ә.Диваев [4] Жүніс қожаға бағынышты халықтар ретінде өзбектермен бірге қазақтың Қаңлы, Шанышқылы, Бағыс және Рамадан тайпаларын атап өтеді. Осы тұста ерекше тоқталатын жайт, Төле биден кейін Ташкентке әкім болған Жүніс қожаның Ұлы Жүз жерлерін билегенімен, өңірдің негізгі билеушісі өзбектер болды деп айта алмаймыз. Себебі, Жүніс қожаның тегі қазақ та, өзбек те емес. Яғни, Жүніс қожа тұсында Ташкентте қазақтың немесе өзбектің мүддесі басым болғандығы жөнінде нақты дерек жоқ.
18-ғасырдың екінші жартысында Ферғана жазығында өзбектің Мың руының (17-ғасырға дейін Мың руы Ұлы жүздің құрамында болған) биі Шахрух өзінің тәуелсіз иелігін құрды. Шахрухтың ұлы Нарбота бидің тұсында Ферғана жазығындағы тәуелсіз иеліктің іргесі кеңейіп, Қоқан қаласын астана етті. Осы кезден бастап бұл тәуелсіз иелік Қоқан хандығы деп атала бастады. 19-ғасырдың басында Қоқан хандығы күшейіп, Ұлы Жүз жерлерін жаулап алды. Атап айтар болсақ, Әлім хан тұсында (1799-1809) 1808 жылы Ташкентті, 1809 жылы Шымкент, Сайрам, Әулие-Атаны басып алды. 1816 жылы Қоқан билеушісі Омар хан Түркістанды жаулап алып, жеңістің құрметіне үлкен той жасады [5]. Қоқан билеушілері жаулап алған жерлеріне бекініс салып, онда салық жинаушы Қоқан әскерлерін ұстап отырды. Бұдан Қазақстанның оңтүстігінде өзбектер Қоқан дәуірінде сауда-саттық жасап, сондай-ақ, жергілікті қазақтардан салық жинау үшін жіберілген Қоқан әскерилерінің келуімен пайда болғанын аңғаруға болады. Себебі, белгілі тарихшы И.Ерофееваның ғылыми еңбектеріне зер салсақ, өзбектердің 19-ғасырдан бастап Оңтүстік Қазақстанда қоныстана бастағанын байқаймыз. Оның келтірген деректеріне қарағанда 1800-ші жылдарға дейін Шымкент, Сайрам, Түркістанда өзбектер көп тұрмаған. Болса да, аз мөлшерде тұрған болуы мүмкін. Мысалы, 1785 жылға дейін Сайрамда билік құрған Тұрсын ханның ұлы Күшік ханның кезінде Сайрамда негізінен Найман тайпасынан 1700 отбасының (15-20 мыңдай халық) тұрғандығын, ал, Иқанда 1717 жылға билік құрған Құдаймеңде сұлтанның ұлы Тұрсын ханның иелігінде Қоңырат, Найман, кейбір Ұлы Жүз руларының өмір сүргендігін, Тұрсыннан кейін Иқанда оның ұлы Барақ ханның 1750 жылға дейін билік құрған кезінде 10 мыңдай Найманның және Қоңырат, Арғын, Дулат руларының қоныстанғандығы айтылады [6, 76-80]. Түркістан аймағында 19-ғасырға дейін өзбектер көп шоғырланбағандығы хақында И.Ерофеева: «1738 жылға дейін Орта жүздің ханы болған Сәмекенің тұсында Түркістан аймағында тек Қоңырат, Арғын, Найман рулары ғана өмір сүрді. Сәмеке ханнан кейін оның ұлдары Түркістан аймағын (Қарнақ, Сауран, Отырар, Созақ, Өгізтау) Әбілмәмбет хан (1739-1771) мен Сейіт хан (1741-1745) және Есім хан (1750-1798) билеп, бұл хандардың иелігінде Арғын, Қыпшақ, Қоңырат, Уақ рулары болды. Тіпті, Түркістанның соңғы ханы Әликеннің тұсында (1858-1860) бұл өлкеде Қоңырат, Қыпшақ, Сарыүйсін рулары өмір сүрді» [10, 95], - деп баяндайды. Яғни, И.Ерофееваның 18-ғасырда Сайрам, Иқан, Түркістан өлкесінде өзбектердің қоныстанбағандығын көрсетуі, олардың Оңтүстік Қазақстанға кейін, Қоқан хандығы кезінде көшіп келгендігін дәлелдейді. Мәселен, 17-ғасырда Оңтүстік Қазақстанда болған Тобыл саудагері Тауыш Мерген [7, 172] де өз естелігінде: «Түркістан қаласын 1000-ға жуық қазақтардың мекендейтінін» жеткізеді. Егер, Түркістан аймағында өзбектердің үлкен шоғыры қоныстанған болса, саяхатшылар оны да жазып қалдыратын еді. Ал, тарихшы-археологтар К.Байпақов пен А.Нұржанов [8, 54-56] Сайрам қаласы туралы зерттемесінде 16-ғасырдан бастап Сайрам қаласында қазақтардың санының тұрақты түрде өсіп отырғандығын айтады
Ал, Самарқан, Хорезм өзбектері Оңтүстік Қазақстанға қашан көшіп келді дегенге келетін болсақ, оларды 19-ғасырда көшіп келді деуге толық негіз бар. Тарихшы-археолог М.Тұяқбаевтың айтуына қарағанда, Иқан мен Иба атаға өзбектер 19-ғасырда көшіп келген. Себебі, мұндағы өзбектердің қорымы 19-ғасырға тән. Ал, оған дейінгі Иқан төңірегіндегі қорымдарда қазақтар жерленген. Түркістан төңірегіндегі өзбек ауылдарына жасағалған экспедиция деректері бойынша, иқандық өзбектер ары кетсе бесінші атасының ғана моласын көрсете алаған. Одан бұрынғы ата-бабаларының қайда жерленгендігін нақты нұсқай алмайды.
