Гагауздар
Гагауздардың тарихын, шығу тегін, мәдениеті мен тілін зерттеу XIX ғасырдың ортасында ресейлік В.В.Радлов, П.И.Кеппен, Н.К.Дмитриев, Н.С.Державин, Л.Б.Берг, болгарлық К.Ирчек, Г.Занетов, Л.Милетич, Д.Гаджанов, поляктың Т.Ковальский сынды шығыстанушы ғалымдарының зерттеу нысанына айналды. Ал Қазақстан Республикасында жинақы тұрып жатқан гагауздардың тілін танымал түрколог А.С.Аманжолов зерттеген болатын. «Қазақстандағы посткеңестік түркі халықтарының тарихы, мәдениеті және тілінің өзара ықпалдастығы» халықаралық жобасы аясында Түркітану кафедрасының білім алушылары мен профессор-оқытушы құрамы сауалнама жүргізу арқылы Қазақстандағы гагауздардың қоныс аудару тарихы, сондай-ақ тілі мен мәдениеті және олардың Қазақстан жағдайына бейімделуін зерттеді.
Тарихи тұрғыдан алып қарағанда гагауздардың шығу тегі түркі халықтары мемлекеттілігінің дамуы мен қалыптасуында өзінің тарихи рөлін ойнаған XI-XIV ғасырлардағы қимақ-қыпшақ мемлекеттерінен бастау алуы мүмкін. Моңғол дәуіріне дейінгі Дешті қыпшақ мемлекетінің этникалық құрамын сипаттай келе, тарихшылар сонау Қимақ одағының (йемек) құрамына кірген немесе дербес тіршілік еткен (баджна-печенектер, башқұрттар, узы-гузы, манкуроглылар) ежелгі тайпалармен қатар, жаңа этникалық тайпалардың да болғандығын атап өтеді [Ахинжанов 1995: 267].
Араб дереккөздеріне сәйкес, XIV ғасырда Қыпшақ конфедерациясы ірілі-ұсақты түркі халықтарының конгломератынан жасақталған. Ірілеріне – «баргу, токсоба, итоба, барат, альарас», ал кішілеріне – «таг, башқұрт, куманку, бузанку, баджна, қарабөрікті, уз, шортан» кірді [Ахинжанов бойынша сілтеме жасалады 1995: 267].
Жоғарыда айтылғандарды ескерсек, Қимақ конфедерациясы және кейінірек оның базасында құрылған Қыпшақ мемлекетінің негізін қалағандар гагауздардың ата бабалары болуы мүмкін (уз-гузы, узы).
Гагауздардың шығу тегін зерттеушілердің бірі В.А.Мошков орыс жазбаларында қара бөрік киюімен байланысты «қара клобуктар» атауымен белгілі пешенег, берендей және басқа да түркі тайпаларының қалғандарымен бірге XI-XII ғасырларда орыс халқынан православ дінін қабылдаған узы не торки тайпаларының ұрпағы деп санаған [Мошков 1990: 12].
Энциклопедиялық дерек көздері гагауздар негізінен орта ғасырлық түркілердің, нақтырақ айтқанда славян (болгар) мәдениеті элементтерін қабылдаған узы немесе торкилердің ұрпағы болуы мүмкін деген деректерді қуаттайды [Большая Советская Энциклопедия 1971: 624].
Түркі (қыпшақ) тайпаларының Дунай өзені бассейнінің батысына қарай қоныс аударуы салдарынан, гагауздар Болгария, Румыния жеріне қоныстанған. Шығыс Еуропаның бірқатар аумағында құрылған Осман империясының қолайсыз саяси, әлеуметтік, экономикалық жағдайына байланысты гагауздардың басым бөлігі XVIII-XIX ғасырларда Болгарияның солтүстік-шығысына, қазіргі Молдавия аумағына қоныс аударуға (әсіресе 1828-1829 жылдардағы орыс-түрік соғысынан кейін) мәжбүр болды.
