Алтайлықтар
Қазақстандағы алтай диаспорасы
Қазақстанның алтай диаспорасы алтай тілін тасымалдайтын аздаған топ арқылы ұсынылады. Қазақстанның халық санағының нәтижесі бойынша алтай диаспорасы халқы санының динамикасы былайша көрініс береді:
1970 – 575
1979 – 630
1989 – 675
1999 - 462
2009 - 221
Алтайлықтардың Қазақстанға көшуінің негізгі себебі ұлтаралық некелер болып табылады. Қазақстанда қазақстандық алтайлықтар шашыраңқы өмір сүреді, сондықтан сауалнама тек қана үш алтайлықтан алынды.
Үш респонденттің жауабынан сауалнаманың барлық сұрақтарына тұщымды жауап алу қиын, дегенмен күнделікті өмірде тілді қолдану және өз ана тілін (дәстүрлі) білу мәселесі бойынша жалпы мәлімет алуға болады. Сауалнама алынған үш респонденттің екеуі өз ана тілін біледі. Жанұяларында өз балаларымен екі респондент те қазақ және орыс тілінде сөйлеседі, бір респондент жанұясындағы үлкендер балалармен тек орыс тілінде сөйлесетіндігін айтты. Отбасында үлкендермен алтай және орыс тілінде екі респондент сөйлессе, қазақ-орыс билингвизмін бір респондент пайдаланады. Жұмыстағы қарым-қатынас тілі ретінде екі респондент үшін қазақ және орыс тілі болса, бір респондент тек орыс тілінде сөйлейді. Қызмет көрсету саласында орыс тіліне басымдық беретін – 2 адам болса, 1-еуі қазақ және орыс тілдерін қолданады. Ауыз әдебиеті үлгілерінен респонденттер Сартакбай батыр туралы, «Таш чечек» ертегілері мен өз ата-аналарының қара сөздерін естерінде сақтаған.
Алтайлықтар. Этно-лингвистикалық шолу. Жалпы мәліметтер:
Алтайлықтар - Алтай Республикасының (Таулы Алтайдың) түркі тілді жергілікті халқы. 1922 жылы Таулы Алтай (1922-1991) автономиялық облысы құрылды, ол 1948 жылғы дейін Ойрат автономиялық облысы деп аталды. 1992 жылғы 7 мамырда Алтай Республикасының Жоғарғы Кеңесі Таулы Алтай Республикасын Алтай Республикасы деп қайта атау туралы қаулы қабылдады.
Алтайлықтарды саны Ресейде 69.4 мың адамды, оның ішінде Алтай Республикасында 59.1 мың адамды құрайды. Алтайлықтардың жалпы саны - 70.8 мың адам
[http://www.gks.ru/free_doc/new_site/perepis2010/croc/perepis_itogi1612.htm].
Алтайлықтар Ресей Федерациясынан тысқары жерлерде Өзбекстанда, Қазақстанда тұрады.
Алтайлықтар этникалық шығуы, тілі мен мәдениетіне бойынша мынадай топтарға бөлінеді:
- солтүстік алтайлықтар (тубаларлар; челкандар; кумандиндар).
- оңтүстік алтайлықтар (шын мәніндегі алтайлықтар немесе өзіндік атау бойынша алтай-кижилар; теленгиттер; телестер; телеуттер) [Баскаков Н.А., 1988: 3 – 28].
Тарихи жақтан алғанда, алтайлықтар әртүрлі тектегі тайпаларының конгломератын құрайды. Антропологиялық жақтан оңтүстік алтайлықтар тувалықтар, моңғолдар мен якуттармен бірге моңғол тектес нәсіл өкілдеріне жатады («Орта-Азиялық бұтақ»). Зерттеушілердің пайымдауынша, солтүстік алтайлықтар, сірә, самодий, кет және угор сияқты көне түркі тайпаларының ұзақ уақыт бір-бірімен қарым-қатынасының нәтижесінде қалыптасқан. Оларда европеоидтік нәсілдің көптеген элементтері бар («орал» бұтағы) [Потапов 1953: 254]. Оңтүстік және солтүстік алтайлықтардың этнографиялық айырмашылығы мына белгілер арқылы айқындалады: оңтүстік алтайлықтар мал өсірушілер, ал солтүстік алтайлықтар орман кәсіпшілігімен айналысқан немесе (ішінара) отырықшы аңшылар және егіншілер болған.
Салыстырмалы этнографиялық зерттеулер оңтүстік алтайлықтардың қазақтармен, тянь-шань, памир қырғыздарымен бірге элементтер және батыс және батыс моңғолдарымен (ойраттермен) көптеген ұқсастықтары бар екенін растайды. Ортақтық материалдық (қоныстандыру типі, киімі, еңбек құралдары, тамақтану және т.б.) және рухани мәдениеті (орнаменталистика, халық, ертегілерінің тақырыбы, нанымы) жақтан да байқалады. [Потапов Л. П. 1969].