Жалпы, Қазақстанның оңтүстігіне Қоқан хандығы өз үстемдігін жүргізген кезде оларға қазақтың 150 000 отбасысы бағынған. Бұл - 150 000 отбасы дегеніміз адам санына шаққанда шамамен 600-700 мыңға жуық халық болады. Әйтсе де, Оңтүстік Қазақстан тұрғындары Қоқан езгісіне ұдайы өз қарсылығын білдіріп келген. Мысалы, 1821 жылы қоқандықтардың езгісіне шыдай алмаған 12 мың қазақ Тентек төренің басшылығымен Сайрам мен Шымкентте көтеріліс жасады. Омар ханның көтерілісті басуға жіберген әскербасысы Абулқалым атлақ өзінің айлакерлігінің арқасында Сайрам мен Шымкентті басып алып, көтерілісті жаншыды [9, 312]. Осыдан кейін, Қоқандықтар өз билігін нығайту үшін Мәдәлі хан билік (1822-1842) жүргізген жылдары Оңтүстік Қазақстанда көптеген жаңа бекіністер сала бастады. Өзбекстанның мемлекеттік архивіндегі деректерде бұл бекіністерді: «Жаңақорған, Қошқорған, Дыңқорған, Шымқорған, Қамысқорған» деп көрсеткен. Бұл жаңа бекіністерге өзбектердің келіп қоныстанғандығын В.А.Каллаур да өз жазбасында баяндайды [10, 11-18]. Ал, Өзбекстанның мемлекеттік арихивінде бұл жаңа бекіністердің әрбірінде шамамен 250 өзбек отбасысының қоныстанғандығы айтылады. Яғни, сонда қоқандықтардың әрбір бекінісінде 1000-нан астам өзбектің қоныстанғандығын шамалауға болады. Шынында, Оңтүстік Қазақстанды Қоқан билігінен азат ету мәселесі Қазақ билеушілерінің назарынан бір сәт те тыс қалған емес. Мысалы, Кенесары хан 1841 жылы Ресеймен арадағы уақытша бейбітшілік келісімді пайдаланып, Оңтүстік Қазақстанды Қоқан езгісінен азат ету үшін 4 мың қолмен келіп, Жаңақорған, Жүлек, Ақмешіт бекіністерін шапты. Созақ бекінісін 18 күн қоршап ұстап, соңынан басып алды. Бірақ, Ресей патшалығы Кенесары ханның күшейіп кетуінен қорқып, уақытша келісімді бұзуына байланысты, Кенесары хан Арқаға қайтуға мәжбүр болды [11, 254-255]. Шерәлі хан (1842-1845) мен Хұдаяр хан (1845-1875) тұсында Қоқан хандығы әлсіреп, ыдырау және жойылу кезеңін басынан кешірді. Қоқан хандығының екі бүйірінен, бірі Арал теңізінен Сырдың бойын жағалай Орынбор генерал-губернаторлығының әскері, бірі Жетісудан Омбы генерал-губернаторлығының әскері келіп, бар-жоғы бес-он жылдың ішінде Қоқан хандығын жаулап алды. Осы кезде жергілікті қазақтар дені қоқандықтарға емес, Ресей әскерінің жағына шықты. Себебі, қоқандықтар өздеріне бағынышты жергілікті қазақтарды аяусыз азаптап келген еді. Оны Мәшһүр Жүсіптің мына естелігінен көруге болады: «Кеше 19-ғасырдың ішінде қазақ уалаятында «Қоқан заманы» деген заман болды. Сонда қазақта мақал болып қалды «Ақ жалау барда малым бар деме, Әзірейіл барда жаным бар деме» деген сөз. Ол ақ жалау деген Қоқан хандарының ел шабатұғын қосыны екен. Ол ақ жалау ат үстінде жүргенде қазақтың малында, басында, қатын-қыздарында ерік болмады. Қазақты шапқанда қалай шапты, атқа мінер, сойыл ұстарын тегіс қырып, бесіктегі балалардың ұят жерін қаратып, еркек кіндіктен дәнеме қалдырмай, мал-жан, үй-мүкәмалын қосындағыларға олжалы қылып, қатындарын апарып күң орнына жұмсады. Жалғыз-жарым еркектерді ақ жалаудың үстіндегілергі хандарынан, қолбасыларынан жасырып, ұрлап, өлтірмей тірі алып кетіп, Ташкентте Қоқанның ар жағында Қанбағыс, Досбағыс деген еліне жиырма бес ісек-тұсаққа сатады. Сонан өлмей, тірі құтылып келген шалдармен сөйлесіп, осы әңгімені өздерінен естідім...» [12].
Негізі Қоқан хандығы осы өлкені басқанда 1814-ші, 1842-ші, 1856-шы жылдары сонау Ферғана өңірінен Шымкентке, Сайрамға, Қарабұлаққа, Түркістанға, Иқанға, Созаққа, Шолаққорғанға, Әулиеатаға өзбектер топтарын үш дүркін көшіріп әкелген. Бұл жайында Қоқан хандығының хаткерлері әдемі жазып кеткен («Қоқан хандығына қатысты жазбалар», тізім, Ферғана меммұрағаты). Хандар әр көште ірі шаһарларға 100, кішірек қалашықтарға 50-60 отбасын жіберіп отырған. Мақсаттары – қазақ даласын өзбектендіру-тін. Олардың көпшілігі 1864 жылы орыстар Түркістан мен Шымкентті басқанда, Ташкентке қарай қашқан қоқандықтарға ілесіп, ата қоныстарына қайтып кеткен. Осында қалғандары – қазіргі Қазақстанда тұрып жатқан өзбектердің ата-бабалары. Оңтүстік Қазақстандағы өзбектердің басым көпшілігі Қазақтың Арғын, Найман, Қоңырат, Қаңлы, Қатаған-Жайма руларынан және түбі араб болып табылатын Қожалар мен Сунақтардан тұрады. 16-ғасырдың басында Мұхаммед Шайбани хан көшпелі өзбек тайпаларын бастап барып Мәураннахрды жаулап алғанда, көшпелі тайпалардың түрі мен тілі өзгеріске ұшырап, кейін Қоқан хандығы кезінде қайта көшіп келген. Үш ғасыр уақытта өзге жерге қоныс аударған кез-келген ұлттың өзгеріске ұшырары анық. Тіпті, кешегі 30-шы жылдары Ауғанстан мен Иранға үдере көшкен қазақтар, бар-жоғы 50-60 жылда аздап болса да парсыланды. Сол секілді 16-ғасырдың басында Мәураннахрға ауған көшпелі жұрт, жергілікті отырықшы халықпен біте-қайнаса араласуының нәтижесінде біртіндеп сарттанып (өзбектеніп) кетті. Бұған тағы бір мысал, 16-ғасырға дейін Ұлы жүздің құрамында болған Қазақтың Қырық, Жүз, Мың секілді рулары бүгінде өзбек ұлтының құрамында өмір сүруде. Сондықтан, біз бұл мәселеде Мәураннахрдағы табиғи түрде өзгеріске ұшыраған бұрынғы өзбектер 16-ғасырда Қоқан хандығының Оңтүстік Қазақстанды жаулап алуымен Түркістан, Сайрам аудандарына келіп қоныстанды деп тұжырымдаймыз. Рас, кейбір тарихты терең білмейтіндер Сайрам селосында 100 пайыз өзбектердің тұруына байланысты, Ақсукент өңірін өзбектердікі деп айтып қалып жүр. Бұл түбірімен қате пікір. Сайрам қаласы Қасым хан билік құрған (1509) кезден бастап қазақтардың қаласы болып келді. Мұны өзбек зерттеушілерінің өзі де мойындайд. Әз-Тәуке хан билік құрған 1680-1715 жылдары Сайрамдағы «Мөртөбе» (Тарихшылар «Мәртөбе» деп қате атап жүр. Негізінде «Мөртөбе» хан жарлығына мөр басылатын жер мағынасын береді) хан ордасы болып келген. Тәуке ханнан кейін Тұрсын хан мен Күшік хандар 18-ғасырдың аяғына дейін Сайрамды билеп келді [6, 76-80]. Бүгінгі Сайрам селосын мекендейтін тұрғындардың басым көпшілігі арғы аталары арабтан шыққан қожа әулеттері. Сайрамнан табылған шежірелер мен ескі кесенелер осылай деуге негіз болады. Ал, аракідік кездесетін руы жоқ сарттар болса, Қоқанның бекіністердегі салық жинаушы әскерилер және сауда-саттық жасап келгендер. Қоқан дәуірінде мұндай көші-қон үдерісінің болғандығын тарихи деректер негізінде жоғарыда айтып өттік. Еліміз егемендікке жеткеннен кейінгі уақытта, қазақ еліне қоныстанған өзбектер тарихына жаңаша көзқарас білдіру уақыттың қойған талабы болды. Отандық тарихтың өткен кезеңдеріндегі шындығы бұрмаланып, ақиқаты айтылмай келген оқиғалары мен құбылыстарын ой елегінен өткізуге деген қажеттілік туындаған пікірлер осылайша өрбіді.
