Посткеңестік Қазақстандағы түркі тілдер
  • Жоба жайлы
    • Жобаға қатысушылар
    • Байланыс
  • Түркі халықтары туралы
  • Басылым
  • Сауалнама толтыру
  • Нәтижелері
  • Галерея
  • Бұл қызықты
  • Орысша
  • Ағылшын

Ноғайлар

Қысқаша тарихи анықтама
Ноғайлардың жалпы саны — 81851 адамды (2010) құрайды, олардың ішінде 90% жуығы ноғай тілін ана тілі деп мойындайды.
Ноғай деген өзіндік атау XIII ғасырдағы Алтын Орда билеушісі Ноғай есімімен байланыстырылады. Антропологиялық жақтан гоғайлар оңтүстік-сібірлік (тұрандық) өтпелі нәсіліне жатады. Олар исламның сүнниттік бағытын ұстанады.
Ноғайлар және Ноғай Ордасы туралы ең ежелгі жазбалар орыс дереккөздерінде – 1479, 1481 және 1486 жылдардағы жылнамалар мен өкілетті кітаптарында, батысеуропалық – 1516 жылғы Мартин Вальдзеемюллердің картасында  және 1514 жылғы поляк королі Сигизмунд I-дің Қырым ханы Менгли-Гирейге жазған хатында кездеседі.
Төменгі  Еділ, Оңтүстік Орал, Батыс және Орталық Қазақстанның аумағында орналасқан Ноғай Ордасы XV-XVI ғасырдың аяғында Еуразияның жетекші саяси күштердің  бірі болды. Ноғай Ордасының басшысы  XІV ғ. аяғы мен XV ғасырдың басында Алтын Орданың Жошы ұлысының бірегей қолбасшысы Едіге болды. Едіге қайтыс болғаннан кейін 1420 жылдан бастап оның ұлы Газий басшылық жасады [Ахметзянов М. http://tatarica.narod.ru/history/tarih/nogai240904.htm].
Ноғайлардың негізгі субэтникалық топтарына қараноғайлар (Дағыстан республикасы), ачикулак ноғайлары (Ставрополь өлкесі), ақноғайлар (Карашай-Черкессия) және астрахандық ноғайлар жатады.
 
НОҒАЙ ТІЛІ
Ноғай тілі (ноғай тілі, ноғайша) — Ставрополь өлкесінде, Дағыстанда,  Карашай-Черкессияда, Астрахань облысында тұратын ноғайлардың ана тілі. Ноғай тілінде Ресейдегі 87,1 мың адам (2010 жылғы санақ), оның ішінде  81851 ноғайлық сөйлейді.
Н.А.Баскаковтың жіктеуі бойынша, ноғай тілі түркі тілдерінің солтүстік-батыс (кыпшақ) бұтағының кыпшақ-ногай тобына жатады. Ноғай тілінде 3 диалект бар: ноғайша (Ставрополь өлкесі), қараноғайлық (Дағыстан) және ақноғайлық (Карашай-Черкессия). Астрахань-ноғай диалекті оқшауланған жағдайға ие.

Жазуы
Ноғай жазуының қалыптасуында үш кезең болды:
- араб жазуы негізінде (1928 дейін);
- латиница негізінде (1928-1938);
- кириллица негізінде (1938 бастап).
Қазіргі кездегі ноғай жазуы кириллицаға негізделген.
 