Гагауздар біртіндеп Украинаның оңтүстік аудандарына, Қырым мен Кавказға қарай жылжып, қоныстана бастады. 1908-1914 жылдардағы Столыпин реформасынан кейін колонияға айналған гагауздардың бір бөлігін Патшалы үкімет Қазақстанға қоныс аудартып жіберді. 1926 жылы жүргізілген бүкілодақтық санаққа сәйкес Қазақстан аумағында 830 гагауз тіркелген [Державин 1934:81]. 1970 жылғы санаққа сәйкес Кеңес одағында (Қазақстанды қоса алғанда) 157 мың, шетелде 5 мың гагауз тұрған [Большая Советская Энциклопедия1971: 624].
А.С.Аманжоловтың пайымынша, XX ғасырдың алпысыншы жылдарында Қазақстан аумағында гагауздар бірнеше ондаған адам болып негізінен Семей облысында (Көкпекті ауданының Романовка, Прохладное, Ивановка, Буконь ауылдарында, Жарма ауданының Георгиевка ауылында, Шар, Ақсуат, Аягөз, Үржар аудандарында), сондай-ақ Ақтөбе, Целиноград, Қостанай, Павлодар облыстарының кейбір жерлерінде тұрған. Жекелеген гагауз отбасылары Қазақстанның өзге облыстарында да, сонымен қатар Өзбекстанның Ташкент облысында да тұрып жатыр [Аманжолов 2012: 219].
Жоғарыда аталған Халықаралық жобаның сауалнамалық мәліметтері көрсетіп отырғандай, қазіргі уақытта егемен Қазақстанда гагауздар Алматы, Астана, Павлодар, Түркістан қалаларында, Ақмола мен Солтүстік Қазақстан облыстарында тұрып жатыр. Республикадағы көші-қонға жеке отбасылық жағдаяттар (отбасын құру немесе Қазақстан Республикасындағы жұмыс бабы) себеп болып отыр. Қазақстан Республикасында жүргізілген 2009 жылғы соңғы халық санағы мәліметтеріне сәйкес елімізде 493 гагауз тұрады [Статистиқалық жинақ 2010: 16].
Халықаралық жоба аясында біз Солтүстік Қазақстан облысының, Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданының гагауздарымен, Ақтөбе облысына қарасты Болгарка елді мекеніндегі болгар-гагуздармен, сондай-ақ Алматы, Астана, Павлодар, Семей, Түркістан қалаларында тұратын гагауздармен байланыс орната алған едік. Егемен Қазақстанға гагауздар жоғарыда аталған себептерге байланысты келген: XX ғасырдың басындағы тарихи қоныс аудару немесе жеке жағдайлар (отбасын құру), әлде Қазақстан Республикасындағы жұмыс бабы немесе оқу. Ақтөбе облысының Алға ауданына қарасты Болгарка елді мекені тұрғынының тарихы бұл айтылғандардың жарқын көрінісі бола алады (http://avestnik.kz/?p=20759 сайты). 1908 жылы Бесарабиядан алғашқылардың бірі болып қоныс аударған Федор мен Наталья Колтуклу, Георгия мен Миланьи Кирчигло Қаратаусайға келіп, елді мекеннен екі шақырым жерден өздерінің қоныстарының негізін қалап, оған Болгарка деп ат берген. Үйге қажетті тұрмыстық заттар тиелген арбамен қоныс аударушылар бұл жерге бір айдан астам уақыт жол жүріп жеткен екен. Аттары болмағандықтан, арбаны сиырға жегуге мәжбүр болған.
Бұл отбасылардың мүшелері жертөле қазып, құнарлы қазақ топырағына сіңісе бастаған. Олар үшін қазақ даласының қатал қысы алғашқы сынақ болған еді. Дегенмен олар бір-біріне қол ұшын беріп, көмектесу арқылы қытымыр қыстың суығын ерлікпен еңсере алды. Біраз уақыт өткеннен кейін осы жерге Гармаш, Баловых, Молочлы, Чавдаря, Дмитриевых, Трифоновых отбасылары көшіп келіпті [http://avestnik.kz/?p=20759].