Сондай-ақ, Шымкент өңірінде қоқандықтардың шариғатта жоқ «қыз салығын аламыз» деген ісіне Сапақ би, Мәдәлі қожа, Телқожа батыр, Ырысқұлбек батыр, Мұсабек батырлардың қарсы шығып, Ордабасы тауында Қоқанның наместнигі Мырза биді әскерімен бірге жойып жіберген. Егер, Қоқан билеушілері шариғатқа сай халықты әділетті басқарған болса, Сапақ би, Мәдәлі қожа, Мұсабек батыр, Сыпатай батыр, Байзақ датқа, Қанай датқалар діні басқа Ресей әскеріне болысып, Қоқанға қарсы соғыспаған болар еді. Қоқандықтардың қазақтарға жасаған шектен тыс зорлық-зомбылығына қарсы күрескен батырлар туралы хикаялар халық аузында әлі айтылады. Мұны Мәдәліқожа, Майлықожа, Құлыншақ, Жамбыл, Сүйінбайлардың жырынан көре аламыз.
Қазақ пен өзбек ежелден Орта Азия кеңістігінде қоян-қолтық араласып, қатар күн кешіп келе жатқан туыс халықтар болып табылады. Географиялық орналасуында және кейбір мәдени ерекшеліктері болмаса, қазақ пен өзбектің тілі, діні, ділі бір деп қарастыруға болады. Түрік халықтарының ішінде бір-бірінен кеш ажырап, енші алған халықтар қазақ пен өзбек десек, сірә, қателеспейміз. Бір кездері бір халық болған қазақтар мен өзбектер бірқатар себептерге байланысты, 15-ғасырдың екінші жартысында бір-бірінен бөлініп, бөлек отау тікті. Осы бөлінуге түрткі болған тарихи себептер мен өзбектердің көші-қон процестері туралы Х.Вамбери, В.Д.Греков, А.Ю.Якубовский, А.А.Семенов, Б.Ахмедов, Т.Сұлтанов, Б.Кәрібаев сынды ғалымдар зерттеп, зерделеді. Осы тұста айта кететін бір жайт, «өзбек» атауының шығуын ғалымдар бірауыздан Алтын Орданы билеуші Өзбек ханның (1312-1342) есімімен тығыз байланыстырады. Тарихтан сыр шертер болсақ, Алтын Орда империясы ыдырағанда Жошы ұлысының сол қанатындағы көшпелі тайпалар кезінде Өзбек ханның ұлысы болғандықтан, олар өздерін «өзбекпіз» деп атағанын білеміз. Осы ұлан-ғайыр аймақта 1428 жылы билік құрған Әбілқайыр ханның ұлысы «Көшпелі өзбектер мемлекеті» деген атпен тарих сахнасына шықты. Кейін, Әбілқайыр ханның өмірінің соңында (1469 ж.ө) көшпелі өзбек мемлекетінен өзбек, қазақ, ноғай ұлыстары бөлініп, жеке-жеке мемлекеттерге немесе ұлттарға айналды.
Ал, Маураннахр халқының «өзбек» аталуының себебі, Әбілқайыр ханның немересі Мұхаммед Шайбани хан 1500-1510 жылдары өзіне қарасты Дешті-Қыпшақ тайпаларын (көшпелі өзбектер) тайпаларын бастап келіп, Маураннахрдың билігін Темір әулеттерінен тартып алды. Бұдан кейін, Маураннахрда Шайбаниттер әулеті басқаратын өзбек мемлекеті пайда болады. Тарихшы Т.Сұлтанов бұл туралы: «өзбек» сөзі Шибан ұрпағымен бірге Мауреннахр мен Хорезм аумағына өткен тайпалардың атына айналды» [13, 56], - деген тұжырым жасайды. Алайда, өзбектердің ұлттық құрамы бір текті емес, бірнеше құрамнан тұратындығы айтылып та, жазылып та жүр. Ал, тарихшыларымыз өзбектердің «Орта Азиялық бөліктегі ежелгі отырықшы халық (сарттар), кезінде дербес мемлекеттер болған қарлұқ, оғыз, моңғолдар (Селжүк, Қарақан, Темір мемлекеттері) және қазақпен қаны да, тегі де бір көшпелі өзбектер» [14, 212] секілді әлеуметтік-ұлттық топтардан тұратындығын айтады. Осы пікірді тарихшы М.Тынышбаев былайша баяндайды: «Өзбектер қышлақтарда тұрса, сарттар қалаларда өмір сүреді. Өзбектен «руың не» деп сұрасаң, «Кеңегес, Қыпшақ, Қатаған, Барын» деп жауап береді. Ал, сарттан ру сұрасаң, тек «қалалықпын» деп жауап қатады» [3, 178]. Жоғарыда келтірілген деректерге сүйенсек, өзбек ұлтының тілі де біркелкі еместігіне көзіміз жетеді.
Тілі және жазуы
Өзбек тілі - Хорезм өзбектерінің тілі, Ферғана жазығындағы өзбектердің тілі, Жызақ, Сұрхандария-Қашқадария өзбектерінің тілі болып бөлінеді. Тілші-ғалымдар өзбек тіліндегі өзгешеліктерді былайша жіктейді: «Өзбек тілі, негізінен, Қарлұқ, Оғыз, Қыпшақ диалектісі болып бөлінеді [16, 564]. Олардың ең үлкені оңтүстік-шығыс пен қала тұрғындарының тілдік ерекшелігін қамтитын қарлұқ диалектісі, ол қазіргі өзбек тіліне ұқсас келеді.
