Посткеңестік Қазақстандағы түркі тілдер
  • Жоба жайлы
    • Жобаға қатысушылар
    • Байланыс
  • Түркі халықтары туралы
  • Басылым
  • Сауалнама толтыру
  • Нәтижелері
  • Галерея
  • Бұл қызықты
  • Орысша
  • Ағылшын

Әзірбайджандар
​

Қазіргі кездегі Қазақстандағы көпұлттылық құрамның қалыптасуы XV ғасырдың ортасында, түркі және ішінара моңғол тайпаларының бірі болған қазақ ұлтының  этногенезі  аяқталған Қазақ хандығының тұсында басталды. Бұдан әрі қарай XX ғасырдың ең басынан дейін қазақтар Қазақстан халқы  санының басым бөлігін  құрады. Қазақстанда 126 ұлттық топ өмір сүреді. Әзірбайжан диаспорасы – Қазақстандағы көптеген түркі диаспораларының бірі.
 
Қысқаша тарихи анықтама 
Әзірбайжандықтар –, Әзірбайжан Републикасының негізгі халқын құрайтын түркі тілді халық. Әзірбайжандықтар өздерін «азерилер» деп атайды, «азери» сөзі от дегенді білдіреді, яғни отқа табынуға байланысты пайда болған сөз, ал басқа бір нұсқа бойынша  бұл сөз «аз» және «эр» деген сөздерден құралған, оның бірінші бөлігінің мағынасы түркі тілінен аударғанда, "жақсы үміт", "сәтті тағдыр" дегенді, ал "эр (ержүрек) ер адам", "батырдың ұлы", "отты сақтаушы" деген мағынаны білдіреді. Әзірбайжан этносының қалыптасу тарихы ұзақ уақытты қамтиды,  б.з.д.  IV—IIIғ.ғ. б.з. Х-Х1 ғ.ғ. аралығын. Олардың тарихи отанында қалыптасуына Селжүк-оғыз және  моңғол тайпалары қатысқан.
 
Әзірбайжандардың саны және олардың тұратын мекенжайы
Әзірбайжан Конгресі статистикалық мәліметтеріне қарағанда, әлемде 50 млн-нан астам әзірбайжан этносының өкілдері тұрады, олардың басым көпшілігі тарихи Отанынан тысқарыда, оның ішінде Қазақстанда да өмір сүреді..
КСРО-ның құрылуымен бірге этностарды қоныстандыру және көші-қон процесі басталды, осыған байланысты, Қазақстан территориясына Әзірбайжаннан қоныс аударушылардың бірінші легі келді.  1926 жылғы Бүкілодақтық халық санағы  бойынша елімізде әзірбайжан ұлтының 46 өкілі өмір сүрген (Қазақстанның Оңтүстік өңірлерінде) [1]. Әзірбайжандарды Қазақстанға жаппай қоныс аудару 1937 ж. сәйкес келеді, дәл осы кезде Армениямен шекаралас аймақтардан 50 мың әзірбайжанды күштеп көшіру науқаны басталады. Екі жылдан кейінгі 1939жылғы Бүкілодақтық халық санағы  бойынша еліміздегі әзірбайжандар саны 12 996 адамға дейін өсті [2].
Жаңа қонысқа келген әзірбайжандар жұмыс орнының,  тамақ өнімдерінің,  отын, киім мен т.б. жетіспеушілігі секілді  қарапайым проблемалармен бетпе-бет келді. Бірақ жергілікті халық переселендердің қиын жағдайына жанашырлықпен қарап, қол ұшын созып, олардың аяғынан тік тұрып кетуіне көмектесті. 1950-1980-жылдары әзірбайжандар санының өсуі әскери қызметтен кейін әскери қызметке қалу, жоғары және арнаулы оқу орындарын бітіргеннен кейін жұмысқа қалу, сондай-ақ олардың біршама бөлігі тыңды игеру және жаңа индустриалдық аудандардың қалыптасуының нәтижесінде өсті.  
XXI ғасырдың басындаұлттың санасының өсуіне қарамастан, әзірбайжандықтар Қазақстанда тұратын көпұлтты және көпдінді ұлттар мен ұлыстардың бір бөлігі болып қала берді. ҚР 2009 жылғы Ұлт санағының мәліметі бойынша, әзірбайжанская диаспора 85 292 адам [2] болды. Бұл тек қана Әзірбайжаннан келген экономикалық мигранттар ғана емес, сонымен бірге 30-40 жылдары Әзірбайжаннан күштеп жер аударылғандар мен олардың ұрпақтарының да үлес салмағы еді.  1999-2009 жылдар аралығында әзірбайжан диаспорасының саны 7 634 адамға немесе 9,75% көбейгені байқалады. Бірақ осы жерде соңғы кездері Әзірбайжаннан Қазақстанға қоныс аудару күрт төмендегенін айта кету керек.   Бұл Әзірбайжан экономикасының өсуімен, жаңа жұмыс орындарының ашылуымен байланысты.
Бүгінгі күні әзірбайжандықтар Қазақстанның барлық аймақтары мен облыстарында өмір сүреді. 2009жылғы халық санағы  бойынша әзірбайжандардың қоныстануы былайша көрініс тапқан: әзірбайжан диаспоры Оңтүстік Қазақстанда шоғырланған, олар Қазақстанда тұратын осы ұлттың барлық санының 72,7%  құрайды, атап айтқанда Оңтүстік Қазақстан облысында 2 956 адам, Алматы облысында 22 311 адам,.Алматы қаласын қоса алғанда, Жамбылской облысында 10 781 адам [2]. Қазақстанның Оңтүстік аймақтарында тұратын әзірбайжандардың басым көпшілігі ауылб шаруашылығымен айналысады.
Кесте 1 ҚР 2009ж. халық санағы бойынша әзірбайжандардың аймақтарға қоныстануы [2].