Фольклоры
Ноғайлардың бай фольклоры аз зерттелген. Ноғайлардың көптеген аңыздары, ертегілері, поэмалары, эпостары, салттары мен дәстүрлері қазақтардыңкіне ұқсас болып келеді. Оларға мына ертегілер мен аңыздар: «Ертөстік», «Жиренше шешен», «Алдар Көсе», сонымен қатар эпикалық поэмалары «Алпамыс», «Қобыланды», «Камбар», «Ер Тарғын», «Ер Қосай», «Ер Сайын», «Едіге», «Ер Жабай», «Ер Шора», «Орақ-Мамай», «Қырымның 40 батыры» және басқалары жатады. 1883 жылы құмық ақыны Магомед Османов қазақтар үшін де құнды болып табылатын ноғай ақындары Асанқайғы, Сырым, Шалгиіз, Доспамбет, Жиембет, Қазтуғанның өлеңдерін жазып алған [http://kazakh-tv.kz/ru/view/news_kazakhstan/page_185431_kakie-skhodstva-i-razlichiya-est-mezhdu-kazakhami-i-nogaits].
 
АСТАНАДАҒЫ НОҒАЙ МӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫ
1999 жылы Президент Н.Назарбаевтың бастамасымен Ноғай Ордасының  тарихи астанасы бұрынғы ортағасырлық Cарайшық қалашығының орнында «Cарайшық - хан ордасы» атты археологиялық орталығы ашылды. Қоғамдық бірлестіктердің жұмысын жандандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
2008 жылдың шілде айында Астанада  «Ноғай мәдени орталығы» қоғамдық ұйымы ұйымдастырылды. Төрағасы Султанбеков Арсланбек Сеитович болып табылады.
Мәдени отралықтың мақсаты Қазақстан Республикасында өмір сүріп жатқан ноғайлардың этникалық ерекшелігін, тілін, мәдениетін сақтау және дамыту, қазақ және ноғай халықтарының, сондай-ақ Қазақстандағы басқа да халықтардың тарихи-мәдени байланыстарын қайта жаңғырту және нығайту; оларды ноғай халқының дәстүрлеріне тарта отырып мәдени-ағартушылық қажеттіліктерін қанағаттандыру.
Орталық қызметінің негізгі бағыттары:
- ноғай халқының мәдениетін дамыту;
- Қазақстан Республикасындағы ноғайлардың өнерпаздығын дамыту, олардың Қазақстан халқы достастығын нығайтуға қатыстыру;
Ұйымның базасында А.С.Султанбековтың басқаруымен көркемөнерпаздар ұжымы - «Янбике» хоры жұмыс істейді. 
2013 ж. Маңғыстау облысында «Ногай Ел» атты этно-мәдени бірлестік ұйымдастырылды.
 
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚ САНАҒЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ БОЙЫНША НОҒАЙ ДИАСПОРАСЫНЫҢ ХАЛЫҚ САНЫ ДИНАМИКАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ:
1970 ж. – 155 адам
1979 ж. –236 адам
1989 ж. –539 адам
1999 ж. – 350 адам
2009 ж. – 276 адам
[ҚР статистика Агенттігі, 2010].
 