Қазіргі өзбек әдеби тілі қарлұқ диалектісі негізінде қалыптасқан. Фонетикалық ерекшелігі жағынан бұл аталған диалектілер, «о»-мен сөйлеушілер, «а»-мен сөйлеушілер деп екіге бөлінеді (охшом – ахшам). Өзбек тілі басқа туыстас түркі тілдерінен сөз басында «й» дыбысын (йол – жол, йіп – жіп), сөздің ортасы мен соңында «ғ», «г» дыбыстарын (тағ – тау, ағыз – ауыз) қолдану, сондай-ақ морфологиялық тұрғыдан көптік жалғауының тек «-лар» түрінде (сизлар, дафтарлар), ілік септігінің «-нинг», табыс септігінің «-ни», жатыс септігінің «-да», шығыс септігінің «-дан» үлгілері негізінде бір ғана фонетикалық нұсқада қолданылуымен ерекшеленеді. Өзбек тілінің жазуы ертеден қалыптасқан, ХІV– ХVІ ғасырлардағы көне жазба әдеби тілін ғылыми әдебиетте шағатай тілі деп атайды. Өзбек тіліне үндестік заңы (сингармонизм) тән емес, лексикалық жағынан араб, парсы тілдерінен ауысқан сөздер көп кездеседі, грамматикалық құрылымы тұрғысынан жалғамалы (агглютинативті) тілге жатады. 1927 жылға дейін араб, одан кейін латын (1927 – 38), 1939 жылдан кирилл (орыс) әліпбиін қолданса, 1994 жылдан бастап қазіргі жазуы қайтадан латын әліпбиіне көшті.
Иқандық Тухташ Мамаевтың «Иқон ва Иқонликлар» [17, 26-27] атты зерттеу жұмысында Түркістан ауданындағы Иқан, Иба ата, Шаға, Сайрам ауданындағы Ақсу, Манкент, Қарабұлақ, Қарамұрт селосындағы өзбектердің Самарқан, Хорезмнен көшіп келгендігін айтады. Ғалымның бұл дерегін тілші-ғалым А.Ходжиев те растайды. Оның көзқарасынша, өзбек тілі Оғыз, Қарлұқ, Қыпшақ диалектісіне бөлінеді. Оғыз диалектісінде Хорезм өзбектері сөйлейді. Ал, Иқан, Қарабұлақ, Қарамұрт өзбектерінің тілі өзбек тілінің оғыз диалектісіне жатады. Бұл, Иқан, Иба ата, Қарабұлақ, Қарамұрт өзбектерінің Самарқан, Хорезмнен көшіп келгендігіне нақты дәлел бола алады [4, 564].
Қазақстандағы өзбектердің саны және тұрып жатқан жерлері
Жоғарыда айтып өткеніміздей, өзбек этносының өкілдері Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан, Сайрам, Сарыағаш, Төле би, Қазығұрт, Мерке аудандары мен Шымкент, Түркістан, Тараз, Кентау қалаларында шоғырланған. Еңбек миграциясының кең таралуымен бірге, өзбектер Қазақстанның – Астана және Алматы қалаларында, сондай-ақ Алматы, Қарағанды, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында да кездеседі.
Сауалнама алынған 435 респондент Қазақстанның облыстары бойынша былай бөлінді:
97 адам (22,3%) – Оңтүстік Қазақстан облысы;
79 адам (18,2%) – Жамбыл облысы;
70 адам (16,1%) – Ақмола облысы;
35 адам (8%) – Шығыс Қазақстан облысы;
32 адам (7,4%) – Қарағанды облысы;
22 адам (5,1%) – Атырау облысы;
18 адам (4,8%) – Солтүстік Қазақстан облысы;
10 адам (2,3%) – Ақтөбе облысы;
6 адам (1,4%) – Алматы облысы;
2 адам (0,5%) – Қостанай облысы;
2 адам (0,5%) – Павлодар облысы;
1 адам (0,2%) – Маңғыстау облысы.
ӨЗБЕКТЕРДІҢ ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЙМАҚТАРЫНДА ОРНАЛАСУЫ (1-01-2016)
Халық санағының қорытындысы бойынша Қазақстандағы өзбек диаспорасы санының динамикасы төмендегідей:
Қазақстанның барлық аймақтары бойынша сауалнама қорытындысы
Халықаралық жоба аясында алынған сауалнама көрсеткендей, өз жанұяларының Қазақстанда көшіп келу себебін барлығы біле бермейді, яғни оладың ата-бабалары Қазақстанға қай кезде көшіп келгенін нақты айта алмайды. Сондықтан олардың көпшілігі өздерін Қазақстанның байырғы тұрғындарымыз деп есептейді, сауалнама алынған 435 өзбек этносының өкілі «Сіздің жанұяңыз Қазақстанға жер аударылған ба?» деген сұраққа былайша жауап берді: 239 (54,9%) - жоқ, 4 -еуі (0,9%) – ия, 192-сі (44,1%) – жауап берген жоқ.
Қазақстанның тәуелсіздік алуы еліміздегі этнодемографиялық жағдайдың күрт өзгеруіне алып келді. Қазақстаннан Ресейге және Еуропа елдеріне көші-қон процесі ел халқының санын 9,1 % төмендетті. Тәуелсіздік жылдары Қазақстан халқының басым көпшілігінің саны күрт төмендеді. Тек қана өзбектер мен өзбеклар ғана өз халқының санын сақтап қалды.
Оның үстіне өзбектер мен ұйғырлар өз санын табиғи өсім арқылы ұлғайтты, ал қалған халықтар мигирация есебінен өз халқының санын көбейтті. Қазақстанның кең-байтақ жерінде халықтардың тарала өмір сүруі өзара жеке қатынастардың дамуын ынталандырды, ал басқа мәдениет пен конфессия аралық қатынастар жаңа мәдениетаралық және этникааралық қатынастар механизмін қалыптастырды. «Пост-кеңестік Қазақстандағы түркі халықтарының тілі мен мәдениетінің өзара ықпалы» халықаралық жобасының жүргізілу барысында өзбек этно-мәдени орталықтарының көмегімен өзбек халқы өкілдерімен кездесулер өткізіліп, сауалнама жүргізілді. Сауалнама алынған респонденттердің барлығы ұлттық танымның қажеттігін көрсетті, яғни халықтық салт-дәстүрлерді, дінді ұстану және ұлттық тағамдарды сақталуын. Барлығы этностың бір террриторияда тұруы міндетті емес деп көрсетті. Зерттеу сұхбат алу (интервью), сауалнама толтыру және сауалнаманы талдау әдісі бойынша жүргізілді.
Этникаға жату: 435 сауалнама алынған өзбек-респондент, оның ішінде: 265-і (60,9%) – ер адам, 170-і (39,1%) - әйел.
Этникалық таным: Өзбек этносының басым көпшілігі 407 адам (93,6%) төлқұжат бойынша өздерін өзбек деп көрсетті, олардың ішінде 16-сы (3,7%) өздерін қазақ, 1-еуі (0,2%) ұйғыр деп таныса, 11-нің (2,5%) - мәліметі жоқ.