Сол кездегі қазақтар атап өткендей, қоныстанушылар өздерін болгарлықтар деп атағанымен, біздің тілде сөйлескен (яғни қазақ тіліне жақын тілде) және қазақтар оларды жақсы түсінген. Болгар-гагауздар қазақ халқымен бірге кеңестік биліктің барлық қиындықтарын еңсере білді: ұжымдастыру кезеңі, Ұлы отан соғысы трагедиясы мен жеңісі, соғыстан кейінгі аласапыран, аштық, жаңа өмір құрылысы. Болгар-гагауздар әу бастан диқаншы болғандықтан, олар егіншілік бригадаларын ұйымдастырып, картоп пен жеміс-жидек өсіре бастаған. Қаратаусайлықтар әлі күнге дейін танымал бағбандар – Федор Колтуклу мен Николай Балов еңбегін ерекше ықыласпен еске алып отырады. Дәл осы Федор Колтуклу елді мекенде ең бірінші болып құлпынай өсіріп, жерлестерін құлпынай тосабының ерекше дәмінен дәм татқызған болатын, ал Николай Балов болса өзінің тарихи отанынан алып келген жүзім ағашын отырғызып, өнім алған. Соғысқа дейін ауылдағы болгар үйін бірден тануға болатын, өйткені олардың төңірегінде міндетті түрде жеміс-жидек бағы мен бақша телімдері болатын. Дәл осы ұлт өкілдерінің арқасында жергілікті тұрғындар кәді мен тәтті бұрыш жайында біліп, түрлі көкөністерді өсіруді, оларды тағам дайындауда қосуды үйренді, алмұрт пен алма жемісін жинай бастады. Болгарлардың біразы механизатор және құрылысшы мамандықтарын игерген екен. Мәселен, прораб Павел Чавдар жетекшілігімен ауылда мал шаруашылығы фермасы, мектеп, клуб, «Красный пахарь» кеңшарында бір көше, үйлер салынған. Ағайынды Николай мен Павел Молочлы танымал тракторшылар болса, Елена Колтуклу кеңшар басқармасының мүшесі болып бірнеше мәрте ауылдық кеңес депутаты ретінде сайланған, ал оның ұлы Николай медицина институтын бітіріп, дәрігер болып ауылға қызмет етті [http://avestnik.kz/?p=20759].
Көптеген түркі халықтарынан айырмашылығы – гагауздар православ дінін ұстанады, үйлерінде иконаларды сақтайды. Дегенмен де, ислам дінінің де ықпалы байқалады: гагауздар Құрбан айт, Ораза айт мейрамдарын да атап өтеді. Мәселен әлеуметтік сауалнамаға қатысқан Кристина Тоймалы (Астана қаласы, 22 жаста) өзінің сауалнамасында діни сенімі христиан екенін жаза келе: «егер Пасха болса күлше нан пісіріп, шіркеуге барамыз, ал егер Құрбан айт мейрамы болса, қазақтың ұлттық тағамдарын әзірлейміз» дейді. Мұнан бөлек, республикада тұрып жатқан гагауздардың кейбірі ислам дінін ұстанады. «Мешітке барып сыйынамын, Құрбан айт мейрамы кезінде барлық ғұрыптарды атап өтемін» деп жеткізген Юрий, Али, Степан есімді сауалнамаға қатысушылар [www.tyurki.weebly.com].
Біздің зерттеуімізде құжат бойынша (төлқұжат) ұлты көрсетілетін бағанда Егемен Қазақстанның гагауздары гагауз деп жазылған, бірақ ертеректе құжат бойынша олардың көпшілігі өз ұлттарын болгар деп көрсеткен. Бұл жайында Болгарка мен Көкпекті елді мекендерінің тұрғындары айтқан еді (Валентина Васильевна, Стефанида Николаевна). Этникалық өзін-өзі анықтау бойынша сауалнамаға қатысқандардың 90%-ға жуығы өздерін гагауз деп санайды және тек Алматы мен Астанадан екі жас адам (жастары 26 мен 22-де) өздерін «космополиттер» деп атаған.