Солтүстік алтайлықтардың (және шорлықтар да) обтық угрлармен, самоедтермен (ең алдымен Нарым селькуптарымен) және енисейлік остяктармен (кеттермен) мәдени ұқсастықтары бар. [Баскаков 1985: 10; Кирсанова 2003: 4]
Біз алдымызға жекелеген алтай этникалық топтарының сипаттамасын беру, олардың тілдік, этнографиялық, мәдени ерекшеліктерін көрсетуді мақсат тұтпаймыз. Біздің шолуымыз алтайлықтар деген этноним бойынша ұсынылған әр түрлі зерттеулердегі материалдардағы деректерге негізделеді.
Алтай тілі. Алтай тілі мен оның диалектілерінің жалпы сипаттамасы
Алтай тілі - Алтай Республиканың мемлекеттік тілі, Қазақстанда тұратын алтай диаспорасының көне заманда кең тараған экзогендік тілі.
Алтай тілі көне заманда кең тараған түркі тобының алтай кіші тобының оңтүстік Сібір (Шығыс түрік) бұтағына жатады. Ойрат тілі - алтай тілінің ескірген атауы. Алтай тілі ежелгі түрік диалектілерінің негізінде қалыптасты және ғылыми әдебиетте алтай тіліне біріктіру ұсынылатын әр түрлі тілдер мен диалектілердің жаңа қоғамдастығын көрсетеді. Алтай тілі түркі тайпаларының өзара іс-әрекеттерінің нәтижесінде қалыптасты, олар моңғол, самодий, угор тілдерінің ықпалын басынан кешкен түрлі халықтармен өзара қарым-қатынаста болып, өздерінің ұзақ тарихын басынан кешірді. Осының бәрі алтай тілінің құрамына бір-бірінен ерекшеленетін түрлі диалектілерді енгізді, сондықтан да зерттеушілер оларды түрлі классификациялық топтарға жатқызады.
Алтай тілі өзінің диалектілік құрылымы жағынан екі топқа бөлінеді: оңтүстік және солтүстік. Солтүстік және оңтүстік диалектілер арасында фонетикалық, грамматикадық және лексикалық жақтан айтарлықтай айырмашылық бар, осыған байланысты олар әртүрлі тілдік бұтақтарға жатады. Оңтүстік диалектілер негізгі біліктілік белгілері бойынша шығыс тілдерінің қырғыз-қыпшақ тобына кіреді. Солтүстік диалектілер өздеріне тән бірқатар белгілері бойынша шығыс түркі тілдерінің ұйғыр тобына жатады (Н.А.Баскаков).
Оңтүстік топ үш бөліктен тұрады:
1) Алтай кижи. Осы диалектінің ішінде маймин говоры (майма-кижи) ерекше;
2) теленгит;
3) телеут.
Солтүстік топқа да сондай-ақ үш диалекті кіреді:
1) туба диалектісі;
2) кумандин диалектісі;
3) чалкан диалектісі.
Тіл мәртебесі
Алтай Республикасында алтай тілі орыс тілімен бірдей мемлекеттік тіл мәртебесіне ие. Әдеби тіл алтай-кижи оңтүстік диалектісінің негізінде 1922 пайда болды. Тілдік жағдай 1993жылы өзгерді. Дәстүрлі түрде алтай тілінің диалектілері саналған тубалар, челкан, кумандин тілдері 1993 жылы РФ байырғы аз халықтарының мәртебесін алды. Осыған байланысты оларды жеке тіл немесе диалект деп тану мәселесі туындайды.

Қазіргі кезде тубалар, челкан, кумандин тілдері жоғалу алдында тұр және Ресей халықтары тілдерінің Қызыл кітабына енгізілген (№1 кестені қараңыз). Мәселен, кумандиндердің көпшілігі Алтай Республикасынан тысқары Алтай өлкесінің Красногор, Солтон аудандары мен Бийск қаласында тұрады және олардың тілі алтай әдеби тілінің ықпалынсыз дамып отыр.
Кесте № 1
2010 жылғы халық санағы бойынша Алтайдың тұрғылықты аз санды халықтарының саны және тілдік жағдай

Өздеріңізге белгілі болатындай, мемлекеттік тіл өз қызметін әдеби формада ғана орындай алады. Біркелкі алтай әдеби тілі туралы мәселе тез арада шешуді қажет ететін өзекті проблема. Алтай тілші-ғалымдары бұл мәселені шешу жолдарын көрсетіп отыр [Тыбыкова Л.Н., 2002, 23]. Сонымен қатар алтай тобына кіретін тілдердің диалектілерінің орнын анықтау да ғалымдардың алдындағы шешілуі тиіс мәселе. Сондықтан тілші-ғалымдар Алтай республткасындағы алтай тілі мен РФ саны аз халықтарының тілін сақтап қалу үшін мемлекет тарапынан ауқымды жұмыстар атқарылуы қажет деп есептейді [Тыбыкова Л.Н., 2002, 23].
Жазуы. Көне түркі жазуы
Алтай – түркі әлемінің бесігі. Алтай аумағында зерттеушілердің назарын өздеріне үнемі тартып тұратын көне түркі жазбалары кеңінен тараған.