Фотография
Соңғы халық санағы мәліметі бойынша республикада  160000-ден астам әзірбайжан бар, ал Қазақстандағы әзірбайжан орталығының мәліметі бойынша шын мәнінде олардың саны  200000 адамды құрайды (15-20 жылдан астам өмір сүріп отырған қашқындарды қоса алғанда).
 
Қазақстанның халық санағының нәтижесі бойынша әзірбайжан диаспорасы халқы санының динамикасы:Кесте 2 XX – XXI ғасырдағы Қазақстандағы әзірбайжан халқы санының динамикасы [1, 2].
Фотография
1970 ж. халық санағы  бойынша Қазақстанда 56 166 әзірбайжан, 1979 ж. -  73 345, 1989 ж. – 90 083 адам өмір сүрген [1]. Әзірбайжан мигранттарының негізгі кәсібі құрылыс, қызмет көрсеті және сауда болды. Бірқатар ірі мамандар Қазақстанға жаңа өндіріс объектілерін салу, пайдалы қазба байлықтарын табу және шығару үшін келді.
1980-1990 жылдардың аяғындағы Әзірбайжандағы экономикалық және саяси ахуалдың төмендеуі әзірбайжандардың Қазақстанға жаппай көшіп келуін байқатты. Сондай-ақ Таулы Карабахтағы ұлтаралық қақтығыстар да себепші болды. Әзірбайжандардың Қазақстанға көшіп келуінде қазақ жерінде байырдан орналасқан және шағын топпен өмір сүріп жатқан әзірбайжандардың да рөлі айтарлықтай болды, олар өз Отандастарына көшіп келуге және ары қарай жұмысқа орналасуында көмек көрсетті.
Қазақстан егемендігі   елдегі этнодемографиялық жағдайдың жаппай өзгеруіне алып келді. Жекелеген этностар саны  және тұтастай алғанда ел халықы санының өзгеруі орын алды. Егемендік жылдарыда Қазақстаннан көшіп кету жағдайы Қазақстан халықтың абсолюттік санының  көпшілігінің   төмендегенін көрсетті. 1989 – 1999 жж. аралығында республикадағы әзірбайжандар саны 90 083-дан 78 325 адамға немесе 13% төмендеді.
 
