Посткеңестік Қазақстандағы түркі тілдер
  • Жоба жайлы
    • Жобаға қатысушылар
    • Байланыс
  • Түркі халықтары туралы
  • Басылым
  • Сауалнама толтыру
  • Нәтижелері
  • Галерея
  • Бұл қызықты
  • Орысша
  • Ағылшын

Долгандар
​

Долгандар. Қазақстанда тұратын долган диаспорасының жалпы саны:
1970 – 17
1979 – 18
1989 – 56
1999 – 25
2009 –  3
Халықаралық жобаны жүргізу кезінде Қазақстанда тұратын долгандар туралы ақпарат табылмады.


Жалпы мәлімет
​Долгандардың өзіндік атауы  haxa (салыстырыңыз: қодас, саха), сондай-ақ, тыа, киЬитэ, тыалар муоралар - ну орман - тундраның адамы, тундралықтар (батыс долгандар) (Артемьев Н. М., 2001).
Долгандардың негізін Долган, Донгот, Эдян, Каранто тунгус рулары, илимпийлік эвенкілер, якут ықпалына түскен, тундрадан ары тұратын якуттар және тундрадан ары тұратын крестьяндар, оленекиялық якуттар, энцтар мен ненцтардың жекелеген жанұялары құрады. Осыған байланысты, долгандар өздерін кейде "якуттенген тунгустар" деп атайды (Артемьев Н.М., 2001).
Антропологиялық жақтан якуттар секілді олар да ортаазиялық моңғолоидтармен жақындасады,  бірақ байқал (тунгус) антропологиялық типінің араласуымен. Долгандар әлемнің түркі тілдерінің ішіндегі ең солтүстіктегісі болып есептеледі. Долгандар Солтүстіктің  «ең жас» халқы деп танылады және олардың басым көпшілігі Таймырдың жергілікті халқы болып табылады.  Долгандар туралы Таймырдың халқы ретінде ең алғаш  1841 ж. (Артемьев Н.М., 2001) айтылған.
Долгандар қазіргі кезде  Таймыр (Долган-Ненец) Автономды аймағының Авам, Хатан және Дудин аудандарында, сонымен қатар Енисейдің төменгі ағысында тұрады.
2010 ж. Бүкілресейлік халық санағының мәліметі бойынша Ресей Федерациясында 7885 долган тұрады. Оның ішінде: Сібір федеральды округында 5500; Красноярск аймағында – 288, Красноярск аймағының Таймыр Долган-Ненецк муниципалды ауданында (негізгі бөлік) – 5517;  Қиыр шығыс Федеральды округының Саха Республикасының Анабарск ұлысында (Якутия) – 1906; РФ тысқары жерлерде – 32 адам өмір сүреді.
Долгандар – православтық христиандар.
Долган күнтізбесі – паскал ( «пасхалия» сөзінен шыққан) православтық мейрамдарға негізделген. Дегенмен, дәсүрлі шаруашылық қызметтен қол үзбеген долгандар ішінара ежелгі архаикалық салт-дәстүрлерді де ұстанады (Аксенов Н.М., 2001).