Олардың қатарында Алтайдан табылған келесі ескерткіштерді атауға болады:
Ескі моңғол графикасы негізіндегі жазу
Кирилица негізіндегі жазудың таралуына дейін алтайлықтар «ÿзÿк бичик» ескі моңғол жазуын қолданды. Н.П.Дыренкова «Ойрат тілінің грамматикасына» (1940) жазған алғысөзінде жекелеген алтайлықтар XX ғ. басында «ÿзÿк бичик» деп аталатын тігінен жазылатын ескі моңғол жазуын білгендігін айтады [1940:11]. Зерттеушілердің пікірінше, жазудың бұл түрі шамамен ХІІ ғ. ортасында пайда болған және XX ғасырдың 50-ші жылдарына дейін дейін пайдаланылған.
Кириллица негізіндегі жазу
Кириллица негізіндегі жазуды Алтай рухани миссиясы өкілдері әзірлеп, 1840-шы жылдары телеут диалектісі әдеби тілдің қалыптасу үшін база ретінде таңдап алынды. 1868 жылы бірінші алтай әліпбиі жарияланды, ол революцияға дейінгі орыс әліпбиінің барлық әріптерін және қосымша ıо̂, к̄, н̄, ӧ, ӱ белгілерін қамтыды. Ол миссионерлік әліпби деп аталды және тұрақты нормалары болған жоқ. Миссионерлік әліпби негізінде сол кезеңнің рухани және ақсүйектік әдебиеті (шіркеулік кітаптардың аудармалары, әліппелер, мектептің оқу кітаптары, бірнеше көркем туындылар) жарияланып отырды.
Алтай тілінде кітап басу ісінің революциядан кейінгі кезеңі 1921 жылы қайта басталды. «Қызыл кӱн» атты ересектерге арналған Әліппе басылып шықты. 1922 жылы телеут диалктінің орнына алтай әдеби тілдінің базасы алтайлық (алтай кижи) тілі болды. Орыс тілінен енген сөздерді жазу үшін алтай әліпбиіне әріптер енгізді:
А а, Б б, В в, Г г, Д д, Ј ј, Е е, Ж ж, З з, И и, Й й, К к, Л л, М м, Н н, Ҥ ҥ, О о, Ӧ ӧ, П п, Р р, С с, Т т, У у, Ӱ ӱ, Ф ф, Х х, Ц ц, Ч ч, Ш ш, Щ щ, Ъ ъ, Ы ы, Ь ь, Э э, Ю ю, Я я.
Совет Одағы халықтарының жазуын латын жазуына көшіру процесінен алтай тілі де шеткері қалған жоқ. 1931 жылы 29 таңбадан тұратын латынданған алтай тілінің әліпбиі бекітілді:
A a, B ʙ, C c, Ç ç, D d, E e, F f, G g, I i, J j, K k, L l, M m, N n, N̡ n̡, O o, Ө ө, P p, R r, S s, Ş ş, T t, U u, V v, X x, Y y, Z z, Ƶ ƶ, Ь ь
Өткен ғасырдың 30-шы жылдардың соңында КСРО-да жазуды кириллицаға ауыстыру басталды. 1938-1944 жылдар аралығында алтай жазуында бірқатар реформалар жүргізілді, соның салдарынан Алтай әліпбиі «миссионерлік» нұсқасына толығымен дерлік қайта оралды. Әліпбидің осы нұсқасы қазіргі уақытқа дейін пайдаланылады.
А а, Б б, В в, Гг, Д д, Ј ј, Е е, Ё ё, Ж ж, З з, И и, Й й, К к, Л л, М м, Н н, О о, П п, Р р, С с, Т т, У у, Ӱ ӱ, Ф ф, Х х, Ц ц, Ш ш, Щ щ, Ъ ъ, Ы ы, Ь ь, Э э, Ю ю, Я я.
Алтай тіліндегі БАҚ
Алтай тілінде мерзімді басылымдар және көркем әдебиет шығарылады, радио және телехабарлар жүргізіледі; ол Алтай республикасының мектептерінде бастауыш сыныптарда оқыту тілі ретінде пайдаланылады және 1-11 сыныптарда оқу пәні ретінде оқытылады.
Оқырмандар арасында алтай тілінде шығатын «Алтайдыҥ чолмоны» республикалық мемлекеттік газеті, cондай-ақ муниципалдық газеттер: «Öйдиҥ ÿни» (Усть-Кан ауданы), «Ажуда» (Онгудайй ауданы), «Улаганныҥ солундары» және «Ауыл жаңалықтары» (Шебалинск ауданы) газеттері кең танымал. Алтай Республикасында балаларға арналған «Солоҥы» (алтай тілінде) журналы шығады, таралымы 1000 дана. Балалар мен жасөспірімдерге арналған «Эл Алтай» журналы және тоқсан сайын әдеби-көркем журналы «Алтай Телекей/Алтай әлемі» шығады, оларда алтай және орыс тілдерінде материалдар басылады. [Чумакаев, 2010, с.68].