Гагауздардың этникалық құрамы бір жағынан славян халықтары – болгарлар, поляктар, орыстардың, екінші жағынан түркі халықтары – түріктер, әзірбайжандар, қазақтардың (тарихи-әлеуметтік және тілдік аспекті) ықпалына ұшыраған [Шаймердинова, Тажибаева 2013: 60].
Ассимиляцияның аталған процестері мәдени отбасылық неке қарым-қатынастарына да өз әсерін тигізген. Гагауздардың аға буынында (50 жастан асқан және одан үлкендері) 90% әкесі мен анасы этникалық гагауздар және тек 8-10% орыстар (немесе әкесі, немесе анасы). Гагауздардың екінші буынында аралас неке көп және олар болгарға, неміске, орысқа, украинға, қазаққа, татарға үйленген немесе тұрмысқа шыққан. Ассимиляциялық процестер антропонимдерде де жарқын көрініс тапқан. Мәселен, гагауздардың тегі Колтуклу, Кичогло, Молочлы, Гармаш, Дергишан, Чавдаря, Терза, Костандогло, Михул сынды гагаузша; Петкова, Манов, Балов, Дмитриев, Дядова, Крепов, Дымов, Ониськова, Добрев сынды болгарша; Трифонов, Красникова, Пантеллев, Попов, Васильева, Виничук, Гаенко, Ерошенко сынды орысша және украинша; Узунов, Омаров, Касаджык, Демироглы, Тоймалы, Каирбекова сынды түркіше және т.б. болуы мүмкін. Есімдері негізінен славян-орысша: Миланья, Стефанида, Мара, Ратмир, Елена, Надежда, Нина, Софья, Валентина, Зоя, Мара, Алексей, Николай, Анатолий және т.б.
Біздің зерттеуіміз көрсеткендей, құжат бойынша ұлты деген бағанда гагауз деп көрсетілген, ал таяу аралықта Молдавиядан қоныс аударған гагауздықтардың төлқұжаттарында ұлттары көрсетілмеген. Өздерінің ұлтын дербес анықтауда да сауалнамаларға қатысушылардың 90 пайызы өздерін гагауз немесе гаджал деп атаған. Гагауздардың этникалық құрамы бір жағынан болгар, поляк, орыс (кейбір гагауздар өздерін болгармыз деп санайды) сынды халықтардың ықпалына душар болса, екінші жағынан тілі, тарихы, этномәдени аспектісі бойынша олар түркі халықтарына, әсіресе түріктерге жақын. Аталған ассимиляциялық процестер мәдениетте, отбасылық неке қарым-қатынасында және антропонимдерде көрініс тапқан. Сондықтан да олардың тегі не славяндық, не болгарлық, не түркі-славяндық, не түркілік (Томайлы, Долапчы, Пулукчу, Добрев, Радышев, Карагяуров, Узунов және т.б.) немесе аты славяндық, ал тегі түркілік болуы мүмкін, мәселен Vitali Demiroglu, немесе аты славяндық (орыс), ал фамилиясы болгарлық (Ратмир Манов, Степан Манов, Кристина Тоймалы) болып келеді [www.tmk.kz]. Гагауздар өз этностарымен отбасы құрумен қатар, орыс, украин, болгар, татар, түркілерге де тұрмысқа шығып, үйленген, яғни аралас неке өте көп, мұны ассимиляциялық процестің белсенділігі де дәлелдей түседі.