ҚАЗАҚСТАНДА ТҰРАТЫН НОҒАЙЛАР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖОБА БОЙЫНША ОЛАРДАН АЛЫНҒАН ӘЛЕУМЕТТІК-ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ САУАЛНАМАНЫҢ ТАЛДАУЫ
Халықаралық жоба аясында алынған сауалнамаға ноғай этносының 30 өкілі қатысты. Сауалнама алынған 30 адам (100%) өздерін ноғай деп таниды.
Төлқұжаты бойынша 11 адам (36,7%) ноғай; 10 (33,3%) – татар; 7  (23,3%) – қазақ; 1 (3,3%) – түрік деп жазылса; 1-еуінің (3,3%) – мәліметі жоқ.
Некеде ноғайлар өз ұлтының қызына үйленіп, ноғай жігіттерге тұрмысқа шығуды қалайды, дегенмен басқа ұлттар да кездеседі. Алынған сауалнама мынаны көрсетті: 
30 респонденттің (100 %) әкесі ноғай. Ал аналарының ұлты әр түрлі: 19 респонденттің анасы (63,3 %) ноғай, 7 (23,3%) – қазақ; 3 (10%) – орыс және 1 респонденттіңкі (3,3%) - татар.
Сауалнама талдамасы көрсетіп отырғандай, әке тарапынан ноғайларда ұлттық құрам жоқ, ал аналарының ішінде түркі халықтары (қазақ, татар) және басқа топ (орыс) кездеседі.
Ноғай аралас некедегі жанұяларында басты орынды әке алады және ұлтты анықтауда ананың ұлты емес, әкенің ұлты басымдыққа ие, дегенмен анасының ұлтымен жазылғандар да кездесті, олар  3 адамды (10%) құрады.
Аралас некелерде балалардың ұлты  мынадай деректермен ұсынылды:
17 (56,7%) бала ноғай;
3 адам (10%) - қазақ,
1 адам (3,3%) – басқа,
9 (30%) - мәліметі жоқ.
Сауалнама алынған 30 ноғайдың ішінде 23,3% әйел және 70% ер адам этникалық жақтан өздерін ноғай деп таниды, ал 6,7% мәліметін қалдырмаған. Олардың 100% әкесі – ноғай, анасының 70% - ноғай этносына жатады. Осындай некеден туған балалардың этникалық танымы біркелкі емес: 56,7% бала (17 адам) әкесінің ұлтын алған, ал 10% (3 адам) қазақ, 3,3% (1 адам) – басқа деп жазылған.
 
Жанұяда мектеп жасына дейінгі балаларымен сөйлесу тілінің талдауы келесіні көрсетті:
18 (60%) – тек қазақ тілінде;
1 (3,3%) – тек ноғай тілінде;
1 (3,3%) – тек орыс тілінде;
2 (6,7%) – ноғай және орыс тілінде;
5 (16,7%) – қазақ және орыс тілінде;
3 (10%) – мәліметі жоқ.
 
Жанұяда мектеп жасындағы балаларымен сөйлесу тілінің талдауы келесіні көрсетті:
18 (60%) – тек қазақ тілінде;
1 (3,3%) – тек ноғай тілінде языке;
1 (3,3%) – тек орыс тілінде;
5 (16,7%) – қазақ және орыс тілінде;
1 (2%) – ноғай және орыс тілінде;
4 (13,3%) – мәліметі жоқ.
 
Жанұяда үлкендермен сөйлесу тілінің талдауы:
3 (10%) – тек қазақ тілінде;
2 (6,7%) – тек ноғай тілінде;
2 (6,7%) – тек орыс тілінде;
2 (6,7%) – қазақ және орыс тілінде;
2 (6,7%) – ноғай және орыс тілінде;
2 (6,7%) – қазақ, ноғай және орыс тілінде;
17 (56,7%) – мәліметі жоқ.
 