Әзірбайжандардың ұлттық-мәдени бірлестіктері және олардың тілі мен мәдениетін қолдау
Өз кезегінде, Қазақстандағы демократиялық процестердің дамуы Қазақстан территориясында өмір сүріп жатқан әзірбайжандардың ұлттық даралығының дамуына септігін тигізді. Қазақстанға көшіп келгендердің этникалық танымының сақталуының бір көрінісі олардың  әзірбайжан диаспорының мәдени өміріне белсенді түрде тартылуы болып табылады. 1990-2000-ші жылдардың басында Қазақстан қалаларында  әзірбайжан тілі мен дәстүрлерін сақтау мақсатында ұлттық мәдени орталықтар құрылады. Әзірбайжан Мәдени Орталықтары еліміздегі 14 облыстың барлығында бар, Қазақстандағы әзірбайжан диаспорының 21 мәдени орталығы жұмыс істейді.  Бұл ұйымдардың қызметі мәдени-көпшілік және спорттық іс-шараларды өткізуге, оқу орындарын ашу, орыс және әзірбайжан тілдерінде басылымдарды шығаруға бағытталған. Өскелең ұрпақты тәрбиелеу мақсатында жексенбіліа мектептер ашылған, ол жерде әзірбайжан жанұяларындағы балалар халық тарихымен,   географиясымен, әдебиетімен таныстырылып, ана тілін оқиды.
Қазақстан әзірбайжандарының өміріндегі ең басты оқиғалар - Новруз Байрамын (күн мен түннің теңесуі), Әзірбайжан мәдениеті күндерін тойлау. Оның үстіне, Әзірбайжан мәдени орталықтары әзірбайжан диаспоры өкілдерін жалпықалалық мәдени-көпшілік уіс-шараларға қатыстыру арқылы олардың жергілікті қоғамға кірігуін қамтамасыз етеді.
 
Тілдік жағдай
Әзірбайжан тілі алтай тілдік тобындағы түркі тілдерінің оңтүстік-батыс тармағындағы оғыз тобына жататын тіл.  Морфологиялық құрылымы бойынша әзірбайжан тілі агглютинаті, синтетикалық тілге жатады. Лексикасы мен ішінара фонетикасы парсы және араб тілінің ықпалына ұшыраған. XX ғасырда әзірбайжан жазуы төрт рет өзгеріске ұшырады. Қазіргі кезде әзірбайжандар үш түрлі жазуды қолданады: арабша - Иранда, латынша – Әзірбайжанда және кириллицаны –  Дағыстанда (Ресей).
 