Ресубликада «Таулы Алтай» МТРК жұмыс істейді, ол Алтай Республикасының мемлекеттік тілдерінде телерадио хабарларын таратуды жүзеге асырады. «Таулы Алтай» МТРК қызметі жұмыс күндері алтай және орыс тілдерінде 9 ақпараттық бағдарлама шығарады; сенбі күндері алтай және орыс тілінде бір бағдарлама және қорытынды жаңалық «Эл Алтай. Апталық жаңалықтар» - жексенбі күндері. Аптасына бір рет алтай тілінде арнайы бағдарлама шығады, ол салт-дәстүр, мәдениет, спортқа арналған [Тыбыкова, 2002].
Шаруашылығы мен тұрмысы
Тарихи жақтан Алтайда шаруашылық-мәдени типтің екі түрі қалыптасты: мал өсіруші-көшпенділер (оңтүстік алтайлықтар, отырықшы телеуттерден басқа) және отырықшы аңшылар мен аң аулаушылар (солтүстік алтайлықтар).
Оңтүстік алтайлықтардың шаруашылығының негізін жайылымдық мал шаруашылығы құрады. Олар жылқы, ірі қара және ұсақ мал ұстады. Теленгиттер қодастар мен түйелер ұстады. Оларда мынадай көші-қон тәртібі қалыптасты: күзде малға жем мол күздеуге, онда ары қысқа қарай қыстауға тауға қарай орын ауыстырды. Тау баурайларындағы қар жоқ бос жерлерден малдар қураған шөптерді өздеріне азық етті. Көктемде кері қарай көшті [Тюркские народы Сибири, 2006].
Әр түрлі шаруашылық-тұрмыстық мәдениеттің қалыптасуы олардың шаруашылығы мен үй-тұрмысында өз іздерін қалдырды [Тюркские народы Сибири, 2006:405].
Алтайлықтардың тұратын жерлері тұрақты (айыл, уй) және аңшылық кезінде қолданатын уақытша (jапаш), деп бөлінді. Алтайлықтардың тұрақты тұратын жепрлерінің келесі түрлері белгілі.
1. Аланчык немесе содон айыл, чаадыр немесе соолто - сүйір киіз үй. Жабыны ретінде самырсын қабығы (чобуре/шанда), немесе ақ қайың (тос) қызмет етті Ең жоғарғы жағы жабылмай ашық қалдырылды - бұл түтін шығаратын мұржа және сәуле беретін терезе қызметін атқарды. Есік әрқашан шығысқа - күннің шығу бағытына қаратылды.
2. Кереге айыл немесе кийис айыл – киіз үй. Конструкцияның негізгі бөлшектері торлардан (кереге), құрсау (карачкы) құрайды, шатырдың таяқтары (уна), тірек сырықтар (багана), үш түрлі және түрлі атаумен аталатын алты түрлі киіз жабулар (туурга, тебир, jaбy), шаңырақ (чанмырак). Конструкциялардың барлық жабдықтары өзара теріден жасалған жіптермен және түрлі жіппен байланды. Киіз үйдің диаметрі оның керегесінің санына байланысты болды – ол алты немесе сегіз қанатты болды; ол алты канатту кийис айыл (қазақша – алты қанатты киіз үй дегенмен салыстырыңыз) – алты қанатты киіз үй Таулы Алтайда оңтүстік алтайлықтарда ғана болды.
3. Агаш айыл, агаш уй, кажаган айыл немесе чертме - бөренеден жасалған көп бұрышты үй. Қабырғаларының санына байланысты алты, сегіз және арагідік 12 бұрышты болуы мүмкін. Бөренелер кесіліп, бір-біріне қиюласып қаланды, бір қабырғасы 7-8 бөренеден тұрды, ал шатыры конус және жартылай сфера ретінде болды. Шатырды самырсын қабығымен жапты. Үстінен қысқа бөренелер-базырумен бастырылды. Барлық типтегі үйлердің есігі шығысқа немесе оңтүстік-шығысқа қаратылды.
Киіз үй ерлер және әйелдер жағына бөлінді: сол жақ (егер есікке қарсы тұрсаң) – «әйелдер – ‘эпши jaңы’, оң жақ – ерлер ‘эр jaны’. Осыған байланысты киіз үйде шаруашылық-тұрмыстық заттар қойылды.
Үйдің ортасы – үш бұтты ошақ ‘очок’ (қазақша – ошақпен салыстырыңыз). Ошақтың артында үйдің қасиетті және құрметті жерлері орналасты. Тöр деп аталатын жерде қожайындардың төсегі қойылды және jайык — шамандық немесе бурхандық/ламаистік "пенаттар" орналасты. Оттықтың артындағы кішкентай кеңістік оттың бажы ("оттың басы") деп аталады және киіз үйдегі ең қасиетті жер деп есептелді. Оған қарама-қарсы жерде - от айак немесе оттың буды ("оттың аяғы") деген жерге бір сәтке кірген қонақтар немесе үй иесінен жасы кіші қонақтар отырды. Жанұя мүшелері және қонақтар киіз үйде туыстық және жас ерекшелігіне қарай отырады [Тюркские народы Сибири, 2006: 405- 407].