Долган
тілі

Долган тілі (дулгаан тыла, haKa тыла, долган-Ьака тыла) алтай тілдік қауымдастығының түркі тілдерінің ұйғыр-оғыз тобының якут тармағына кіреді. Долган тілінде РФ Таймыр автономды округының жергілікті халқы - долгандар, сондай-ақ Саха Республикасының Анабарск ұлысында тұратын, өздерін  долгандарға жатқызатын аборигендердің бір тобы сөйлейді (Артемьев Н.М., 2001).
Долган тілі Хатаган (Хатаған құйылысынан бастап), Попигай, Хета өзендерінің бойындағы Таймырдың шығыс және орталық бөлігінде,  сонымен қатар  Дудинск аймағында әкімшіліктер: Хатангск және Дудинск аудандары). Долган анағұрлым шоғырланған түрде Хатангск ауданында тұрады.
Долган тілі Саха Республикасының (Якутия) жергілікті тілдерінің бірі, экзогендік тіл.
Долган тілі аз зерттелген тілдердің біріне жасады.   Долган тілін  Е.И.Убрятова (1966, 1985) зерттеген,  В.М.Наделяеваның «Графика и орфография долганского языка» (Наделяев, 1982) еңбегі кең танымал. Долган тілінің фонетикасы, графикасы мен лексикасы мәселелеріне арналған жарияланымдар (Н.П.Бельтюкова, Т.М.Кошеверова, В.М.Наделяев, 3.П.Демьяненко) бар. «Языки мира: тюркские языки». - М., 1997 энциклопедиялық басылымында С.И.Андросованың «Долганский язык» (мақаланы дайындауға А.М.Щербак қатысқан) мақаласы жарияланған.
Зертеушілер долган лексикасының қалыптасуына  түркі, моңғол, тунгус, славян секілді түрлі тілдерінен шыққан сөздердің қатысқанын атап көрсетеді. Олардың ішінде ең көбі түркі және моңғол тілінен енгендері болып табылады (Артемьев Н.М., 2001).
Долган тілінде дауысты дыбыстардың үндесуінде алшақтық, сөздегі әріптерді пайдалану нормаларында бұзылу  байқалатындығын зерттеушілер атап (Артемьев Н.М., 2001) көрсетті.
Долгандардың грамматикалық тілінде алшақтықтар жиі кездесіп отырады, мысалы, жеке және сілтеу есімдігі меншікті білдіргенде, бір мезетте  морфологиялық және синтакстік мағынаны береді (миниэнэ ого-м – менің балам – бала менікі); септіктерді пайдалануда долгандар сөйлеу тілінде бірлескен септіктерді мүлде қолданбайды, дегенмен олардың тілінде жеке септік өнімді пайдаланылады (Артемьев Н.М., 2001).
Долган тілі А.И.Герцен атындағы РМПУ-де болашақ педагог-студенттерге оқытылады.
Қазіргі кезде долган тілі, негізінен, ауызекі тілде ғана қолданылады.
 
Долган жазуы  
1933 жылы долган мектептеріне бейімделген якут тіліндегі әліппе басылып шықты. 1961 жылы долган тіліндегі кішкене мәтіндер «Советский Таймыр» газетінде басылды.  1973 жылы долган тіліндегі алғашқы кітап —долган ақыны Огдо Аксенованың өлеңдер жинағы басылды. Жинақта қосымша әріптер қолданылған орыс алфавиті пайдаланылды:
Дь дь, Һ һ, Ҥ ҥ, Нь нь, Ө ө, Ү ү.
Огдо Аксёнова долган жазуымен белсенді түрде айналыса бастады. Алфавит жобасының бірінші нұсқасын О.Аксёнова 1978 ж., дайындап, ол Новосібір филологтары тарапынан қолдау тапты. 1979 ж. долган  алфавиті бекітілді. Дудинкадағы мектептердің бірінде О.Аксёнованың қолжазба әліппесі арқылы бірінші сынып оқушыларын оқыту қолға алынды. 1983 ж.  ротапринтте оның оқулығының төртінші нұсқасы басылып шығып, онымен Таймырдың алты мектебінде сабақ оқытыла бастады. 1990 жылы «Просвещение» баспасынан Огдо Аксёнова әліппесінің  жетінші нұсқасы шықты (https://ru.wikipedia.org/wiki/).
 