Басқа ұлт өкілдерімен сөйлесу тілінің талдауы:
17 (56,7%) – тек қазақ тілінде;
3 (10%) – тек орыс тілінде;
1 (3,3%) – тек ноғай тілінде;
6 (20%) – қазақ және орыс тілінде;
1 (6,7%) – ноғай және орыс тілінде;
2 (6,7%) – мәліметі жоқ.
Жанұяда балалармен және өзге ұлт өкілдерімен сөйлесу тілі қазақ тілі болып табылады.
Тілдерді меңгеру:
5 адам (16,7%) – ноғай, қазақ және орыс тілдерінде еркін сөйлейді ;
3 адама (10%) - ноғай, қазақ және орыс тілдерінде еркін оқиды;
3 адама (10%) – ноғай, қазақ және орыс тілдерінде еркін жазады;
3 адама (10%) – ноғай, қазақ және орыс тілдерінде еркін түсінеді;
18 адам (60%) – ноғай, қазақ және орыс тілдерінде газет, журнал және хабарландыруларды еркін оқи алады;
18 адам (60%) – ноғай, қазақ және орыс тілдерінде лекция,  әңгіме, баяндама, телехабарлар мен радио тыңдайды;
17 адам (56,7%) – ноғай, қазақ және орыс тілдерінде концерт тыңдау, спектакль көру ыңғайлы;
9 адам (30%) – қазақ және орыс тілдеріндегі фильмдерді ана тілінде түсіндірудің қажеті жоқ деп жауап берді.
Тілдің бөліктің талдамасы «тілдік факторда» ноғайлар үшін басқа ұлт өкілдерімен сөйлесуде қазақ тіліне басымдық берілетінін көрсетті. Ноғайлар мемлекеттік тілді (қазақ) және ресми тілді (орыс) жетік және жақсы біледі. Олар өз ана тілдерін де (ноғай) еркін меңгерген.
Дінге жату: Ислам – 14 адам (46,7%), 16 адамның (53,3%) – мәліметі жоқ.
Тарихи жақтан алғанда ноғай халқы мал шаруашылығымен айналысты. Оларда және қолөнері де кеңінен дамыды. Қолөнер өндірісі негізінен мал шаруашылығы өнімдерінің барлық түрлері өңдеумен байланысты болды  (тері мен қой терісін өңдеу), сондай-ақ шұға, киіз өндіру дамыды, одан  бурка (жамылғы шапан), етік, бас киімдер жасалды. XVIII ғасырдың өзінде ноғайлардың ішінде мына мамандар болды: терішілер,  жамаушылар, темір ұсталары, белдікшілер. Кейінірек слесарлық, ағаш ұсталары,  тері илеу, етікшілік,  зергерлік өнерлер дамыды. Ноғайлардың өмірінде аңшылық  елеулі рөл атқарды. Олардың көпшілігі жүзім немесе егін орағы кезінде жақын станицаларға мал табу үшін жұмысқа кетіп қалды [http://kazakh-tv.kz/ru/view/news_kazakhstan/page_185431_kakie-skhodstva-i-razlichiya-est-mezhdu-kazakhami-i-nogaits]
Кеңестік дәуірде ноғайлардың  шаруашылығы мен мәдениеті өзгерді. Дәнді дақылдардан басқа  техникалық және бақша дақылдарын да өсіре бастады. Жүгері өсіру кең таралды. Бау-бақша шаруашылықтары, бақша және жүзім өсіру тез дамыды [http://kazakh-tv.kz/ru/view/news_kazakhstan/page_185431_kakie-skhodstva-i-razlichiya-est-mezhdu-kazakhami-i-nogaits].
Қазіргі кезде ноғайлардың кәсібі өзгерді, сауалнама нәтижесі бойынша ноғай этносы өкілдерінің ішінде:
қызмет көрсету саласының қызметкері - 4 адам (13,3%);
мемлекеттік қызметкер - 1 адам (3,3%)
мұғалім - 1 адама (3,3%);
студент - 1адам (3,3%);
жұмысшы - 1 адам (3,3%);
3 адам (10%) басқа деп көрсетсе, 19 (63,3%) респонденттің – мәліметі жоқ.
Сауалнама алынған ноғай этносының 30 адамының ішінде «Сіздің жанұяңыз Қазақстанға жер аударылған ба?»  деген сұраққа 11 (36,7%) – жоқ десе, 16 (53,3%) – ия деп жауап берді, 3 (10%) – мәліметі жоқ.
Ауыз әдебиеті үлгілерінен респондентер өз әжелері мен аталары айтып берген мына аңыздар мен ертегілерді есінде сақтаған: «Коьк тоьбе», «Бердаьзи» әні, «Кара-бапий туралы аңыз». Ұлттық дәстүрлерге келгенде олар қазақтың салт-дәстүрлерімен ұқсастықтарды атайды және оның ішіндегі кең таралғандары деп: «Бесик жыры», «Индыр Шопай», «Сабантойды» көрсетті.
Қазақстандық ноғайлар Қазақстанда тұрып жатқан қазақтар мен басқа да  этникалық топтар арасында жүйелі сипатқа ие қақтығыстар жоқ деп есептейді.
Жамбыл облысында тұратын ноғайлар. Бесағаш ауданы Жамбыл облысындағы көпэтникалық ауыл   болып табылады. Мұнда түрлі этностар өкілдері өмір сүреді: қазақтар, ұйғырлар, өзбектер, қырғыздар, ноғайлар. Ноғайлар  бұл аймақта 250 жылдан аса уақыттан (1770-1780) бері тұрады. Олар өте табыскер саудагерлер мен егіншілер болған. Ноғай ақсақалдары   сұхбат жүргізу кезінде бізге мына оқиғаны айтып берді (15.01.2016 ж. Бесагаш Жамбыл обласы): Кеңес өкіметі орнағаннан кейін Бесағаш ауылында тұратын барлық ноғайлар татар деп тіркелген. Төлқұжаттағы ұлтын өзгерту туралы жазбаны төлқұжат үстелі қызметкерлері ноғай деген ұлт жоқ екендігімен түсіндірген. Алайда ноғайлардың шежіресі ұрпақтан-ұрпаққа ауызша таралып отыр,ан. Олар өз тегі туралы ата-бабаларының өсиеттері қатаң сақтайды. Өз ішіндегі шежірені жетінші буынға дейін біледі және бір ру ішінде (ырраулар) некеге тұрмайды. Респонденттер мынадай руларға қатыстылығын атап өтті: үйсін-ноғай, қояс, қазан құлақ, қос таңбалы, наймандар, кальмерден.
Қазіргі кезде жас ұрпақ төлқұжаттарында ноғай деп тіркелуде.  Тараз қ. Төле би атындағы №8 орта мектебінің тарих  пәнінің мұғалімі Азимбаев Алишердің еңбегін ерекше атап өткіміз келеді, ол Жамбыл облысында тұратын ноғайлардың тарихын қалпына келтіру мақсатында үлкен жұмыстар атқаруда.