Сауалнама нәтижесі бойынша әзірбайжандардың әлеуметтік-лингвистикалық жағдайын статистикалық талдау
Этносқа жату: сауалнама алынған 331 респондент-әзірбайжан.
Этникалық таным: 274 адам (82,3%) өздерін әзірбайжан, 46 адам (13,8%) өздерін түрік, 2 респондент өздерін қазақ және талыш (0,6%), 1 адамнан. Башқұрт және курд (0,3%) деп таниды және 6 (1,8%) респонденттің мәліметі жоқ.
Әзірбайжан этносының басым көпшілігі төлқұжаты бойынша өздерін әзірбайжан дкп таниды, оның ішінде 280 адам  (97,2%) – з әзірбайжан; 2 (0,7%) – татар; 1адам. (0,4%)   – қарашай деп жазылған; ал 5-еуінің (1,8%) – мәліметі жоқ;
Әкесінің ұлты: 281 адам (84,4%) – әзірбайжан; 46 (13,8%) – түрік; 2 (0,6%) – талыш; 1-адамнан (0,3%) – күрд, қазақ, алтай және түрік-месхетин.
Анасының ұлты бойынша ол 9 ұлтты қамтыды: 226 адам (67,9%) – әзірбайжан; 54 (16,2%) – түрік; 25 (7,5%) – қазақ; 15 (4,5%) – орыс; 4 (1,2%) – балқар, 2 адамнан (0,6%) – талыш, татар, түрік-месхетин, 1 адам (0,3) якут және 2 адамның (0,6%) мәліметі жоқ.
Сауалнама алынған 331 әзірбайжанның 78% әйел және 87% ер адам этникалық таным бойынша өздерін әзірбайжан деп көрсеткен, ал 14% өздерін түрік деп таниды және кейбіреулері өздерін қазақ, күрд, талыш, башқұрт және түрік-месхетин деп көрсетті. Әкесінің ұлты 84% – әзірбайжан, бұл жерде тек қана 68% респонденттің аналары әзірбайжан этносына жатады, ол әзірбайжан-қазақ және әзірбайжан-орыс аралас некелері өте жиі кездесетіндігін айқындады. Қалған пайыздар алтай, күрд, талыш, балқар, татар, якуты, түрік, түрік-месхетиндерге тиесілі екенін көрсетті.
Балаларының ұлты:
Осындай жанұядағы 148 (44,4%) бала әзірбайжан;
10 адам (3%)  қазақ,
31 адам (9,3%) - түрік,
2 адам (0,6%) - талыш,
1 адамнан (0,3%) – түрік-месхетин, күрд және өзбек деп жазылған, ал 139-ның (41,7%) - мәліметі жоқ. Балалар, барлық жағдайларда әкесінің ұлтын қабылдаған, бірақ өздерін түрік, қазақ ұлтына жатқызатындар да кездеседі. 
Сауалнама нәтижесі мынаны көрсетті:
115 (34,5%) – тек қана на әзірбайжан тілінде;
21 (6,3%) – тек қана орыс тілінде;
8 (2,4%) – әзірбайжан және орыс тілінде;
1 (0,3%) – әзірбайжан және қазақ тілінде;
10 (3%) – қазақ және орыс тілінде;
71 (21,3%) – әзірбайжан,  орыс және қазақ тілінде;
87 (26,1%) – әзірбайжан, орыс және қазақ тілдерімен қатар басқа да түркі тілдерінде сөйлейді, ал 16-ның (4,8%) – мәліметі жоқ.
Жанұяда мектеп жасындағы балаларымен сөйлесу тілінің талдауы келесіні көрсетті: 
74 (22,2%) – тек қана әзірбайжан тілінде;
45 (13,5%) – тек қана орыс тілінде;
12 (3,6%) – тек қана қазақ тілінде;
36 (10,8%) – қазақ, орыс, әзірбайжан тілінде;
57 (17,1%) – әзірбайжан және орыс тілінде;
9 (2,7%) – әзірбайжан және қазақ тілінде;
18 (5,4%) – қазақ, орыс тілінде;
24 (7,2%) – қазақ және түрік тілінде;
9 (2,7%) – әзірбайжан, түрік тілінде;
6 (1,8%) – әзірбайжан, қазақ, орыс, түрік тілінде;
3 (0,9%) – қазақ, орыс, түрік тілінде;
2 адамнан (0,6%) – орыс және түрік тілінде; тек қана түрік тілінде; әзірбайжан, қазақ және талыш тілінде;
1 адамнан (0,3%) – орыс және татар тілінде; әзірбайжан, орыс және түрік тілінде, 31-нің (9,3%) – мәліметі жоқ.
Жанұяда үлкендермен сөйлесу тілінің талдауы: 
68 (20,4%) – тек қана аәзірбайжан тілінде;
36 (10,8%) – тек қана орыс тілінде;
6 (1,8%) – тек қана қазақ;
92 (12%) – әзірбайжан, орыс тілінде;
23 (6,9%) – қазақ, түрік тілінде;
20 (6%) – қазақ, орыс тілінде;
22 (6,6%) – қазақ, әзірбайжан, орыс тілінде; 
3 адамнан (0,9%) – қазақ, орыс, түрік тілінде; орыс және түрік тілінде;