Алтайлықтар күзгі-қысқы жайылымдарда кышту (қазақша қыстаумен салыстырыңыз), көктемгі-жазғы жайлауларда дьайлу (қазақша жайлаумен салыстырыңыз) көшіп-қонып жүрген.
Күнтізбе
Өздеріңізге белгілі, түркітілдес халықтардың көпшілігінде 12 жылдың айналмалы күнтізбе пайдаланылған. Алтайлықтардың да жыл санауында 12 жылдық күнтізбе жатыр. Жыл - jыл (йил джиль, жыл, чыл деген сөз арқылы беріледі
Алталықтарда жыл атаулары былайша беріледі: чычкан jыл - (жыл) тышқан, уй/ ийнек jыл - сиыр, бар jыл - барс, койон jыл - қоян, улуу - ұлу, jылан - жылан, ат - жылқы, кой - қой, мечин - мешін, такаа - курицы, ийт - ит, какай jыл -доңыз.
Жыл мезгілдері
Jас - көктем, jaй - жаз, кус - күз, кыш – қыс.
Жыл (jыл) – уақытты өлшеудің ең үлкен өлшемі, ол екі үлкен мезгілден тұрады: жылы – көктем-жаз және суық – күз-қыс. Жыл әрқайсысында 30 күннен бар 12 айдан тұрады.
Алтайлықтардың күнтізбесінде жаңа жыл көктемнің келуімен басталады.
Алтайлықтардың дәстүрлі күнтізбесіндегі айлар мен күндердің атаулары
Алтайлықтардың дәстүрлі күнтізбесіндегі ай аттары, негізінен, табиғат құбылыстарын көрсетеді. Аздаған бөлігі шаруашылықтың көне түрі - аңшылық және жинаушылықпен байланысты.
Наурыз (тулаан ай) - жылдың алғашқы айы, алтай-кижиларда ол «жылы ай» (тулаан ай) деп аталады. Бұл ай туралы мынандай мақал бар: Тулаан айда тулунду кижи уйде отурбас, туйгакту мал чеденде турбас, тырмакту неме ичеенге jamnac – «Тулаан айында тұлымды адам (әйел) үйде тұрмас, тұяқты мал қорада тұрмас, тырнақты аң інінде жатпас.
Сәуір (кандык ай) – көктемнің екінші айы алтай-кижиларда «кандық өсетін ай» делінеді, сондай-ақ түрлі-түсті (чоокыр ай) немесе жылы да емес, салқын да емес (эренис ай) ай деп те атайды.
Мамыр (кÿÿk ай) – жаздың бірінші айы. Ол «көкек айы» деп аталады.
Маусым (кичу изÿ ай) – «аздаған ыстық ай». Бұл уақытта жайлаудағы шалғында мал шөпті тойынып жейді. Маусым айында «жасыл жапырақ» (jажыл бŸр) дұғасы өткізілген.
Шілде (jaaн изÿ ай) алтай-кижиларда «қатты ыстық ай» делінеді.
Тамыз (jайгы куран ай) – «еліктің еркегінің жазғы айы».
Қыркүйек (кÿски куран ай), - «еліктің еркегінің күзгі айы». Осы уақыттан маралдарды аулауға болады.
Қазан (ÿлÿрген ай) «үлкен жел» айы деген атқа ие.
Қараша (кÿчÿрген ай) –«жай желдің ацы» немесе «аяздың күш алу айы».
Желтоқсан (кышкы куран ай) «еліктің қысқы айы» деп аталады.
Қаңтар (чаган ай) – «аяз қысатын ай» немесе «ақ ай» (моңғолдың «цагаан» - «ақ») деген сөзінен шыққан.
Ақпан (кочкор ай) – «таутекенің айы» [Тюркские народы Сибири, 2006:452-453].
Алтайлықтар күнді айдың жаңаруымен есептеген. Айдың екі негізгі уақытын белгілеген – айдың жаңасы (айдың jаңызы) және айдың ескіруі (айдың эскизы). Біріншісі айдың тууымен басталып, айдың толуына (айдын толууны) дейін жалғасады. Алтайлықтар «айдық ақ толуы» (айдың ак толууны) – бқл айдың толуының бірінші күні және «айдың сары толуын» (айдың сары толууны) – екінші күні, «айдың қызыл толуын» (айдын кызыл толууны) – үшінші күн ажыратып көрсетеді, осыдан кейін ай «ескіріп», жіңішкере бастайды. Екінші «айдың ескіруі» (айдың эскизы) айдың айналасындағы дискілері көрінбей кеткенше жалғасады. Бұл «үшінші айдың ескіруі» кезінде болады, одан кейін көрінбейтін екінші және бірінші «ескі ай» болып, одан кейін ай «аунап түседі» [Тюркские народы Сибири, 2006:453].