Гагауздардың әлеуметтік, этномәдени өміріне болгар, гагауз, македондықтар сынды Балқан халықтарын жаулап алған түркілердің ықпалы күшті болған. Зерттеушілердің атап өтуінше, көптеген гагауздар түріктердің болгар тілінде сөйлеуге тыйым салуынан оны ұмытып қалған. Керісінше, гагауздар түрік тілін білуі тиіс болған. Сауалнамалық мәліметтерге қарағанда қазіргі гагауздар түрік тілін біршама жақсы біледі. Гагауздардың өздері де гагауз этнонимі түріктер берген лақап ат деп санайды. Жоғарыда аталған деректі А.С.Аманжолов Қазақстанның Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) тұрғыны гагауздармен әңгімелесуі барысында нақты көрсетеді. Мәселен, халықтық этимологияға сәйкес а)гаганы тут уз – «тұмсығыңды тура ұстап тұр», - түріктер болгарлардың бетінен ұрған кезде осылай айтқан (Көкпекті ауылы, айтушы И.И.Карагуяров, 55 жаста); б)гага уз – «тік мұрынды» – түрік тілінде сөйлейтін қоңқақ мұрынды түріктен айырмашылығы бар болгарды осылай атаған (Романовка ауылы, айтушы Н.А.Пантелеева, 56 жаста) [Аманжолов 2012: 221].
Гагауз тілі түркі тілдерінің оғыз тобына жататындығы белгілі, ал гагауздардың өздері тілдерін «түрк дили» деп атайды. Ассимиляциялық процестерге қарамастан, сауалнамаға қатысқан барлық гагауздар 100% өздерінің ана тілі ретінде гагауз тілін атаған. Аға буын (50 жас және одан жоғары) гагауз тілін отбасында пайдаланудың немесе балабақшада, бастауыш не орта мектепте (негізінен Молдавиядан қоныс аударғандар) оқудың арқасында біледі. Сұхбат барысында Көкпекті елді мекенінің тұрғыны 79 жастағы Стефанида Николаевна Дядова қатарластарының – Нина Попова (80 жас), София Михайловна Бочкова (66 жас), Валентина Васильева (64 жас), Надежда Александровна Красникова (61 жас), Анатолий Кивилоглов (69 жас), Зоя Бойкова (70 жас), Мара Дергишан (66 жас) гагауз тілін білетіндігін және сөйлейтінлігін атап көрсеткен және өз балалары да (екі ұлы мен қызы) аналарының арқасында гагауз тілін біледі екен, ал 5 немересі мен 8 шөбересі гагауз тілін білмейді (Көкпекті елді мекені, ШҚО, 3.03.2017 жылғы сұхбат). Бұл Қазақстандағы гагауздардың жас буыны гагауз тілін білмейтіндігін немесе нашар білетіндігін, алайда қазақ тілін белгілі бір деңгейде меңгергендігін көрсетеді.
Гагауздардың 60 пайыздан астамы қазақ тілін белгілі бір деңгейде біледі. Сауалнамадағы «Ақ Орда», «Бәйтерек», «Мәжіліс», «Хабар», «әкім», «Наурыз», «наурыз көже» сөздерінің мағынасын білесіз бе? деген сауалға (Е-20 сұрақ) қатысушылардың 100 пайызы «иә» деп жауап берген [www.tyurki.weebly.com]. Мұндай жауаптар Қазақстанда тұрып жатқан көп ұлтты халықтың, оның ішінде гагауздардың да қазақ тілін меңгеруі мен оған деген көзқарасын білдіреді. Толықтай алғанда, гагауздардың қазақтарға көзқарасы түзу. Қазақтың мәдениетін, дәстүрін, асханасын біледі. Қазақстанда тұрып жатқан қазақтармен, орыстармен, әзірбайжандармен, украиндармен достық қарым-қатынасқа бейім және өзге елге қоныс аударуға ниетті емес.
Көпшілік гагауздар орыс тілді ортада тұрды және тұрып келеді, орыс тілін балабақшада, мектепте, колледжде және жоғары оқу орындарында меңгерген. Сауалнамаға қатысушы гагауздардың 93% пайызы орыс тілін барлық дерлік салада – жұмыста, үйде қолданатындығын айтқан.