4 (1,2%) – әзірбайжан және қазақ тілінде;
9 (2,7%) – әзірбайжан және түрік тілінде;
6 (1,8%) – тек қана түрік тілінде;
7 (2,1%) – әзірбайжан, қазақ, орыс және түрік тілінде;
1 адамнан (0,3%) - әзірбайжан, орыс және түрік тілінде; әзірбайжан және талыш тілінде; әзірбайжан, қазақ, талыш тілінде; орыс және татар тілінде; тек қана талыш тілінде; түрік тілінде, ал 25-нің (7,5%)  – мәліметі жоқ.
Басқа ұлт өкілдерімен сөйлесу тілінің талдауы: 
12 (3,6%) – тек қана әзірбайжан тілінде;
115 (34,5%) – тек қана орыс тілінде;
105 (31,5%) – қазақ және орыс тілінде;
40 (12%) – әзірбайжан және орыс тілінде;
15 (4,5%) – қазақ, орыс, әзірбайжан тілінде;
9 (2,7%) – тек қана қазақ тілінде;
1 адамнан (0,3%) – әзірбайжан, қазақ тілінде; түрік тілінде; орыс, түрік тілінде; қазақ, орыс, түрік тілінде; қазақ, түрік тілінде, 32-нің (9,6%) – мәліметі жоқ.
Тілдік бөлімнің талдауы жанұяда сөйлесу тілі әзірбайжан тілі, сонымен қатар әзірбайжан-орыс, әзірбайжан-қазақ тілі болатынын көрсетті, сондай-ақ сондай-ақ үш тілді  (әзірбайжан, орыс, қазақ) бірдей меңгеру жағдайлары да кездесті.
Жұмыста, қызмет көрсету салаларында, дәрігердің қабылдауында, нотариалдық контораларда және т.б. және басқа ұлт өкілдерімен тілдесуде орыс тілінің басымдығы көрінді, дегенмен қазақ тілі пайдаланылса да. Орыс және  әзірбайжан т ілдерін меңгеру қазақ тіліне қарағанда жоғарылау. Ол сауалнама алынған респонденттердің көпшілігінің өз балаларын орыс тілінде оқытатын мектептерге беруімен нақтыланды. Олар  орыс және әзірбайжан тілдерінде еркін сөйлейді, жазады, түсінеді, ал қазақ тіліне келгенде оларда қиындықтар туындайды. Дегенмен соңғы кездері мемлекеттік тілдің барлық салаларда белең алуына байланысты, қазақ тілін меңгерушілердің саны артып келеді.  Сонымен, сауалнама нәтижесі мынаны көрсетті:
71 адам (21,3%) – әзірбайжанском, казахском және орыс тілінде еркін сөйлейді;
64 адама (19,2%) – әзірбайжан, қазақ және орыс тілінде еркін оқиды;
58 адам (17,4%) – әзірбайжан, қазақ және орыс тілінде еркін жазады;
90 адам (27%) – әзірбайжан, қазақ және орыс тілінде еркін түсінеді;
61 адам (18,3%) – әзірбайжан, қазақ және орыс орыс тілінде газет, журнал және хабарландыруларды еркін оқи алады;
44 адам (13,2%) – әзірбайжан, қазақ және орыс тілінде лекция,  әңгіме, баяндама, телехабарлар мен радио тыңдайды;
59 адамға (17,7%) – әзірбайжан, қазақ және орыс тілінде концерт тыңдау, спектакль көру ыңғайлы;
232 адам (69,7%) – қазақ және орыс тілдеріндегі фильмдерді ана тілінде түсіндірудің қажеті жоқ деп жауап берді.
Әзірбайжандар конфессионалды қарым-қатынас бойынша мұсылмандарға жатады, оны алынған сауалнамаға берген респонденттердің жауабы көрсетті, олар исламды (84,4%) ұстанады, тек қана  1 респондент христиан дінін (0,3%) ұстанады, ал қалған респонденттер (14,4%) бұл сұраққа жауап берген жоқ.
Сауалнама қорытындысы әзірбайжандар ел экономикасының барлық салаларында жұмыс істейтінін көрсетті: 5% респондент мемлекеттік қызметте, мұғалімдер (оқытушылар) 3,6%, қызмет көрсету саласының қызметкерлері - 11%, студенттер - 10%, жұмысшылар – 15,7%,  оқушылар – 3,3%, 13,6% жұмыссыз, қалғандары 29 % - қызмет көрсету мен сауда салаларында:
52 адам (15,6%) – жұмысшы;
39 адам (11,7%) – қызмет көрсету саласының қызметкері;
12 адам (3,6%) – мұғалім;
12 адам (3,6%) – оқушы;
18 адам (5,4%) – мемлекеттік қызметкер;
46 адам (13,8%) – жұмыссыз; 
23 (6,9%) – мәліметі жоқ.