Алтайлықтардың дәстүрлі ұғымында адамның қмірі жас ерекшелігінің мүмкіндігіне қарай, бір зат пен жан-жануарлардың қасиетімен байланысты қабалданады. Осылайша, алтайлықтар 10 жаста адам ит секілді, 20-да – тиін, 30-да – қасқыр, 40-та ол салмақты, жуас болады, 50-де ескерткіш сияқты қадір-қасиетке ие, 60-та балдаққа ұқсас, 70-те тұтқаға, 80-де араластырғышқы, 90-да келіге, 100-де жұмыртқаға ұқсас дейді [Тюркские народы Сибири, 2006: 453- 454].
Алтайлықтардың дәстүрлі күнтізбесі халық арасында күні бүгінге дейін сақталған және пайдаланылады.
Рухани мәдениет. Алтайлықтардың діни наным-сенімі
Алтайлықтардың арасында дүниені көптеген ізгі және қаскөй рухтар басқарады деген сенім сақталған, оларды екі құдай басқарады: әлемнің мейірімді жасаушысы Ульген және жер асты әмірші ашулы Эрлик. Олардың екеуіне де арнап құрбандыққа жылқы шалған, ал оның етін рәсімге қатысушылар жеген, оның терісі таяққа керіліп құрбандық шалынған жерге тасталып кетккен. Алтайлықтар қоғамдық дұғаларға үлкен мән берген. Аспанға, тауға, суға, қасиетті қайың ағашына табынған.
Орта - әлемді мекендеуші рухтар қазіргі кездегі алтайлықтардың діни өмірінен үлкен орын алады. Олардың ішіндегі ең негізгісі - Алтайдың ээзи, оны кейбір зерттеушілер (А.Виноградов және басқалары) ежелгі түркілік Тәңір Jep суумен бірдей деп есептейді Алтайдың ээзи – ол Алтайдың қожайыны, ол жеке мекендік және алтайдың барлық аймағының иесі болып табылады. Алтай-кижиларда оңтүстік алтайлықтардың басқа топтарына қарағанда жекелеген тау және олардың иелеріне рулық табыну туралы естеліктер қатты сақталған. Алтай-кижиларда қасиетті орындарға отбасылық табыну сақталған [Тюркские народы Сибири, 2006: 431].
Орта - әлемді мекендеуші құдай - От Эне және Умайдың да орны ерекше. Зерттеушілер От Эне Культін – «от ананы» - отбасы культіне жатқызуға болады деп есептейді. Отқа қоқыс, өткір затттарды тастауға, киіз үйде одан аттап өтуге болмайды. Ұмай – балалардың туылуына да қамқорлық жасайтын тәңірі.
Алтайлықтардың рулық тәңірі - тöс. Алтайлықтардың ең басты қолдаушы Алтайдың ээзи немесе Алтай Кудай болып табылады. Алтай Кудай бір мезгілде орта және жоғары әлемнің құдайы болып есептеледі [Тюркские народы Сибири, 2006: 431].
Кәделік іс-әрекеттер шаманның қатысуымен, шаманның арнайы дабылды ұруы арқылы өткізілді. Әр түрлі кезеңдерде алтай тайпалары ерте тайпалардың ұрпақтары болды және будда әлемімен де араласты.
Қазіргі кездегі буддизмнің Таулы Алтай территориясында бейімделуі бурханизм мен буддалық мектептердің 20 ғ. аяғы мен 21ғ. басында белсенді түрде енуімен байланысты. 1992 ж. Ресейдің «Буддийская традиционная Сангха России» атты діни ұйымына енетін Алтай буддистерінің ұйымы «Ак Буркан» («Ақ Бұрхан») құрылды.
Алтайда ислам, мұсылман халықтары Жоңғарлардың құрамында болған кезде енді. 1756 ж. хандық жойылғаннан және Шығыс Түркістанды жаулап алғаннан кейін Таулы Алтайдың мұсылмандары оқшауланды және исламнан шеткері қалды. Исламданудың жаңа дәуірі қазақстардың келуімен басталды. 19 ғасырдың соңғы ширегінде оңтүстік Алтайдмен шекаралас жерлерге қазақтар қоныстанып, теленгиттердің келісімімен қазақтар бірнеше ондаған жылдар Шу аймағының жерлерін игере бастайды. Қазіргі уақытта Кош-Агаш ауданында мешіттер соғылып, мұсылман мәдени орталықтары ашылып жатыр.
Дәстүрлі этникалық мәдениеттің қайта өркендеуі
1980-ші жылдардың аяғында Алтайда алтайлықтардың дәстүрлі этникалық мәдениеттің «қайта өркендеуі» басталды. 1988 ж. Онгудай ауданының Ело селосында қазіргі кездегі алтайлықтардың өмірінде бірінші рет Эл Ойын «Халықтық ойындар») өткізілді. Эл Ойын ұлттық спорттық ойындарсыз: күрес - куреш, зіл темірді көтеру - тоңжаан jyгypyıu, ұлттық шахмат - шатра, ат спортының түрлері - aт japыш өтпейді.