Долган жазуының даму тарихынан
1979 жылы РСФСР Ағарту министрлігінің ұлттық мектептер ҒЗИ (қазіргі РФ Білім министрлігінің ұлттық мәселелер Институты) бастамасымен Новосібірде долган ақыны Евдокия Егоровна (Огдо) Аксёнова ұсынған алфавит талқыланды. Осы уақытқа дейін ол осы практикикалық алфавит негізінде бірнеше өлеңдер жинаған жарыққа шығарды. Кеңес тобына КСРО ҒА-ның Сібір халықтарының тілдері ИИФФ секторының қызметкері профессор Е.И.Убрятова, эксперименталды-фонетикалық  зерттеулер зертханасының (ЛЭФИ) меңгерушісі - В.М.Наделяев, РСФСР Ағарту министрлігінің ұлттық мектептер ҒЗИ қызметкері В.Н.Парфирьев, преподаватели Томск педагогикалық институты мен Томск мемлекеттік университетінен 3.П.Демьяненко, Н.П.Бельтюкова, Т.М.Кошеверова кірді. Олардың барлығы долган тілін, негізінен, фонетикасы мен лексикасын (Артемьев Н.М., 2001) ғылыми зерттеумен айналысты.
Долган алфавитін кириллица негізінде практикалық қолдану мәселелерін талқылай келе, осы тіл туралы ғылыми зерттеулерді назарға ала отырып (мысалы, фонетика бойынша Н.П.Бельтюкованың зерттеуін), кеңес тобы алфавиттің жобасын бекітуді ұсынды.
Бірінші долган тіліндегі эксперименталды әліппе 1981 жылы құрамында: Е.Е.Аксёнова, А.А.Барболина, В.Н.Парфирьева бар авторлық ұжыммен басылып шықты. Бұл әліппеде авторлар кеңес тобы ұсынған алфавит жобасы туралы ұсыныстардан ауытқыды. Лингвистер, ең алдымен Е.И.Убрятова, долган тілінің дыбыстық жүйесі мен одан шығатын долган тілінің ішкі нормаларына сәйкес келмейтіндігін ескере отырып, бұл орфографияны қабылдаған жоқ. Осы кезеңде КСРО ҒА-ның Сібір халықтарының тілдері ИИФФ тарапынан  теориялық аспектіде, практикада да жазусыз тілдер, оның ішінде долган тілі туралы өз зерттеулерін жүргізді (Артемьев Н.М., 2001).
1984 году Е.Е.Аксёнова және А.А.Барболина айтылған сындар мен ескертпелерді назарға ала отырып, екінші «сынама» әліппені баспадан шығарды. Осы нұсқа 1990 жылдан бастап шығарыла бастаған оқулықтар, сөздіктер, оқу құралдары мен басқа да басылымдар негізіне алына бастады.   Долган тіліндегі жазуды енгізу уақыты  екінші әліппенің шыққан кезі, яғни 1984 жыл болып есептеледі.
 
Алғашқы долган әліппесінің алфавиті:
А а, Б б, В в, Г г, Д д, Дь дь, Е е, Ё ё, Ж ж, З з, И и, Иэ иэ, Й й, К к, Л л, М м, Н н, Ӈ ӈ, Ӈь ӈь, О о, Ө ө, П п, Р р, С с, Т т, У у, Уо уо, Ү ү, Үө үө, Ф ф, Х х, Һ һ, Ц ц, Ч ч, Ш ш, Щ щ, Ъ ъ, Ы ы, Ыа ыа, Ь ь, Э э, Ю ю, Я я
Долган тіліндегі әдебиет 70-ші жылдардың басынан бастап, Огдо Аксенованың өлеңдер жинағы түрінде пайда бола бастады. Тілдің қызметі баспасөз, радио бағдарламаларында белгіленуі арқылы көрініс береді.
Қазіргі кезде Ресей халқының саны аз халықтарының барлығының тілі секілді долган тілі де халықтың мәдени  салаларының барлығында қызмет көрсететін әдеби тіл  болып табылмайды. Долган тілі, негізінен, тұрмыстық қатынас саласында ғана қолданылады (Артемьев Н.М., 2001).
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
  1. Артемьев Н.М. Долганский язык: Структурно-семантический сравнительный анализ. Автореф. … на соискание уч. степени д-ра филол.н. – Санкт-Петербург, 2001. – 85 с.
  2. Наделяев В.М. Графика и орфография долганского языка // Экспериментальная фонетика сибирских языков. — Новосибирск, 1982.-С. 3-50.
  3. Убрятова Е.И. О языке долган // Языки и фольклор народов сибирского Севера. — М.; JL, 1966).
  4. Убрятова Е.И. Язык норильских долган. - Новосибирск, 1985.
  5. https://ru.wikipedia.org/wiki
Тажибаева С.Ж.
Powered by Create your own unique website with customizable templates.