Әкесінің ұлты: 422 адам (97%) – өзбек; 4-еуі (0,9%) – ұйғыр; 3-еуі (0,7%) –қарақалпақ; 2-еуі (0,5%) – якут; 1 адамнан (0,2%) – қырғыз және татар және 2-нің (0,5%) – мәліметі жоқ. Сауалнама талдамасы көрсетіп отырғандай. Әке тарапынан өзбектерде ұлттық құрам көп емес, барының өзінің үлес салмағы өте аз, өзбектерден басқа барлығы 5 ұлтты құрайды.
Ал анасының ұлты тарапынан сауалнама алынғандар 6 ұлтқа таратылды: 376 адам (86,4%) – өзбек; 22 (5,1%) – қазақ; 14 (3,2%) – орыс; 9 (2,1%) – татар; 6 (1,4%) – ұйғыр және 3 адамнан (0,7%) – қырғыз және әзірбайжан.
Осылайша, өзбек халқындағы аралас некелі жанұяларда басты орынды әке алады, сондықтан барлық мәлімет әке тарапы бойынша беріледі. Этникалық танымда ұлтына қарамастан әке жағына (өзбек) басымдық беріліп, жанұядағы бала әкесінің ұлтымен жазылады. Осы мәліметтерге қарап қазіргі кезде өзбектердің санасының, мәдениетінің, тілінің қалыптасуында анасынан гөрі әкесінің ықпалы көп деген қорытынды жасауға болады.
Дегенмен, осыған қарамастан, аралас жанұяларда ұлты өзбек ер адамдар да, ұлты өзбек қыздар да басқа ұлт өкілдеріне үйленіп, тұрмысқа шыға алады. Бірақ көп жағдайларда өзбектер өзбек қыздарға үйленуді, ал қыздары өзбек жігіттерге тұрмысқа шығуды қалайды, осы арқылы олар этникалық мәдениеттерін, салт-дәстүрлерін, менталитетін сақтайды.
Екінші ұрпақ, яғни ерлі-зайыптылардың бірі өзбек емес жанұяларда мынандай жағдай байқалды: 63 (37,7%) бала өзбек деп жазылған;
қазақ деп жазылған балалар саны - 20 адам (12%),
орыс - 3 адам (1,8%),
қырғыз – 2 адам (1,8%),
татар мен өзбек 1 адамнан (0,6%) және 74-нің (46,1%) - мәліметі жоқ.
Сауалнама алынған барлық респонденттер ана тілін жақсы біледі және өзбек тілін шұбарламай жақсы меңгерген. Өзбектердің барлық буын өкілдері ана тілін өте жақсы біледі, сондай-ақ, орыс және өзбек, қазақ, орыс, өзбек, орыс және қазақ тілдерін бірдей қолданады. Сауалнама талдауы төмендегі мәліметтерді көрсетті:
177 (40,7%) – тек қана өзбек тілінде;
67 (15,4%) –тек қана орыс тілінде;
54 (12,4%) – орыс-өзбек тілінде;
44 (10,1%) – қазақ-өзбек тілінде;
28 (6,4%) – қазақ-орыс-өзбек тілінде;
16 (3,7%) – қазақ-орыс тілінде;
15 (3,4%) – тек қана қазақ тілінде сөйлейді; 28-нің (6,4%) – мәліметі жоқ.
Жанұяда мектеп жасындағы балаларымен сөйлесу тілінің талдауы келесіні көрсетті:
173 (39,8%) – тек өзбек тілінде;
74 (17%) – тек орыс тілінде;
29 (6,7%) – орыс-өзбек тілінде;
38 (8%) – қазақ-өзбек тілінде;
44 (10,1%) – қазақ-орыс-өзбек тілінде;
13 (3%) – қазақ-орыс тілінде;
40 (9,2%) – тек қана қазақ тілінде сөйлеседі.
Жанұяда үлкендермен сөйлесу тілінің талдауы:
205 (47,1%) – тек өзбек тілінде;
59 (18,6%) – тек қана орыс тілінде;
44 (10,1%)– орыс-өзбек тілінде;
52 (12%) – қазақ-өзбек тілінде;
16 (3,7%) – қазақ-орыс-өзбек тілінде;
16 (3,7%) – қазақ-орыс тілінде;
19 (4,4%) – тек қана қазақ тілінде, 21-нің (4,8%) – мәліметі жоқ.
Басқа ұлт өкілдерімен сөйлесу тілінің талдауы:
14 (3,2%) – тек қана өзбек тілінде;
85 (19,5%) – тек орыс тілінде;
8 (1,8%) – орыс-өзбек тілінде;
16 (3,7%) – қазақ-өзбек тілінде;
61 (14%) – қазақ-орыс-өзбек тілінде;
144 (33,1%) – қазақ-орыс тілінде;
34 (7,8%) – тек қана қазақ тілінде, 70-нің (16,1%) – мәліметі жоқ.
Тілдік бөлімнің талдауы «тілдік факторда» өзбектер үшін өзге ұлт өкілдерімен сөйлесу тілі орыс және қазақ тілі болып табылатындығы анықталды. Өзбектер мемлекеттік тілді өте жақсы меңгерген немесе жақсы біледі (14,6%), болмаса қазақша сөйлей алады және жақсы түсінеді (42,4%).
Сауалнама алынған респонденттердің көпшілігі тілдік негіздер бойынша олардың құқықтарын бұзу фактілерін белгілеген жоқ. Елдегі тілдік ахуалдың дамуы барысында өзбек этникалық тобы өкілдерінің басым көпшілігі орыс тіліне нұқсан келтірместен қазақ тілін меңгеру қабілеттілігін арттырып келеді. Тіл саясатының неғұрлым қолайлы модельдері ретінде қазақстандық өзбектер мемлекеттік тіл – қазақ тілін және ресми тіл – орыс тілін қатар қолданатын «қостілді» болып келеді (63,3%), тілдік факторда екінші орынды үштілділік идеясы иемденді (28,6%).
Сонымен, талдау қорытындысы бойынша:
212 адам (48,7%) – өзбек, қазақ және орыс тілдерінде еркін сөйлейді;
205 адам (47,5%) – өзбек, қазақ және орыс тілдерінде еркін оқиды;
170 адам (39,1%) – өзбек, қазақ және орыс тілдерінде еркін жазады;
137 адам (45,3%) – өзбек, қазақ және орыс тілдерінде еркін түсінеді;
137 адам (45,3%) – өзбек, қазақ және орыс тілдерінде газет, журнал және хабарландыруларды еркін оқи алады;
218 адам (29,4%) – өзбек, қазақ және орыс тілдерінде лекция, әңгіме, баяндама, телехабарлар мен радио тыңдайды;
143 адамға (48,7%) – өзбек, қазақ және орыс тілдерінде концерт тыңдау, спектакль көру ыңғайлы;
241 адам (48,7%) – қазақ және орыс тілдеріндегі фильмдерді ана тілінде түсіндірудің қажеті жоқ деп жауап берді.