Сауалнамаға қатысқан гагауздардың 99 пайызы келешекте жексенбілік мектептерде, орта мектептерде, орта арнаулы оқу орындарында гагауз тілін оқуға ниет танытады (Е-18 сұрақ). Гагауз тілі тілдердің оғыз тобына жатады және өзінің тілдік жүйесіне сәйкес түрік тіліне біршама жақын. Фонетикалық жүйедегі гагауз тілінің негізгі ерекшеліктеріне келесі құбылыстар сай келеді: тіл алды, тіл ортасы дауыстыларының дифтонгизациясы, қайталама созылыңқы дауыстылардың қызметінің жүруі, тіл алды дауыстыларының қатысуымен дауыссыздардың негізгі корпусының қарқынды палатизациялануы; синтаксисте түрік тілінен басты айырмашылығы – сөйлемдегі сөздердің еркін орын тәртібінің болуы. А.С.Аманжолов гагауз тілінің тілдік жүйесін түрік тілімен жақын деп қарастырады. Олардың бірқатары мынадай өзгерістер:
1) ә дауыстысы екпін түспеген жағдайда е дыбысына ауысады: бән (мен) – бени – (мені), гежә (түн) – гежеләр (түндер) және т.б. Алайда осы құбылыс чадырлунг және комрат говорларында кеңінен көрініс тапқанын атап өту керек;
2) нл, мл дыбыс тіркесімдері нн тіркесіміне өзгереді: оланнар – жастар, инсаннан – адамдармен, адамнан – адаммен, аннады – түсінді;
3) е, и, ө, ү, ә алдыңғы қатар дауыстылары сөз басында кейде қос дыбыс ретінде айтылады: йев – үй, йөрдек – үйрек, йүст – үсті;
4) ө, о дауыстылары бірінші буында дифтонг уо, үө түрінде айтылады: уон – он, уонун – оны, сүөйды – сөйледі;
5) -(а)йор, -ыйр, -ийр, -эр, -йар, -ый, ий говорлары ретінде танылған осы шақтың бірнеше формасы кездеседі: алэр – алар, ойнаээр – ойнар, гөрер – көрер;
6) славян тілдерінен енген -ка, -йка қосымшаларының болуы: врачка – дәрігер-әйел, чингенейка – цыганка, булгарийка – болгарка, чорбажыйка – хозяйка;
7) (й)лан, (й)лән, (й)нан, (й)нән (түрік әдеби тілінде -ile, -la, -le) септеуліктерінің болуы: алмайлан – алмамен, екмеклән – нанмен, чобаннан – шабанмен, чизмемнән – етігіммен, оннар чыкыйнан – олар шыққаннан;
8) славян тілдерінің әсерінен сөйлемдегі түркі сөз тәртібі өзгеріп, гагауз тіліндегі инверсия құбылысы стилистикалық жүйе түрінде көрініс табады [Аманжолов 2012: 224]. Тілдің фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік деңгейіндегі көрсетілген ерекшеліктер біздің пайымымызша, қазақстандық гагауздардың да сөйлеу жүйесіне тән.
Халық ауыз әдебиетінің мақал (сөйлеш), ертегі (масаллар), ән (түркү), аңыз-әңгімелер, тарихи поэмалар секілді түрлерін білесің бе? деген сауалға жауап бергендердің 30% (негізінен жастар) білмейтіндігін және гагауздардың 70% «Оглан», «Пеперчу» (бойы бұрышпен бірдей бала туралы ертегі) ертегілерін, «Узун Кирлан» («Ұзын керуен») тарихи аңызын, «Кероглы», «Карагез» эпостарын, Н.Грестің «Старатели Буджака» романын білетіндіктерін айтқан.