1989 ж. алтай тілінде шығатын «Алтайдын Чолмоны» газетінің журналистері Кумуш кайырчак «Күміс сандық») атты алтай тіліндегі алғашқы эстрадалық әндер конкурсын өткізді.
Чага байрам («Ақ мейрам») – жаңа жылдық мейрам. Бұл мереке моңғол, тува, бурят, қалмақ және Тибет пен Үнді халықтарымен бірлікте тойланады. Чага байрам қазір көптеген алтай селоларында, Сондай-ақ Таулы Алтайда тойланады.
Jылгайак - Таулы Алтайда бұл мейрам орыстардың масленицасы секілді тойланады.
2004 ж. бастап Онгудай ауданы тұрғындарының бастамасымен Орта Азияның түркі тектес халықтарының дәстүрлі «көкпар» ойынына сәйкес Кöк бöру («Көк бөрі») жарысы өткізіледі [Тюркские народы Сибири, 2006].
Музыкалық мәдениет және фольклор
Таулы Алтай түркілерінің музыкалық мәдениеті, әндері, эпос пен шамандық өнердің музыкалық жағы, музыкалық аспаптар туралы алғашқы мәліметтерді XIX ғасырдағы В.И.Вербицкий, В.В.Радлов, Г.Н.Потанин, Н.М.Ядринцев, А.Калачев, Н.Б.Шерра және басқа зерттеушілердің жұмыстарынан табуға болады.
Алтай түркілерінің музыкалық мәдениетінің негізгі жүйесі барлығына бірдей: ол - чöрчöк (челкандықтарда шьöршьöк) – әңгімелеу жүйесі эпос пен ертегілерді қоса алғанда. Эпос – кай сакральды әнмен айтылды, оларды кайчилар айтты.
Ертегілер - әңгімелеу жанры, ол негізгі кейіпкердің тікелей сөзі немесе диалогтары арнайы сарындармен берілетін туындылар. Ертегілік сарындар сарын (челкандықтар, кумандиндықтар), кожоң (алтай-кижи, тубаларлар) ертегінің өн бойында өзгеріссіз қалып отырады.
Тұрмыс-салттық дәстүрлер бақсылық сарындармен және дуалау, малшылық дуалар (теленгиттер, телёстер, алтай-кижилар), жоқтау жырларын - сыгыт, бесік жырлары, урей (телеуттер), үйлену жырлары, ән поэзиясының кейбір жанрларымен (табыр кумандиндерде, чалканцев, телеуттерде, тубаларларда, курелей алтай-кижилар мен теленгиттерде), сондай-ақ дауысқа еліктеу арқылы көрінді.
Оңтүстік алтайлықтар мен тубаларлардың бесік жырлары (кабай кожон – «бесік туралы жыр», баланы jaйкар – «баланы жайғау», баланы уйуктадар – «баланы ұйықтату», бай-бай) жақсы сақталған. Кабай кожон баланы бесікке алғаш рет саларда орындалады. Баланы ұйықтату әні кабай кожон жеке және жай дауыспен орындалады. Солтүстік алтайлықтардың бесік жырлары сарын және такпакпен, сондай-ақ ертегілік сарын мен жоұтау жыры сыгытқа ұқсайды.
Лирика шили (алтай-кижилар), шоор және комус музыкалық аспаптары арқылы сүйемелденетін ән жанры ретінде көрінеді.
Әндік поэзия алтайлықтардың мәдениетінде үлкен орынға ие. Музыкалық стилі алтайлықтардың әндік поэзиясы үш дәстүрге бөлінеді: оітүстік алтайлық (кожон), солтүстік алтайлық және телеуттік. Солтүстік алтайлықтардың әндік поэзиясы (челкандықтар мен кумандиндықтар) сарын сөзімен белгіленсе (қазақша сарын – «ән, мотив, әуен, үйлену жырлары, бақсы сарыны») немесе такпак (хакастардағы тахпах, татар, башқұрт және тувалықтардағы такмак – «частушка сияқты би өлең»).
Алтай эпикалық поэмаларының сюжеттері батырлардың Эрлик жіберген зұлым күштермен, сондай-ақ сыртқы басқыншылармен соғысу тарихын сипаттайды. Олардың ішіндегі ең танымал циклдары: «Алтай-Бучай», «Малчи-Мерген», «Алтай-Черчектер», «Текшил-Мерген», «Бойдон-Кекшин», «Хан-Кюлер», «Эрамыр», «Барчин-Беке» [https://geographyofrussia.com/altajcy/].
Алтай мәдениетінде аспапты музыка біркелкі сақталмаған, дегенмен ол алтай-кижи және теленгиттерде толық сақталған, оларда топшуур, икили, комус: кой-комыс ат-комыс, тъак-комыс, топшур-комыс, шоор, балаларға арналған аспаптар: ятукан/jадаган. Таулы Алтай түркілерінде дабыл (бубен) ең алдымен шамандық мифологияның негізгі символы болған; оның үш түрі бар: тезим тюнгюр, каным тюр, марс тюр және парс тюр. Сондай-ақ шамандардың бал ашатын садағы джёлгё/ёлгё белгілі.