Ана тілін жете меңгерген барлық респонденттер өздерін өз ұлтының толық мүшесі деп санайды. Жеке таным бойынша өзбек этносының өкілдері өздерінің топтарын этникалық және діни топпен байланысты анықтайды (375 сауалнама алынған адам, ол 86,2% құрайды, ислам дінін ұстанады) және (30,6%) жалпыазаматтық танымды (Қазақстандық) ұстанады. Осы жерде Қазақстандағы ұлттық құрылым «этникалық» емес, азаматтық модель бойынша құрылуы керек деген көзқарасты 95% респондент қолдайтынын көрсетті.
Өзбектердің ұлттық-мәдени бірлестіктері және олардың тілі мен мәдениетін қолдау
Оңтүстік Қазақстан қалалары мен аудандарында Өзбек этно-мәдени мәдени орталығының 11 филиалы жұмыс істейді. Облыстық өзбек мәдени орталығы аталған орталықтардың қызметін үйлестіреді, оларға әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді. 1992 жылдан бері «Дустлик» өзбек Ассоциациясының ұйымдастыруымен жыл сайын «Тіл, дәстүр және мәдениет күндері» мерекесін, «Офарин», «Лапар» конкурстарын, «Аския» күлкі фестивалін өткізу дәстүрге айналған. Облыс тұрғындары «Үміт», «Нұр», «Парваз», «Гунча», «Сайрам», «Нулифар», «Кунгил», «Юлдузча», «Садаф» сынды ансамбльдерді жақсы біледі. Облыстық өзбек театры жұмыс істейді. Орталықтың жастар қанаты белсенді жұмыстарымен белгілі. Мәдени орталықтың негізгі міндеттерінің бірі дарынды жастарға қолдау көрсетіп, оларды мәдени іс-шараларға, ұлттық мерекелерге, халықтық өнерге тарту болып табылады.
Облыста таза өзбек тілінде оқытатын 58 (оның 57-сі ОҚО, 1-еуі – Тараз қаласындағы №4 мектеп), аралас 81 мектеп жұмыс жасайды. Облыс орталығында өзбек тілінде 10 басылым шығады. Олардың екеуі мемлекеттік: Оңтүстік Қазақстан облысындағы қоғамдық-саяси басылым «Жанубий Қозоғистон» (бас редакторы Алишер Сатвалдиев), «Туркистон» (Райимжан Алибаев); жеке газеттер - «Сайрам садоси» (Абдусаттор Умаров), «Сайрам сабоси» және «Жамият ва маърифат» (Абдумалик Сарманов), «Адабиёт ва санъат» (Абдугаффар Махаммедов), «Жануб жарчилари» (Закиржан Моминжанов), «Исфижоб» (Эркиной Султанова), «Робита» (Фазлиддин Идинов), «Иқоним-иймоним» (Муталиб Юлдашев), а также, частные журналы - «Саодат сари» (Мухайё Бегматова), балаларға арналған «Бойчечак» және «Камалак», «Болажон» және «Болалар олами». Бұдан басқа облыстық «Қазақстан-Шымкент», «Отырар», аудандық «Сайрам ақшамы» телеарналарында өзбек тілінде хабар-жаңалықтар беріледі.
2003 жылы Сайрам ауданынан өзбек облыстық драма театры ашылғанда Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.Назарбаев арнайы келіп, тұсаукесер тойына қатысқан.
Өзбек мәдени орталығы төрағасының орынбасары Ишпулат Қырғызбаев білім саласын көтеруде үлкен жұмыстарға бастамашы болып жүр. Өзбекстан Республикасындағы жоғары оқу орындарынан Қазақстандағы өзбек түлектер үшін бірталай квота бөлгізді. Өзбекстандағы қазақ жастарының Қазақстанда білім алуына септесті. Ишпулаттың ісін Абдухамков Абдували мен Бегмат Тұрдықұлов жалғастырып келеді. Өзбек мәдени ұлттық орталығы мен облыстық білім басқармасының ұйытқы болуымен өзбек тілі мен әдебиетінен облыстық ауқымда өткен олимпиада қазір республикалық мәртебе алған.
Орталық мемлекеттік тілді өзбек жастарының терең білуіне ұйытқы болып келеді. Мемлекеттік тілде ғылыми-практикалық конференциялар мен конкурстар жиі өтеді. Бұған Парламент депутаттары Сатыбалды Ибрагимов пен Розақұл Халмұрадов және облыс, аудан мәслихаттарының депутаттары қатысып, өз үлестерін қосады.
Сайрам ауданындағы Ю.Сареми атындағы мектеп-гимназиясында мемлекеттік тілден бөлек, өзбек, орыс және шет тілдердің бірінен сабақ беріледі.
Халық үшін пайдалы іске Исмаилова Тұрсыной, Қырғызбаев Гайрот, Нарова Гүлнар, Махамаджанова Рахбара, Мұхиддинов Хайтмұрад, Атажанов Акмал, Тешебаева Хамида, Алимжанова Феруза секілді көпті көрген жандар араласып, белсенді жұмыс жасайды. Олар халық арасында өзбек халқының салт-дәстүрлері, тілі мен мәдениеті жайында пікір алысып, жұрттың рухани жағынан мешеу болмауына септесіп келеді.
Халықтың тілі мен мәдениетінің дамуына үлес қосып келе жатқан жазушылар мен ақындардың үлкен бір шоғыры бар. Эрназар Розметов, Бахадир Сабитов, Хавазмат Кочкаров, Закиржан Моминжанов, Абдрурахим Пратов, Ибрахим Хухкиев, Икрам Хашимжанов, Мұраджан Абубакиров сияқты қаламгерлер Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшелері. Қаламымен ел арасын бөлшектеу үшін емес, іргесін бүтіндеуге, достықтың берік болуына қызмет етіп келе жатқан шығармашылық иелері Өзбекстан Жазушылар және Журналистер одағымен тығыз-қарым қатынас жасап, ондағы ақын-жазушылардың Қазақстанда кездесулер ұйымдастыруына ұйытқы болып отырады. Мысалы, «өзбек халқының салт-дәстүрлері, тілінің күні» мейрамы Сайрам ауданында аталып өткенде Өзбекстаннан «Нуронийлар Жамгармайс» республикалық қорының төрағасы Нумон Касимов бастаған ақындары мен жазушылар, Ташкент облысының спорт және мәдениет басқармасының бастығы Махмуджан Абдуназаров сияқты қадірлі қонақтар арнайы келіп, қатысқан.
Өзбек мәдени орталығы Өзбекстандағы қазақ мәдени орталығымен тығыз байланыс жасап тұрады. Жызақ облысындағы Гагарин қаласында қазақ драма театры және Сайрам драма театрлары бір-бірімен спектакльдер алмасып тұрады.