Егде жастағы респонденттердің есінде өздеріне әжелері айтып берген ертегілер мен мифтер сақталған: («Короглу», «Лейли-Меджнун», легенда «Жырттан», «Огузнаме», «Деде Горгут», легенда о «Наби», мифы «Хызыр», «Баят» и др.), ал жас ұрпақ  оларды өз дәрежесінде білмейтін болып шықты. Қазақ әдебиетімен таныстық мәселесінде өз ана тіліндегі әдебиетті білумен қарама-қарсы жағдай анықталды: жас буын өкілдері қазақ әдебиетімен аздап болса да тыныс екендігін көрсетті, себебі оқыту тіліне қарамастан барлық мектептерде қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытылады, ал аға буын өкілдері қазақ әдебиетімен жақсы таныс емес немесе мүлде білмейді.  Қазіргі кезде жоғары білімі бар әзірбайжан халқының респонденттері халық ауыз әдебиетін, сондай-ақ төл әдебиетті  жаңа технологияның (Интернеттің мүмкіндігі) көмегімен, сонымен қатар ұлттық этно-мәдени орталықтардың түрлі іс-шараларына қатысу арқылы жаңғыртуды қолға алып отыр.
Әзірбайжан халқының салт-дәстүрлері басқа да түркі халықтарынындағыдай («Новруз байрам» - Әзірбайжандағы ең басты және сүйікті мейрамдардың бірі, «Рамазан Байрамы»,сондай-ақ үйлену және баланың дүниеге келу салтына байланысты мейрамдар: «Бешик той», «Уйлену той», «Хна туну», «Шербет туну» және б.), оларды Қазақстандық әзірбайжандар да тойлайды. Әзірбайжандарда басқа түркі халықтарында жоқ «Новруз гавагы чаршамбалары», «Чаршамба» («сәрсенбі»)  секілді мейрамдар да кездеседі. «Новруз гавагы чаршамбалары» мейрамы Наурызға бір ай қалғанда тойланады, адамдар отан секіріп, өздерін тазартып отырған.
Сауалнама соңындағы «Сіз өз жауаптарыңызға тағы нені қосқыңыз келеді? Сіздің мектепте оқыту, мәдени-ағарту жұмыстары, ана тілінде кітап пен үнқағаз шығару туралы қосып-алатын ұсыныстарыңыз бар шығар?» деген сұраққа кейбір респонденттер (олар 59 адам) былай деп жауап берді:
- «Ана тілінде газеттер мени журналдар шығарылса»  – 14 адам (23,7%);
- «Еліміздің гүлденгенін қалаймын» – 6 адам (10%);
- «Қазақ тілін меңгеру дәрежесі көтерілсе» - 3 адам (5%);
  • «Қазақстанда тұрған ұнайды»  – 3 (5%);
      - «Алынған сауалнамаға рахмет айтып, осы жобаны сәтті аяқтап, денсаулық пен бақыр, сәттілік тілеуші» – 3 респондент (5%);
  • «Біздің халқымыздың мәдениеті мен тұрмысын көрсететін концерттер мен орталықтар көп болса» – 2 адам (3,4%)
  • «Қазақстанда әзірбайжан балалры ана тілінде білім алса» – 2 адам (3,4%);
- «Ана тілінде ТВ хабарларды көру мүмкіндігі болса» – 1 адам (1,7%);
- «Патриоттық тәрбиеге көп көңіл бөлінсе»- 1 адам (1,7%);
- Ешнәрсе жазбаған – 24 (41 %).
Зерттеу нәтижесі көрсетіп отырғандай, қазіргі кезеңде әзірбайжан диаспорасы өмірлік тәжірибесін көбейте, оны жаңа әлеуметтік-тарихи жағдайға сәйкестендіре отырып, тұрақты дамып келеді. Қазақстандық әзірбайжандардың көпшілігі Қазақстанды шын жүректен өз Отаны деп есептейді және оны  тастап кетейін деп жатқан жоқ.
 
Пайдаланған әдебиеттер
 
1  Алексеенко Н.В., Алексеенко А.Н. Население Қазақстан а за 100 лет (1897-1997 гг.) .- Усть-Каменогорск, 1999.- 157 с.
2  Электронный ресурс: http://stat.kz/
3  Этнографическая карта Қазақстан а (этнодемографический аспект).- Астана: РГП «Дом Дружбы – Центр по исследованию проблем межэтнических отношений», 2007.- 86 с.
4  Алексеенко Н.В. Население дореволюционного Қазақстан а.- Алма-Ата: «Наука», 1981.- 110 с.
5  Электронный ресурс: http://gazetaingosh.ro
​
Жазбекова Ж.А.

Бейне

Powered by Create your own unique website with customizable templates.