Фотография
Бесағаш  ауылының тұрғындары  РФ мәдениетіне Еңбек сіңірген қайраткері   Курманакаевпен бірге
(Алишер Азимбаевтың суреті, қыркүйек 2016 ж.)

Фотография
Халықаралық жобаға қатысушылардың Жамбыл облысы, Бесағаш ауылындағы ноғай этникалық тобы өкілдерімен кездесуі 01.2016 ж.
Фотография
Халықаралық жобаға қатысушылар, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ  «түркология» мамандығының студенттері мен магистранттарының Жамбыл облысы, Бесағаш ауылындағы ноғай этникалық тобы өкілдерімен кездесуі 01.2016 ж.
Пайдаланылған деректер тізімі:
 
  1. Агентство Республики Казахстан по статистике. Архив: Национальный состав населения Республики Казахстан и его областей (том 1) Численность населения по областям, городам и районам, полу и отдельным возрастным группам, отдельным этносам на 1 января 2010 года.
  2. Ахметзянов Марсель.  Судьба Ногайской Орды http://tatarica.narod.ru/history/tarih/nogai240904.htm
  3. Народы и религии мира: Энциклопедия / Гл. ред. В.А. Тишков. Редкол.: О.Ю.Артемова, С.А.Арутюнов, А.Н.Кожановский, В.М.Макаревич (зам. гл. ред.), В.А.Попов, П.И.Пучков (зам. гл. ред.), Г.Ю.Ситнянский. — М.: Большая Российская энциклопедия, 1998, — 928 с.: ил. — ISBN 5-85270-155-6
  4. http://kazakh-tv.kz/ru/view/news_kazakhstan/page_185431_kakie-skhodstva-i-razlichiya-est-mezhdu-kazakhami-i-nogaits
  5. https://ok.ru/group/50312231649332/topic/64454314896180
  6. http://e-center.asia/ru/news/view?id=4828
Тажибаева С.Ж.
Powered by Create your own unique website with customizable templates.