Осындай жағдайларға қарамастан, сонда да алынған әлеуметтік-лингвистикалық сауалнаманың нәтижесі бойынша респонденттердің 60%-нан астамы өз болашағы мен балаларының болашағына сенімсіздікпен қарайды. Сауалнамаға қатысушылардың 53,1% басшы орындарға тағайындауда және 18,4% жұмысқа қабылдауда этникалық фактор есепке алынады деп жауап берді.
Алынған сауалнаманың талдамасы өзбек халқы өкілдерінің басқа этностармен қақтығыстары жоқ екенін көрсетті. Барлық респонденттер Қазақстанды өз Отаны деп қабылдайды. Этникааралық қарым-қатынаста негізгі мәселе ретінде ұйғырлармен (1 – 0,9%), с қазақтармен – 3 (0,9%), с христиандармен және орыстармен - 1 (0,9%) қақтығыстардың болуын және іс жүргізудің қазақ тіліне ауыстырылуы бойынша (67,3%) деп көрсетті. Жалпы алғанда Қазақстанда тұратын өзбектердің өзін-өзі ұстауында айтарлықтай анық «өзбек моделін» байқатқан жоқ, дегенмен екі факторды атап көрсетуге болады, нөлдік конфликтілік потенциал және басқа ұлттармен қарым-қатынас жасаудағы ашықтық: 79,6% өзбек басқа ұлттармен некеге тұруға дайын екендерін көрсетті, дегенмен жоғарыда келтірілген талдама мүлде басқа картинаны берді (86,4% өзбектермен және бар-жоғы 13,6% басқа этностармен неке анықталды).
Өзбек этносының басым көпшілігі баяғысынша ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығымен айналысады. сауалнама алынған 39 адам (23,4%) осы кәсіптермен айналысса, қазіргі кезде басқа кәсіппен айналысатындар да кездеседі:
33 адам (19,8%) – жұмысшы;
21 адам (12,6%) – қызмет көрсету саласының қызметкері;
9 адам (5,4%) – оқытушы;
2 адама (1,2%) – оқушы;
3 адам (1,8%) – мемлекеттік қызметкер;
18 адам (10,2%) – жұмыссыз және 3-нің (1,8%) – мәліметі жоқ.
Өзбек халқында ежелден сақталған махалла – бір аймақта ағайын-туыстардың бір-бірімен жақын араласып, көршілес өмір сүретін жері.
Махалладағы барлық мәселені көпті көрген ақсақалдар ақылдас ып шешеді. Үлкендердің айтқанын жастары бұлжытпай орындауға міндетті. Үлкен мен кішінің арасындағы айырмашылық пен сыйластықты сақтау – өзбек халқының ең басты парыздарының бірі.
Халық ауыз және жазба әдебиеті
Өзбек әдебиетінің дамуына ауыз әдебиеті мен шығыс халықтары әдебиетінің әсері мол болған. Жанрлық түрі бай ұлттық фольклорында халық тарихын баяндайтын жыр-дастандардың алатын орны ерекше. Оларға «Күнтуғимиш», «Алпамыш», «Гороглы», «Юсуф пен Ахмад», «Тахир мен Зухра», «Арзигул» т.б. жырлар жатады. Түркі халықтарының, оның ішінде өзбектердің дүние жүзіне танылуына Әлішер Науаидың шығармалары ықпал етті. ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы өзбек әдебиетінде Тұрды, Күлхани, М.Хорезми, Агахи, т.б. шығармалары елеулі орын алды. Ал Фурқат (1853-1909), Дилшад (1800-1905), Х.Хакизада Ниязи (1889-1929), С.Айни (1878-1954), А.Қадыри (1894-1940) шығармалары демокр.-ағартушылық ағымның бастауы болып саналады. ХХ ғасырдағы өзбек әдебиеті классиктері Ғ.Ғұлам (1903-1966), Айбек (1905-1968), А.Қаһар (1907-196868), К.Яшен, Ұйғын, т.б. жазушылар туындыларында ел өміріндегі әлеуметтік-саяси өзгерістерді бейнеледі. Өзбек әдебиеті ХХ ғасырдың 50-90-жылдары кәсіби-шығармашылық деңгейге көтеріліп, ақын-жазушылардың еңбектерін өзге ұлт тілдеріне аудару үрдісі жанданды. Мирмухаин, Зүлфия, А.Мұхтар, Шукурулла, А.Хашим, А.Саади, В.Абдуллаев, т.б. қаламгерлер өнімді еңбек етті. К.Мухаммади, К.Хикмет, Т.Момын, Х.Нәзір балаларға арналған шығармалары арқылы танымал болды.
Халық ауыз әдебиеті үлгілерінен респонденттердің 87,4% мақалдар мен мәтелдерді біледі және кейде пайдаланады. Үлкендеу жастағылардың (50-ден асқандар) есінде өздеріне әжелері айтып берген ертегілер мен мифтер сақталған («Алпамыш», «Тахир ва Зухра», «Фархад ва Ширин», «Гулямбай», «Қилыч ботир», «Қахроион ботир», «Шайбани-нома», Алишер Науаи поэмалары, Ақсақ Темір және Қожа Насреддинтуралы аңыздар және өлеңдер т.б.), ал 12,6% білмеймін деп жауап берді. Орта буын өкілдері, өздерінің жастық шақтары 70-90 жылдарға - Кеңес Одағына тұстас келгендер, қазақ әдебиетін жақсы білмейміз деп жауап берді, ал жас буын өкілдері қазақ әдебиетімен аздап болса да тыныс екендігін көрсетті. Қазіргі кезде жоғары білімі бар ұйғыр халқының респонденттері халық ауыз әдебиетін, сондай-ақ төл әдебиетті жаңа технологияның (Интернеттің мүмкіндігі) көмегімен, сонымен қатар ұлттық этно-мәдени орталықтардың түрлі іс-шараларына қатысу арқылы жаңғыртуды қолға алып отыр.
Қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі оқулықтардың сапасын тек қана жоғары білімі бар респонденттер ғана бағалай алды. Негізінен, қазақ және орыс тілдеріндегі оқулықтарға «қанағаттанарлық», ал ағылшын тіліндегілер – «жақсы» деп бағаланды.