Қазақстанда тұрып жатқан гагауздар «Касын», «Дмитрий күні» сынды ұлттық мейрамдарын сақтап қалған. «Дмитрий күні» мейрамы – таза ұлттық мереке. Оны кеңінен атап өтіп, дастарқан жаяды, отбасы жиналып, халық әншілері келеді, концерт қояды.
Болгар-гагауздар қонақжай, еңбексүйгіш халық. Олар бел жазбастан жұмыс істей және қажет кезде музыкамен тыныға алады. Ақтөбе облысы Болгарка елді мекенінің тұрғыны Валентина Антоновна Терза: «...бұрын әр сенбі сайын болгар-гагауздар кезекпен бір-бірін қонаққа шақыратын. Оларда мынадай ғұрып сақталған: апта бойы барлығы ішімдікке жақындамастан, адал еңбек етеді де, сенбі күні өздерінің сонау алыста қалған елдерін еске түсіретін әндерін айтып, би билеп, отырыс ұйымдастырады. Болгарлар – туа біткен музыканттар, олар баянда, мандолинеде, бубнеде ойнайды. Әдетте халықтық мейрам таңғы сағат 4-те бітеді, ал демалыс күні демалады. Дүйсенбіден жұмаға дейін қайтадан жұмыстарына кіріседі», - дейді.
– Ауылда диаспора өкілдері бір отбасыдай тату тұрды. Әр уақытта ортақ дастарқан жайылып, әр адам өз үйінен қандай да бір ұлттық тағам әкелетін, - деп еске алды Валентина Антоновна [http://avestnik.kz/?p=20759].
Қазіргі заманда өмір сүріп жатқан гагауздар өз салт-дәстүрлерін, ғұрыптарын берік сақтауда. Солардың қатарынан «Додола», «Переруда», «Герман» дәстүрлері; жауын шақыру ғұрпы; үйлену салты ерекше орын алады. Сауалнамаға қатысушылардың атап өтуінше, «айттыру барысында болашақ келін барлығына кофе әзірлейді, ал болашақ күйеу жігітке оны тұз қосып береді. Егер ол кофені бірден және сабырлы кейіпте ішіп алса, демек ол өмірдің барлық қиын сәттерін жеңіл еңсере алады дегенді білдіреді» (сауалнамаға қатысушы Әлидің айтуынша, 22 жаста, Түркістан қаласы) [www.tuyrki.weebly.com].
Гагауздар әсіресе баланың дүниеге келгеніне ерекше қарайды. Жаңа туған нәрсетеге туған-туысқандары сыйлықтар мен ерекше ықыласпен пісірілген кішкене күлшелерін әкеледі. Сәби шираған соң анасы туыстарын шақырып, арнайы қонақ етеді, ол гагауздар тілінде «большая хлебная пита» деп аталады [http://avestnik.kz/?p=20759].
Гагауздардың көпшілігі ұлттық мәдениетті, ұлттық біртектілікті, тілді сақтау үшін Астанада гагауздардың этномәдени орталығын құруды қалайды (Ратмир Манов, Степан Манов).
Егде тартқандардың қатары сиресе де, олардың немерелері, шөберелері, ұрпақтары Болгарка туған ауылында әлі де еңбек етіп, өз халқының салт-дәстүрін мығым ұстап, зайырлы Қазақстанда болгар-гагауздардың жаңа толқынын тәрбиелеуде. 2009 жылдың 25 қыркүйегінде Қаратаусай елді мекенінде «Береслава» болгар-гагауз этномәдени бірлестігі құрылды [http://avestnik.kz/?p=20759].
Гагауздардың аға буыны өз халқының ертегі, аңыз-әңгіме, миф сынды ауыз әдебиетін біледі және «Көроғлы», «Қарагез» сынды эпостарының мазмұнын зор ризашылықпен бөліседі.