Алтайлықтардың фоноинструменттері малшылардың шаруашылық қызметімен байланысты, олар: тарсылдак немесе шартра, кынгырууш немесе кыркыруш, тюкёлё тажуур және т.б.
1980-ші жылдардың соңында ол қазіргі филармонияның негізін салған «Алтай» ұлттық ансамблін құрды, алтайлық ұл балалар музыкалық студиясын ашты.
1995 ж. мемлекеттік филармония құрылды.
2002 ж. Алтай Республикасының мемлекеттік оркестрі құрылды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

- Г.И.Спасский (1809 г.) Чарыш өзенінің жартасынан тапқан көне жазулар;
- 1865г. В.В.Радлов қорғандарды (с. Катанда) қазу кезінде тапқан күміс табақтағы жазулар (кейіннен оның шәкірті П.М.Мелиоранский оқыған). Осыдан кейін ХХ ғасырдың 50-жылдары Алтайдың көне жазбаларын зерттеу және оқу жүйелі түрде жүргізіле бастады: А.П.Oкладникoв, К.Сейдакматoв, Н.А.Баскакoв, Э.Р.Тенишев, В.М.Наделяев, Д.Д.Васильев, В.Д.Кубарев, И.Л.Кызласoв, Л.Н.Тыбыкова, И.А.Невская, М.Эрдал және басқалар.

- Баскаков Н.А., Тощакова Т.М. Ойротско-русский словарь. М., 1947.
- Баскаков Н.А. Алтайский язык. М., 1958
- Баскаков Н.А. Северные диалекты алтайского (ойротского) языка. Диалект лебединских татар-чалканцев (куу – кижи). М., 1985.
- Баскаков Н.А. Диалекты алтайского языка // Вопросы алтайского языкознания. Горно-Алтайск, 1988.
- Баскаков Н.А. Алтайский язык. – В кн.: Языки мира. Тюркские языки. М., 1997.
- Всероссийская перепись населения 2010 г. http://www.gks.ru/free_doc/new_site/perepis2010/croc/perepis_itogi1612.htm).
- Дыренкова Н.П. Грамматика ойротского языка. М. – Л., 1940
- Насилов Д.М. Алтайский язык. – В кн.: Государственные языки в Российской Федерации. Энциклопедический словарь-справочник. М., 1995.
- Кирсанова Н. А. Консонантизм в языке чалканцев (по экспериментальным данным). Новосибирск, 2003.
- Потапов Л.П. Этнический состав и происхождение алтайцев: Историко-этнографический очерк. Л., 1969
- Потапов 1953: 254 Потапов Л. П. Очерки по истории алтайцев. – 2-ое изд. М. – Л., 1953
- Сатлаев Ф.А. Кумандинцев язык. – В кн.: Красная книга языков народов России. Энциклопедический словарь-справочник. М., 1994.
- Сарбашева, С.Б. К проблеме создания алфавита для северных этносов Алтая / Сарбашева С.Б.// Тувинская письменность и вопросы исследования письменностей и письменных памятников России и Центрально-Азиатского региона. Материалы Международной научной конференции, посвященной 80-летию тувинской письменности (г.Кызыл, 1-4 июля 2010). Ч.I. – Абакан: Хакасское книжное издательство, 2010 – С.48-52.
- Сагалаев А.М., Октябрьская И.В. Традиционное мировоззрение тюрков Южной Сибири. Знак и ритуал.- Новосибирск:Наука. Сиб.отд-ние, 1990. – 209 с.
- Cелютина И.Я. Фонетика языка кумандинцев как историко-лингвистический источник (экспериментально-фонетическое исследование. – Якутск, 2000.
- Селютина И.Я. Фонетика языков народов Сибири. – Горно-Алтайск, 2002.
- Тюркские народы Сибири. – М.:Наука, 2006.
- Тыбыкова Л.Н. Современные этноязыковые процессы в Республике Алтай // Научно-методические основы содержания образования национальных школ. Материалы Всероссийской научно-практической конференции (к 75-летию профессора Н.Н.Суразаковой) /Тыбыкова Л.Н. – Горно-Алтайск, 2002. – С.15-24.
- Туденев Н.В. О языковой политике в Республике Алтай // Языки и литературы народов Горного Алтая: Международный ежегодник – 2006/ Туденев, Н.В. - Горно-Алтайск: РИО ГАГУ, 2006. – С. 6-9.
- Чумакаев А.Э. Функционирование алтайского языка в СМИ Республики Алтай: современное состояние //Языковая ситуация и языковая политика в Республике Алтай. Горно-Алтайск,2010 /Чумакаев А.Э – С.51-70.
- https://geographyofrussia.com/altajcy/.
- www.lingsib.unesco.ru
Тажибаева С.Ж.
Аудармашы: Муртазаева С.Ж.
Аудармашы: Муртазаева С.Ж.
Бейне
|
|