Сауалнама соңындағы «Сіз өз жауаптарыңызға тағы нені қосқыңыз келеді? Сіздің мектепте оқыту, мәдени-ағарту жұмыстары, ана тілінде кітап пен үнқағаз шығару туралы қосып-алатын ұсыныстарыңыз бар шығар» деген сұраққа кейбір респонденттер (60 адам) былай деп жауап берді:
- Ана тілінде газеттер мен журналдарь шығарылса – 7 адам (11,6%);
- Мектептерге өзбек тілін оқытуды енгізсе – 4 адам (6,6%);
- Ана тілінде ТВ хабарлар көрсетілсе – 3 адам (5,0%);
- Аудармалардың сапасына көңіл бөлінсе – 7 адам (11,6%);
- Еліміздің гүлденгенін қалаймын – 5 адам (7,8%);
- Қазақстармен достық қатынас сақталса – 2 (3,3%);
- Қазақстанда жыл сайын «Өзбекстанның Қазақстандағы күндері» секілді мейрамдар өткізіліп тұрса. Өзбекстаннан әртістер жиі келіп тұрса, сондай концерттерге бару ұнайды - 1 адам (1,6%);
- Қазақ тілінің мәртебесі көтерілсе - 1 адам (1,6%);
- Өзбек тіліне қазақ ақын-жазушыларының шығармалары аударылса - 1 адам (1,6%);
Зерттеу нәтижесі көрсетіп отырғандай, қазіргі кезеңде өзбек диаспорасы өмірлік тәжірибесін көбейте, оны жаңа әлеуметтік-тарихи жағдайға сәйкестендіре отырып, тұрақты дамып келеді. Қазақстандық өзбектердің көпшілігі Қазақстанды шын жүректен өз Отаны деп есептейді және оны тастап кетейін деп жатқан жоқ.
Пайдаланған әдебиеттер
1 Зияев Х.З. Ценные материалы по истории Ташкента, Общественные науки в Узбекстане, 1971, № 4.
2 Гродеков Н.И. Киргизы и каракалпаки Сырдарьинской области. Т, І, Юридический быт, Ташкент, 1889.
3 Иванов П.П. Казахи и Кокандское ханства. Записки института востоковедения АН СССР, т. 7, 1939.
4 Диваев А. Предание о возникновении азиатского города Ташкента. Протоколы заседений . Туркестанского кружка любителей археологии. – Ташкент, 1900.
5 Бекмаханов Е. Казахстан в 20-40 годы ХІХ века. «Қазақ Университеті». – Алма-Ата, 1992.
6 Ерофеева И.В. Казахские ханы и ханские династии. Культура и История Центральной Азии и Казахстана. – Алматы, 1997.
7 Қазақ ССР тарихы. І том. Алматы, 1957.
8 Байпақов К., Нұржанов А. Ұлы жібек жолы және Орта ғасырлық Қазақстан. «Қазақстан». – Алматы, 1992.
9 Добромыслов А.И. Города Сырдарьинской области Казалинск, Перовск, Аулие-Ата и Чимкент. – Ташкент, 1912.
10 Каллаур В.А. К истории г.Аулие-Ата. Протоколы за седаний и сообщений членов Туркестанского кружка любейтелей археологии, 1903.
11 Ходжиев А.П. Өзбек тілі. Түркі тілдері энциклопедиясы. – Астана, 2002.
12 Мәшһүр Жүсіп Көпеев. «Айқап». 1913.
13 Сұлтанов Т. Қазақ хандығының тарихы. Мектеп. – Алматы, 2002.
14 Аманжолов К., Рахметов Қ. Түркі халықтарының тарихы. – Алматы, 1997.
15 Тынышпаев М. История Казахского народа. 178 б. Алматы,1993.
17 Мухаммадризо уғли Тухташ Мамаев. Иқон ва Иқонликлар. – Тошкент, 2003.
18 Данные агентства РК по статистике за 2014 год.
19 tyurki.weebly.com
- 1999 ж.: 370 663 адам (халықтың 2,5 %)
- 2009 ж.: 457 200 адам (халықтың 2,8 %)
- 2012 ж.: 493 789 адам (халықтың 2,8 %)
- 2013 ж.: 511 000 адам (халықтың 3 %)
- 2015 ж.: 521 252 адам (халықтың 3,04 %)

- Өзбек халқының кәсібі

- Қазақстанда өмір сүру ұнайды – 2 (3,3%);
- Қазақстанда жыл сайын «Өзбекстанның Қазақстандағы күндері» секілді мейрамдар өткізіліп тұрса. Өзбекстаннан әртістер жиі келіп тұрса, сондай концерттерге бару ұнайды - 1 адам (1,6%);
- Қазақ тілінің мәртебесі көтерілсе - 1 адам (1,6%);
- Өзбек тіліне қазақ ақын-жазушыларының шығармалары аударылса - 1 адам (1,6%);
- Ешнәрсе жазбаған – 20 (66,6 %);
- Осындай сауалнама жүргізілгеніне ризамын, осы жобаны сәтті аяқтауды және денсаулық пен бақыт тілеуші – 6 респондент (10%).
Зерттеу нәтижесі көрсетіп отырғандай, қазіргі кезеңде өзбек диаспорасы өмірлік тәжірибесін көбейте, оны жаңа әлеуметтік-тарихи жағдайға сәйкестендіре отырып, тұрақты дамып келеді. Қазақстандық өзбектердің көпшілігі Қазақстанды шын жүректен өз Отаны деп есептейді және оны тастап кетейін деп жатқан жоқ.
Пайдаланған әдебиеттер
1 Зияев Х.З. Ценные материалы по истории Ташкента, Общественные науки в Узбекстане, 1971, № 4.
2 Гродеков Н.И. Киргизы и каракалпаки Сырдарьинской области. Т, І, Юридический быт, Ташкент, 1889.
3 Иванов П.П. Казахи и Кокандское ханства. Записки института востоковедения АН СССР, т. 7, 1939.
4 Диваев А. Предание о возникновении азиатского города Ташкента. Протоколы заседений . Туркестанского кружка любителей археологии. – Ташкент, 1900.
5 Бекмаханов Е. Казахстан в 20-40 годы ХІХ века. «Қазақ Университеті». – Алма-Ата, 1992.
6 Ерофеева И.В. Казахские ханы и ханские династии. Культура и История Центральной Азии и Казахстана. – Алматы, 1997.
7 Қазақ ССР тарихы. І том. Алматы, 1957.
8 Байпақов К., Нұржанов А. Ұлы жібек жолы және Орта ғасырлық Қазақстан. «Қазақстан». – Алматы, 1992.
9 Добромыслов А.И. Города Сырдарьинской области Казалинск, Перовск, Аулие-Ата и Чимкент. – Ташкент, 1912.
10 Каллаур В.А. К истории г.Аулие-Ата. Протоколы за седаний и сообщений членов Туркестанского кружка любейтелей археологии, 1903.
11 Ходжиев А.П. Өзбек тілі. Түркі тілдері энциклопедиясы. – Астана, 2002.
12 Мәшһүр Жүсіп Көпеев. «Айқап». 1913.
13 Сұлтанов Т. Қазақ хандығының тарихы. Мектеп. – Алматы, 2002.
14 Аманжолов К., Рахметов Қ. Түркі халықтарының тарихы. – Алматы, 1997.
15 Тынышпаев М. История Казахского народа. 178 б. Алматы,1993.
17 Мухаммадризо уғли Тухташ Мамаев. Иқон ва Иқонликлар. – Тошкент, 2003.
18 Данные агентства РК по статистике за 2014 год.
19 tyurki.weebly.com
Муртазаева Б.А.
Бейне
|
|