Айта кетерлігі, жастардың арасында да өзінің тілі мен дәстүрін, мәдениетін білуге ұмтылатын жастар да аз емес. Шынайы дәлел ретінде жас гагауздың (студент-медик) 2014 жылдың 15 наурызында Түркістан қаласында жарық көрген «Ясави газетаса» газетінде басылған өлең жолын ұсынамыз. Бұл өлең жолдары Молдовада жарық көретін «Единая Гагаузия» газетінде жария етілген. Өлең жолдары түрік тілінде жазылған. Дегенмен, автордың атап өтуінше, оның ана тіліндегі де нұсқасы бар Sevdim seni Gagavuzya
Sevdim seni Gagavuzya Жақсы көремін сені Гагауызиям
Hiçbir zaman seni unutmam Ешқашан сені ұмытпаймын.
Askerlik yapmadan durulmaz Әскерге бармасқа болмас
Durulmaz karşı düşmana Алдымнан шыққан дұшпанның
Ki ben bir gün duracağım karşısında Қас – жауы мен боламын.
Gece gündüz bu türküyü çalarım Күндіз – түні осы әнді мен айтамын.
Hep sen benim aklımda Сен әрдайым менің ойымдасың.
Sevdim seni bir çiçek gibi Гүл сияқты сені жақсы көремін,
Kokun yüreğimde kaldı Иісің әрқашанда менің жүрегімде.
Ne zaman baksam yıldızlara Жұлдыздарға қараған сайын
Benden o kadar uzaktasın Менен алыс екеніңді сезінемін
Aslında bana o kadar yakınsın Негізінде сен маған сондай жақынсың
Çünkü burası da benim memleketim Өйткені бұл жер менің мемлекетім,
Çünkü burası da benim! Өйткені бұл жер менікі!
Vitali Demiroğlu (қазақ тіліне аударған Г.Бегимова)
Мәтінде көрсетілгендей, өлең шумақтары отансүйгіштікке үндейді, кәсіби ақын болмаса да автор Гагаузияға, отанына, туған жеріне деген махаббатты жеткізе білген, оны жаудан қорғап күні-түні жырлауға дайын екенін білдірген. Сондай-ақ өлең лирикаға толы – гүлдер, хош иістер, түнгі жұлдыздар сынды сөздер мен сөз тіркестері тұтас мәтінге авторлық реңк қосып тұр.
Осындай ұлдарды дүниеге әкелген халықтың болашағы кемел.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Ахинжанов С.М. Кыпчаки в истории средневекового Казахстана. ‒ Алматы: Ғылым, 1995. ‒ 296 с.
2. Аманжолов А.С. Опыт изучения тюркских языков. ‒ Астана: Фолиант, 2012. ‒ 400 с
3.Большая Советская Энциклопедия в 30 томах. Т.5. ‒ Москва: Советская Энциклопедия, 1971. ‒ 639 с.
4. Державин Н.С. О наименовании и этнической принадлежности гагаузов. ‒ Советская энциклопедия. ‒ №1. ‒ М., 1937. ‒ С.80-87.
5. Мошков В.А. Гагаузы Бендерского уезда. Этнографические очерки и материалы // Этнографическое обозрение. Кн. XLIV. ‒ М., 1990. ‒ С.7-15.
6. Национальный состав, вероисповедание и владение языками в Республике Казахстан. Итоги национальной переписи населения 2009 г. // Статистический сборник. ‒ Астана, 2010.
7. Невская И.А., Тажибаева С.Ж., Шаймердинова Н.Г., Тусупов Ж., К.Шенинг Тюркский мир Казахстана: исследование языков и создание базы данных // Global-Turk // International Jornal for Information and Analytics. ‒ Astana: International Turkic Academy, 2016. ‒ 33-42 p.
8. Шаймердинова Н.Г., Тажибаева С.Ж. Тюркские языки Казахстана: современное состояние // «Язык и глобализация»: Сборник статей XVI международной научно-теоретической конференция. ‒ Алматы: КазНУ, 2013. ‒ С.58-61.
9. www.tyurki.weebly.com
10. www.tmk.kz
11. http ://avestnik.kz/?p=20759